AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Құрылтай
  • Барлығы
    • Ресми бөлім
    • Спорт
    • Керек кеңес
    • Медицина
    • Білім және ғылым
    • Заң мен тəртіп
    • Оқиға
    • Не? Қайда? Қашан?
    • Эксклюзив
    • Алматы көшелері
    • Жолдау
    • Келешек мектептері
    • Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес
  • Жаңа Конституция
Қазақ Qazaq قازاق Русский
Қазақ Qazaq قازاق Русский
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Құрылтай
  • Барлығы
    • • Ресми бөлім
    • • Спорт
    • • Керек кеңес
    • • Медицина
    • • Білім және ғылым
    • • Заң мен тəртіп
    • • Оқиға
    • • Не? Қайда? Қашан?
    • • Эксклюзив
    • • Алматы көшелері
    • • Жолдау
    • • Келешек мектептері
    • • Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес
  • Жаңа Конституция
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

💱 Валюта бағамы:

Басты бет / Әлеумет / Шамиль Аляутдинов: Вакцинаны нәжіске теңеу – құран...

Шамиль Аляутдинов: Вакцинаны нәжіске теңеу – құран тұрғысынан алғанда ақымақтық

Әлеумет 09.08.2021, 09:36 1,640
Шамиль Аляутдинов: Вакцинаны нәжіске теңеу – құран тұрғысынан алғанда ақымақтық
Сурет: Тrillioner.life

Вакцинаға қатысты пікір білдірді.


ҚазАқпарат дерегінше, Ресейдегі Мәскеу мемориалдық мешітінің имамы Шамиль Аляутдинов тележүргізуші Динара Сатжанмен өткізген Instagram-дағы тікелей эфир кезінде вакцинаны нәжіске теңеп жүрген «уағызшылар» туралы пікір білдірді, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz.



«Біздің заман – интернеттің заманы болып тұр. Ал интернет сауаты жоқ адамдарға үн қату мүмкіндігін беріп отыр. Өткенде Ресейдің еңбек өтілі 15-20 жылдан асқан діни ғалымдары Каирде халықаралық конференцияға қатысып қайттық. Сол кезде араб ғалымдары да айтып отыр. Қазір интернетте сауатсыз уағызшылар қаптап жүр. Олардың құдайды тану ілімі терең болмаса да, тілдері шешен. Бірнеше хадис пен аятты жаттап алып, соның көмегімен елді аузына қаратады. Мысалға вакцинаны алсақ, оған қарсы немесе қолдайтын ұстанымды таңдап алады да, діни теориядан үзіндіні қиып алып, соны түрлі жолмен таратып, айналдырады. Осының көмегімен оқырмандарын көбейтіп, тобырдың көңіл күйіне ойнайды. Ал ресми дін өкілдері өйтіп тобырдың, халықтың көңіл-күйіне ойнай алмайды. Олардың басты міндеті – ағарту», - деді мәскеулік имам.




Оның пікірінше, діни қызметкер интернет арқылы ислам құндылықтарын бұрмалап түсіндірушілердің көбеюіне нағыз діни білім иелерінің әлеуметтік желіге шығуға уақыты болмайтыны да әсер етіп отырғанын айтты.



«Ең беделді, ең сауатты діни қызметкерлер интернетте танымал емес. Олар кітап шығарып, дәріс оқуы мүмкін. Бірақ интернетте танымал емес. Бұл өте үлкен проблема. Интернет өте көп уақыт пен күшті, белгілі бір қабілеттерді қажет етеді. Біз қазір сондай бір кезеңді бастан өткеріп жатырмыз. Медицина ілімінде, құдайды тану ілімінде осы интернеттегі көргенсіздікті жеңе аламыз ба, жоқ па деген мәселе туындап тұр», - дейді имам.



Сонымен қатар, ол вакцинаны нәжіске теңеу құранның ешбір аяты мен сүресіне де қайшы екенін айтты.



«Қолдан өсірген шейхтер» адамдардың эмоциясына ойнап, түрлі тыйымдарды ойлап тауып жатыр. Оның қуатын елестете де алмайсыз. Бұл нағыз ақпараттық бомба. Вакцина –деген нәжіс деп тыйым айта салады. Оны іліп әкетіп таратады. Бір сәттің ішінде қаралым 100 мың, миллион боп өседі. Ал мазмұнында құраннан алған бір де бір аргумент жоқ. Бастан-аяқ ойдан шығарылған. Мұндай жанама, жалған тыйымдармен кез келген дүниеге тыйым салып тастауға болады. Вакцинаны нәжіске теңеу – құранның да, сүннеттің де қағидаттарымен алып қарағанда, ақымақтық. Кім ойдан шығарса да, дәл уақытында ойлап шығарған. Аузыңнан шыққан сөзді адамдар көріп, қызу талқылап жатса, әдемі шығар. Бірақ бұл өтірік», - деді Шамиль Аляутдинов.








Телеграм арнаға жазылыңыз
#Вакцинана #теңеу #ақымақтық
Бөлісу:
Жүктелуде...

Соңғы жаңалықтар

Алматы қаласындағы Almaty Theatre сахнасында «Cinema Hits» концерттік жобасы өтті

Кеше 19:04

«Әзірет Сұлтан» музейі Ясауи тағылымын анимация арқылы танытты

Кеше 17:15

Алматыда 1,2 тоннаға жуық мерзімі өткен дәрі-дәрмек жиналып, қауіпсіз жолмен жойылды

Кеше 16:24

Қазақстан Халық Кеңесі Батыс Қазақстан облысында  «Жаңа қоғамдық этика: мәдениет, әдеп, әдет» республикалық форумын өткізді

Кеше 15:53

Алматыда туризмді дамытуға қосқан үлесі үшін ICONIC Tourism Award сыйлығы алғаш рет табысталады

Кеше 14:45
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Alatau Aqparat" медиахолдингі

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Жазылу
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
Copyright 2026, "Alatau Aqparat" медиахолдингі
Яндекс.Метрика
// SMI24 виджет setTimeout(function() { if (typeof Smi24 !== 'undefined') { Smi24.init('[data-smi-widget-id="130"]'); } }, 1500);