AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Барлығы
    • Ресми бөлім
    • Спорт
    • Керек кеңес
    • Медицина
    • Білім және ғылым
    • Заң мен тəртіп
    • Оқиға
    • Не? Қайда? Қашан?
    • Эксклюзив
    • Алматы көшелері
    • Жолдау
    • Келешек мектептері
  • Жаңа Конституция
Қазақ Qazaq قازاق Русский
Қазақ Qazaq قازاق Русский
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Барлығы
    • • Ресми бөлім
    • • Спорт
    • • Керек кеңес
    • • Медицина
    • • Білім және ғылым
    • • Заң мен тəртіп
    • • Оқиға
    • • Не? Қайда? Қашан?
    • • Эксклюзив
    • • Алматы көшелері
    • • Жолдау
    • • Келешек мектептері
  • Жаңа Конституция
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

💱 Валюта бағамы:

Басты бет / Әлеумет / Шаһардағы барлық мектепке бейнекамера орнатылады

Шаһардағы барлық мектепке бейнекамера орнатылады

Әлеумет 31.08.2022, 05:58 1,148
Шаһардағы барлық мектепке бейнекамера орнатылады
Сурет: Digital.report

Қаладағы 207 жалпы білім беру мекемесі бейнебақылау жүйесімен жабдықталған.


Алматы полицейлері қаладағы барлық мектепке бейнекамера орнатылатынын айтты, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz ҚазАқпаратқа сілтеме жасап.


Алматыда қалалық полиция департаментінің бастығы Арыстанғани Заппаровтың төрағалығымен жиын өтті. Кеңес барысында полицейлер мектеп оқушыларының қауіпсіздігін талқылады.
Арыстанғани Заппаровтың айтуынша, Алматыдағы барлық 207 жалпы білім беру мекемесі бейнебақылау жүйесімен жабдықталған.



«Мектеп оқушыларының қауіпсіздігі білім беру мекемелері әкімшілігінің басты міндеті екендігі сөзсіз, бірақ біз де шетте қалмауымыз керек. Балалардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету маңызды бағыттардың бірі екендігін және осы бағытта жұмыс істеуіміз қажеттігін атап өткім келеді. Қалада 207 жалпы білім беру мекемесі бар, олардың барлығы бейнебақылау жүйесімен жабдықталған, яғни 4 960 бейнекамера орнатылды. Әрине, мектептерде бейнебақылау камераларының болуы құқық бұзушылықтың алдын алуға оң әсерін тигізеді, ал олардың Жедел басқару орталығына қосылуы заңсыз сипаттағы түрлі көріністерге жедел ден қоюға мүмкіндік береді», – деді Арыстанғани Заппаров.



Сонымен қатар, ол мектептердің террористік тұрғыдан осал ұйымдардың тізіміне енгізілгенін еске салды. Сондықтан білім мекемелерін тәжірибесі де, материалдық ресурстары да бар, қызметкерлерді оқытуға қатаң талаптар қоятын күзет компаниялары қорғауы керек.



«Абырой болғанда, былтырғы оқу жылында мектептерде ешқандай құқықбұзушылық болған жоқ. Мектеп оқушылары арасындағы қылмыс деңгейінің төмендеу тенденциясын жалғастыру үшін, есепте тұрған қиын жасөспірімдермен және олардың ата-аналарымен мақсатты жұмысты жалғастыру қажет. Құқықбұзушылық пен өз-өзіне қол жұмсауға бейім жасөспірімдерді анықтау, қажетті мамандарды тарта отырып, олармен жеке профилактикалық жұмыстарды жүргізу жұмыстарын жалғастыру. Тағы бір айта кетерлігі, оқу жылының басталу қарсаңында мектептер маңында көлік қозғалысы қиындайды. 31 мыңнан астам бүлдіршін бірінші сыныпқа барады. Біз олардың қауіпсіздігін тиісті деңгейде қамтамасыз ету үшін бар күш-жігерімізді салуымыз керек», – деді ол.



Айта кетейік, Алматы полициясы жазғы демалыс кезінде «Демалыс», «Жасөспірім» және «Түнгі қаладағы балалар» атты үш ауқымды іс-шара жүргізді, нәтижесінде кәмелетке толмағандардың үйлерінен тыс жерде жүруінің 2 мыңнан астам дерегі анықталды.

Телеграм арнаға жазылыңыз
#Алматы #мектеп #камера #полиция
Бөлісу:
Жүктелуде...

Соңғы жаңалықтар

Алматыда «Қазақстанның үздік тауары» таңдалады

Бүгін 16:23

Асанәлі Әшімов театрында «Мұғалім» драмасының премьерасы өтеді

Бүгін 15:55

Қазақстан өңірлер экономикасын қалай дамытып жатыр?

Бүгін 15:24

Алматыдағы «Жан-Сая» дағдарыс орталығында 3,4 мыңнан астам адам көмек алды

Бүгін 14:38

Алматыда пәтер ұрлығы азайды

Бүгін 12:25
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Alatau Aqparat" медиахолдингі

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Жазылу
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
Copyright 2026, "Alatau Aqparat" медиахолдингі
Яндекс.Метрика
// SMI24 виджет setTimeout(function() { if (typeof Smi24 !== 'undefined') { Smi24.init('[data-smi-widget-id="130"]'); } }, 1500);