AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Құрылтай
  • Барлығы
    • Ресми бөлім
    • Спорт
    • Керек кеңес
    • Медицина
    • Білім және ғылым
    • Заң мен тəртіп
    • Оқиға
    • Не? Қайда? Қашан?
    • Эксклюзив
    • Алматы көшелері
    • Жолдау
    • Келешек мектептері
    • Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес
  • Жаңа Конституция
Қазақ Qazaq قازاق Русский
Қазақ Qazaq قازاق Русский
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Құрылтай
  • Барлығы
    • • Ресми бөлім
    • • Спорт
    • • Керек кеңес
    • • Медицина
    • • Білім және ғылым
    • • Заң мен тəртіп
    • • Оқиға
    • • Не? Қайда? Қашан?
    • • Эксклюзив
    • • Алматы көшелері
    • • Жолдау
    • • Келешек мектептері
    • • Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес
  • Жаңа Конституция
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

💱 Валюта бағамы:

Басты бет / Әлеумет / «Шаңырақтың» шаңырағын ән кернеді

«Шаңырақтың» шаңырағын ән кернеді

Әлеумет 18.10.2024, 14:26 1,767
«Шаңырақтың» шаңырағын ән кернеді
almaty-akshamy.kz

Қарттар айлығының аясында «Шаңырақ» әлеуметтік қызмет көрсету орталығында «Қарттарын қадірлеген ел ардақты» атты әдемі кеш өтті.

Бұл күні аталмыш орталыққа Алатау ауданындағы №212 мектеп-гимназияның оқушылары мен ұстаздары арнайы келіп, өз өнерлерін көрсетті. Ұстаздардың әуелете салған әсем әуені мен балалардың өнері «Шаңырақ» әлеуметтік қызмет көрсету орталығында тұрып жатқан 302 қарияның көңілін көтеріп, оларды бір серпілтіп тастады.

«Біртұтас тәрбие бағдарламасы» аясында ұйымдастырылған шараның басты мақсаты – ұлттық құндылықтарымызды дәріптеу және қарияларымызды құрметтеу. Сонымен қатар, жас ұрпақ бойына адамгершілік, отансүйгіштік, ізгілік сияқты адами қасиеттерді сіңіріп, оларды имандылыққа тәрбиелеу болды.

– Қарияларымыздың көңілі көтеріліп, қуанып қалды. Оқушыларымыздың орындаған әндері мен билері қариялардың көңілінен шығып, олардан ақ баталарын алдық. Осындай шаралар арқылы біз де жас ұрпақ бойына ұлттық құндылықтарды сіңіруге тырысамыз. Сонымен қатар, мектеп мұғалімдері қайырымдылық танытып, 200 мың теңгеге қарияларға қажетті дәрі-дәрмектерді әкеліп бердік. Біз ағымдағы оқу жылында жұмысын бастаған жаңа мектеппіз. Соған қарамастан, біз қала өміріндегі барлық іс-шараларға белсене қатысып жатырмыз. Мәселен, Жамбыл ауданындағы Ұзынағаш өнер мектебімен ынтымақтастық жөніндегі меморандумға қол қойдық. Олар да бүгін келіп, өнерлерін көрсетуде, – дейді №212 мектеп директорының бейіндік оқыту жөніндегі орынбасары Арай Өмірбекқызы.

Телеграм арнаға жазылыңыз
#қала #қарттар #шаңырақ
Бөлісу:
Жүктелуде...

Соңғы жаңалықтар

Алматы қаласындағы Almaty Theatre сахнасында «Cinema Hits» концерттік жобасы өтті

Кеше 19:04

«Әзірет Сұлтан» музейі Ясауи тағылымын анимация арқылы танытты

Кеше 17:15

Алматыда 1,2 тоннаға жуық мерзімі өткен дәрі-дәрмек жиналып, қауіпсіз жолмен жойылды

Кеше 16:24

Қазақстан Халық Кеңесі Батыс Қазақстан облысында  «Жаңа қоғамдық этика: мәдениет, әдеп, әдет» республикалық форумын өткізді

Кеше 15:53

Алматыда туризмді дамытуға қосқан үлесі үшін ICONIC Tourism Award сыйлығы алғаш рет табысталады

Кеше 14:45
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Alatau Aqparat" медиахолдингі

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Жазылу
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
Copyright 2026, "Alatau Aqparat" медиахолдингі
Яндекс.Метрика
// SMI24 виджет setTimeout(function() { if (typeof Smi24 !== 'undefined') { Smi24.init('[data-smi-widget-id="130"]'); } }, 1500);