AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Барлығы
    • Ресми бөлім
    • Спорт
    • Керек кеңес
    • Медицина
    • Білім және ғылым
    • Заң мен тəртіп
    • Оқиға
    • Не? Қайда? Қашан?
    • Эксклюзив
    • Алматы көшелері
    • Жолдау
    • Келешек мектептері
  • Жаңа Конституция
Қазақ Qazaq قازاق Русский
Қазақ Qazaq قازاق Русский
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Барлығы
    • • Ресми бөлім
    • • Спорт
    • • Керек кеңес
    • • Медицина
    • • Білім және ғылым
    • • Заң мен тəртіп
    • • Оқиға
    • • Не? Қайда? Қашан?
    • • Эксклюзив
    • • Алматы көшелері
    • • Жолдау
    • • Келешек мектептері
  • Жаңа Конституция
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

💱 Валюта бағамы:

Басты бет / БЕЙЖІҢ - 2022 / Шаңғы жарысы мен биатлоннан Қазақстан командасы жа...

Шаңғы жарысы мен биатлоннан Қазақстан командасы жаттығуға кірісті

БЕЙЖІҢ - 2022 01.02.2022, 15:01 1,153
Шаңғы жарысы мен биатлоннан Қазақстан командасы жаттығуға кірісті
Сурет: Bnr.bg

Олардың жарысы Чжанцзякоуда өтеді.


Шаңғымен жарысу және биатлоннан Қазақстан командасы Қытайдағы Чжанцзякоу кластерінде жаттығуға кірісті, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz Olympic.kz cілтеме жасап. 


Спортшылар соңғы жаттығу жиындарын шетелдерде өткізді, сондықтан Қытайға дейінгі сапар барысында барлық қауіпсіздік шараларын сақталды. Биатлоншылар Бейжіңге Стамбулдан келді. 



«Бізде бәрі жақсы. Ұшу уақыты 20 сағаттан асты. Ұшып келген бойда ПТР тест тапсырып, олимпиадалық ауылға аттандық. Біздің спорт түрінен жарыс Чжанцзякоуда өтеді, сондықтан мұнда автобуспен келдік. Жолға шамамен бес сағат кетті. Қазіргі таңда біз мұнда жайғасып үлгердік. Әрине, 20 градус салқын, қатты жел де бар. Бірінші жаттығуымыз бүгін басталады», - дейді биатлоншы Владислав Киреев. 



Осы рейспен Бейжіңге шаңғышылар да келді. Олар да таулы аймақ Чжанцзякоуда сынға түседі. 



«Бейжіңге жеткенше ұзақ жолды артқа тастадық. Қытайға Миланнан Стамбул арқылы жеттік. Кейін олимпиадалық ауылға төрт жарым сағат жол жүрдік. Қытай тарапының өте жоғары деңгейде дайындалғаны көрініп тұр. Тек бәрінің арнайы киіммен жүргені көзге ерекше көрінеді. Олимпиадалық ауылға келген бойда бізді орналастырып, жайғастырды. Бәрі де қолжетімді. Стадионға дейін әр 15 минуттан автобустар жүріп жатыр. Айтпақшы, жарыс жолы өте қиын. Шаңғымен жаттығу жасап үлгердік, трассамен таныстық. Команда жоспар бойынша дайындалып жатыр. Тағы да атап өткім келеді, ұйымдастыру өте жоғары деңгейде. Қытайлықтардың қонақжайлығы да байқалып тұр»,- дейді команда бас бапкері Александр Батяйкин. 



 

Телеграм арнаға жазылыңыз
#Қазақстан #Қытай #спорт #олимпиада
Бөлісу:
Жүктелуде...

Соңғы жаңалықтар

Алматылықтар 36 литрден астам қан тапсырды

Бүгін 18:39

Алматы түркі әлемін біріктіреді: Түркияның жастар делегациясы оңтүстік астанаға келді

Бүгін 18:34

Алматы мәслихатының депутаттары 2025 жылғы бюджеттің атқарылуын қарап, 2026–2028 жылдарға арналған бюджетті нақтылауды қолдады

Бүгін 18:30

Алматыда ірі инфрақұрылымдық және әлеуметтік жобалар жүзеге асырылып келеді

Бүгін 17:57

Қазақстандық ғалым әлемдік стоматологияға жаңа көзқарас ұсынуда

Бүгін 17:51
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Alatau Aqparat" медиахолдингі

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Жазылу
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
Copyright 2026, "Alatau Aqparat" медиахолдингі
Яндекс.Метрика
// SMI24 виджет setTimeout(function() { if (typeof Smi24 !== 'undefined') { Smi24.init('[data-smi-widget-id="130"]'); } }, 1500);