AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Құрылтай
  • Барлығы
    • Ресми бөлім
    • Спорт
    • Керек кеңес
    • Медицина
    • Білім және ғылым
    • Заң мен тəртіп
    • Оқиға
    • Не? Қайда? Қашан?
    • Эксклюзив
    • Алматы көшелері
    • Жолдау
    • Келешек мектептері
    • Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес
  • Жаңа Конституция
Қазақ Qazaq قازاق Русский
Қазақ Qazaq قازاق Русский
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Құрылтай
  • Барлығы
    • • Ресми бөлім
    • • Спорт
    • • Керек кеңес
    • • Медицина
    • • Білім және ғылым
    • • Заң мен тəртіп
    • • Оқиға
    • • Не? Қайда? Қашан?
    • • Эксклюзив
    • • Алматы көшелері
    • • Жолдау
    • • Келешек мектептері
    • • Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес
  • Жаңа Конституция
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

💱 Валюта бағамы:

Басты бет / Мәдениет / «Шам түбіндегі шындық»

«Шам түбіндегі шындық»

Мәдениет 27.03.2025, 10:41 917
«Шам түбіндегі шындық»
Сурет: Gov.kz

«Қазақстан» телерадиокорпорациясы ұлттық мәдениет пен өнер тарихынан сыр шертетін  «Шам түбіндегі шындық» жаңа тарихи-драмалық телехикаясын ұсынады.

Телехикая Қазақ театрының 100 жылдығына арналған. Үш бөлімді сериал арқылы көрермендер сол кездегі астана Қызылорда қаласында 1925 жылы құрылған тұңғыш ұлттық қазақ театрының тарихымен, өнер ордасының Алматыға көшірілуі кезіндегі көрнекті режиссер Жұмат Шаниннің еңбегімен танысады, деп хабарлайды aqshamnews.kz.

Тарихи телехикаяда 1927 жылы Мәскеуде өткен этнографиялық концерттегі қазақ зиялыларының  өнер көрсетуі және сол кездегі Қалыбек Қуанышбаев, Әміре Қашаубаев, Күләш Байсейітова, Серке Қожамқұлов бастаған қазақ делегациясы құрамындағы қайраткерлердің рөлі жан-жақты көрсетіледі.

Телехикаяның қоюшы-режиссері – Жасұлан Пошанов. Басты рөлдегі Жұмат Шаниннің жас кезін Ғалым Оспанов, есейген шағын Азамат Есқұлов ойнайды. Серке Қожамқұловтың бейнесін Жандәулет Батай, Әміре Қашаубаевты Біржан Бәзілжанов, Қалыбек Қуанышбаевты Алмас Шаяхметов сомдайды. Ал Күләш Байсейітованың рөлінде көрермен Инабат Ризабекованы көре алады.

Тарихи оқиғалармен қайта қауыштыратын телехикая «Qazaqstan» телеарнасының эфирінен 27 наурыздан бастап көрсетіледі.

Телеграм арнаға жазылыңыз
#Шам түбіндегі шындық #тарихи-драмалық телехикая
Бөлісу:
Жүктелуде...

Соңғы жаңалықтар

Алматы қаласындағы Almaty Theatre сахнасында «Cinema Hits» концерттік жобасы өтті

Бүгін 19:04

«Әзірет Сұлтан» музейі Ясауи тағылымын анимация арқылы танытты

Бүгін 17:15

Алматыда 1,2 тоннаға жуық мерзімі өткен дәрі-дәрмек жиналып, қауіпсіз жолмен жойылды

Бүгін 16:24

Қазақстан Халық Кеңесі Батыс Қазақстан облысында  «Жаңа қоғамдық этика: мәдениет, әдеп, әдет» республикалық форумын өткізді

Бүгін 15:53

Алматыда туризмді дамытуға қосқан үлесі үшін ICONIC Tourism Award сыйлығы алғаш рет табысталады

Бүгін 14:45
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Alatau Aqparat" медиахолдингі

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Жазылу
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
Copyright 2026, "Alatau Aqparat" медиахолдингі
Яндекс.Метрика
// SMI24 виджет setTimeout(function() { if (typeof Smi24 !== 'undefined') { Smi24.init('[data-smi-widget-id="130"]'); } }, 1500);