ffin.kz
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Қала тынысы
    • Саясат
    • Әлеумет
    • Өмір-өзен
    • Экономика
    • Мәдениет
    • Әлем
  • Freedom
  • Бізді де біле жүріңіз
    • Алматы құшағында
  • dddd
  • Сайлау-2023
  • Тәуелсіздік-30
    • Тәуелсіздік-30
  • Еуро-24
  • Париж-2024
  • 📰 Газет
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Қала тынысы
    • • Саясат
    • • Әлеумет
    • • Өмір-өзен
    • • Экономика
    • • Мәдениет
    • • Әлем
  • Freedom
  • Бізді де біле жүріңіз
    • • Алматы құшағында
  • dddd
  • Сайлау-2023
  • Тәуелсіздік-30
    • • Тәуелсіздік-30
  • Еуро-24
  • Париж-2024
  • АЭС: Референдум
  • Таза Қазақстан
  • Көшпенділер ойыны
  • BRT-Райымбек
  • BRT-Желтоқсан
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

Басты бет / Оқиға / «Шардара» су қоймасындағы жағдай: ТЖД күшейтілген...

«Шардара» су қоймасындағы жағдай: ТЖД күшейтілген режимге көшті

Оқиға 31.01.2023, 14:00 1,044
«Шардара» су қоймасындағы жағдай: ТЖД күшейтілген режимге көшті
Сурет: Ашық дереккөз
Облыс аумағында су тасқыны жағдайына бақылау жүргізу жұмыстары тұрақты түрде жүріп жатыр

Облыс аумағында су тасқыны жағдайына бақылау жүргізу жұмыстары тұрақты түрде жүріп жатыр


Түркістан облыстық ТЖД-нің жеке құрамы қызметі күшейтілген режимге көшірілді, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz.



«Казгидромет» РМК болжамына сәйкес, Түркістан облысы аумағында 31 қаңтар мен 3 ақпан аралығында жауын-шашын мол жауып, ауа температурасы +12 градусқа көтерілуі мүмкін. Ауа райының бұлайша күрт жылуы Сырдария өзенінің жоғарғы ағысынан келген судың көбеюі, «Шардара» су қоймасының мерзімінен бұрын толуына әкеп соғуы мүмкін. Сондай-ақ облыс аумағының таулы жоталарынан бастау алатын Арыс, Келес, Бадам, Боралдай, Ақсу, Шаян өзендерінде судың деңгейі көтеріліп, жағдайды күрделендіруі ықтимал. Сондықтан Түркістан облыстық ТЖД жеке құрамы да 28 қаңтардан бастап қызметтің күшейтілген түріне ауыстырылды», - делінген департамент хабарламасында.



Облыс аумағында су тасқыны жағдайына бақылау жүргізу жұмыстары тұрақты түрде жүріп жатыр. Соңғы аптада облыс аумағында 51 шақырым канал, 31 шақырым арық-атыздар механикалық тазартудан өткізілді. Бөген өзенінде 4,2 шақырым жаға бекіту, нығайту жұмыстары жүргізілді, Сондай-ақ 14 шақырым қашыртқы арналардың түбі тереңдетіліп, кеңейтілді. Отырар ауданы аумағындағы Сырдария өзені бойындағы қорғаныс дамбалары 10 жерінен нығайтылды. Бұл бағыттағы жұмыстар жалғасын табуда. Құм толтырылған қаптың саны 48 мыңға жеткізіліп, инертті материалдардың қоры арттырылуда. 144 дана мотопомпа дайындалды. Сырдария өзенінің ағыны күнделікті бақылауға алынды.



«Қазіргі кезде «Шардара» су қоймасында 4 млрд 409 млн текше метрден астам су жиналған. Яғни, су қоймасы 85%-ға толған. Бұл өткен жылдың тиісті кезеңімен салыстырғанда 1 млрд текше метрге артық. Ал, «Көксарай» су реттегішіне өткен жылмен салыстырғанда 1157 млн. текше метрден артық су жиналған. Сырдария өзені арқылы «Шардара» су қоймасына көрші елдерден орташа есеппен секундына 1500 текше метр су келіп, су қойманың төменгі ағысына 1111 м3/сек су шығарылуда», - деп толықтырды ұйым.


Телеграм арнаға жазылыңыз
Бөлісу:
Жүктелуде...

Көп оқылған

1

30 ЖЫЛДЫҢ 30 ЖЕТІСТІГІ

76,436 қаралым
2

Алматы SOS: коммуналдық қызметшілерге арналған ыстық шай және кондитер өнімдері

43,254 қаралым
3

Отбасы туралы мақал-мәтелдер

39,279 қаралым
4

Жас жеткіншектер - елдің ертеңі!

35,984 қаралым
5

Жастар - елдің болашағы!

34,180 қаралым
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
  • alatauaqparat@gmail.com
Copyright 2024, "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті.