Freedom Референдум
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Алматы
    • Ресми бөлім
    • Спорт
    • Керек кеңес
    • Медицина
    • Білім және ғылым
    • Заң мен тəртіп
    • Оқиға
    • Не? Қайда? Қашан?
    • Эксклюзив
    • Алматы көшелері
  • 📰 Газет
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Алматы
    • • Ресми бөлім
    • • Спорт
    • • Керек кеңес
    • • Медицина
    • • Білім және ғылым
    • • Заң мен тəртіп
    • • Оқиға
    • • Не? Қайда? Қашан?
    • • Эксклюзив
    • • Алматы көшелері
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

Басты бет / Әлеумет / Шардара су қоймасына құйылатын су көлемі екі есеге...

Шардара су қоймасына құйылатын су көлемі екі есеге артты

Әлеумет 20.05.2024, 17:22 810
Шардара су қоймасына құйылатын су көлемі екі есеге артты
Сурет: Azattyq-ruhy.kz

Қазақстан үшін мемлекетаралық деңгейде бекітілген лимиттер мен трансшекаралық су нысандары жұмысының болжамды режимі Түркістан, Қызылорда және Жамбыл облыстарының егіншілерін маусымда егіндік сумен ысырапсыз қамтамасыз етуге бағытталған.

Өзбекстан тарапымен қол жеткізілген уағдаластықтарға сәйкес Шардара су қоймасының толу көрсеткіші биыл 300 млн м3-ке ұлғайтылды және 4,8 км3 деңгейінде қалды, мамыр айындағы орташа су ағыны 350 м3/с (2023 жылы 90 м3/с) құрады, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz ҚР Премьер-министрінің ресми ақпараттық ресурсына сілтеме жасап.

Шардара су қоймасына сәуір-мамыр айларында барлығы 1,4 км3 су құйылды, бұл өткен жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 2 есеге артық.

«Достық» каналының қазақстандық бөлігіне су беру лимиті 922 млн м3 көлемінде белгіленген.

Қазақстан, Тәжікстан және Өзбекстан арасында «Бахри Точик» су қоймасының биылғы шілде-тамыз айларына арналған жұмыс режимі кестесіне қол қою пысықталып жатыр, бұл аталған екі нысанға кепілді су беруді қамтамасыз етуге мүмкіндік береді.

Қырғызстан Республикасының (Киров, Орто-Токой) су қоймаларының гидрологиялық болжамдары мен қазіргі толу көрсеткішін ескере отырып, Қазақстан үшін Талас өзені арқылы 380 млн м3 көлемінде су беру бекітілді, бұл өткен жылғы деңгейден 44 млн м3 артық.

Биыл Шу өзенінен біздің елімізге 180 млн м3 көлем су алу көзделген, бұл 2023 жылғы көрсеткіштен 26 млн м3 артық.

Қазақстандағы суармалы жердің жалпы ауданы биыл 1,5 млн га құрайды, оның негізгі бөлігі алдағы жазда ыстық әрі құрғақ ауа райы болжанып отырған оңтүстік өңірлерге тиесілі. Суару жұмыстары басталып кетті, сумен жабдықтаудың бекітілген көлемі вегетациялық кезеңнің сапалы өтуін қамтамасыз етеді деп күтіліп отыр.

Су тасқыны жағдайына байланысты еліміздің солтүстік, орталық, батыс және ішінара шығыс аймақтарында су қоймалары орта есеппен 70-тен 90%-ға дейін толтырылды. Қазақстанда барлығы 405 су қоймасы бар, олардың толық сыйымдылығының жиынтығы 14 997,9 млн м3 құрайды. Су қоймаларындағы бұл көлем ауыл шаруашылығы мен өнеркәсіпте пайдаланылады.

Республиканың суға қажеттіліктерін ескере отырып, Қызылорда, Жамбыл, Түркістан, Батыс Қазақстан және Ақмола облыстарында жаңа су қоймаларын салу жоспарланған. Бүгінде Түркістан облысында «Бәйдібек ата» су қоймасының құрылысы жүріп жатыр.

Су қоймаларын салу бойынша екі жоба мемлекеттік сараптаманың қарауында. Тағы бес нысан бойынша жобалау-сметалық құжаттама дайындалып, жақын арада сараптамаға жіберілетін болады.

Телеграм арнаға жазылыңыз
#Шардара #су қоймасы #су құю #көлемі
Бөлісу:
Жүктелуде...

Соңғы жаңалықтар

Бурабайда квадроцикл апатынан 24 жастағы қыз ауыр халде жатыр

Бүгін 10:23

Қысқы Олимпиада: бүгін жарыс жолында ел намысын кімдер қорғайды?

Бүгін 10:07

Жарты ғасырдан кейінгі жүздесу: Оралда ағайындылар 54 жылдан соң қауышты

Бүгін 09:42

Қазақстандағы орташа зейнетақының жаңа мөлшері белгілі болды

Бүгін 09:33

Үш жеңіс: алматылық жас инженерлер Central Asia FIRST Championship 2026 чемпионатында жоғары нәтиже көрсетті

Бүгін 09:11
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
  • alatauaqparat@gmail.com
Copyright 2024, "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті.