AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Барлығы
    • Ресми бөлім
    • Спорт
    • Керек кеңес
    • Медицина
    • Білім және ғылым
    • Заң мен тəртіп
    • Оқиға
    • Не? Қайда? Қашан?
    • Эксклюзив
    • Алматы көшелері
    • Жолдау
    • Келешек мектептері
  • Жаңа Конституция
Қазақ Qazaq قازاق Русский
Қазақ Qazaq قازاق Русский
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Барлығы
    • • Ресми бөлім
    • • Спорт
    • • Керек кеңес
    • • Медицина
    • • Білім және ғылым
    • • Заң мен тəртіп
    • • Оқиға
    • • Не? Қайда? Қашан?
    • • Эксклюзив
    • • Алматы көшелері
    • • Жолдау
    • • Келешек мектептері
  • Жаңа Конституция
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

💱 Валюта бағамы:

Басты бет / Әлеумет / Шаһарда әлеуметтік инфрақұрылым қалай дамып жатыр?

Шаһарда әлеуметтік инфрақұрылым қалай дамып жатыр?

Әлеумет 01.12.2023, 06:58 1,055
Шаһарда әлеуметтік инфрақұрылым қалай дамып жатыр?
Сурет: Almaty-akshamy.kz

Жаңа мектептер салу және колледждерді жөндеу


200 адамға арналған интернаты бар Абай атындағы 900 орындық жаңа мектепті 2023 жылға арналған бюджетті нақтылау және білім беру саласын қаржыландыруды ұлғайту аясында Дарын-1 шағын ауданына салу жоспарлануда, деп хабарлады Қаржы басқармасының басшысы Қанат Сухамбеков мәслихаттың кезектен тыс XI сессиясында. Жаңа оқу орнының ерекшелігі қазақ тілін тереңдетіп оқытуында болмақ, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz.


Әлеуметтік инфрақұрылымды дамыту жөніндегі жобаларды қаланың түрлі аудандарында жүзеге асыру жоспарланған. Мәселен, 8 мемлекеттік колледжде ағымдағы жөндеу бойынша жұмыстар жүргізіледі, ал 2 қолданыстағы колледжде – құрылыс және халық кәсіпшілігі, сондай-ақ технологиялар мен флористика колледжі материалдық-техникалық жағынан жаңартады. Бұл мақсатқа 1,3 млрд теңге бөлінеді. 


Оқушылар үшін қолайлы жағдай жасау бойынша жұмыстар жүргізілуде: Нұркент шағын ауданындағы №201 мектепте 450 орындық қосымша құрылыс салу жоспарлануда, Бостандық ауданындағы Орбита шағын ауданында №145 мектеп ғимаратын сейсмикалық күшейту және күрделі жөндеу жұмыстары аяқталып келеді, басқа да рухани-білім беру нысандарын жабдықтауға қаражат бөлініп отыр. 



«Даму бағдарламасы мақсатының бірін іске асыру аясында білім беру нысандарына қолжетімділікті арттыру үшін сахна тетіктерін, үлкен концерт залына арналған дыбыстық және жарық жабдықтарын толық ауыстыру және Оқушылар сарайының балалар музыка мектебі үшін музыкалық жабдықтар мен оқу жиһаздарын сатып алу бойынша жұмыстарды жүргізуге 1,3 млрд теңге сомасында қаражат көзделген», - деді Қанат Сухамбеков.



Бұған қоса, 3 мемлекеттік мектепте «Алматы қаласы оқушыларының денсаулығын басқару» пилоттық жобасын енгізу жоспарланып отыр. Ол оқушылардың денсаулығын сақтауға және нығайтуға бағытталған және теңдестірілген мәзір құруға арналған. Бұл мақсаттарға 1,3 млрд теңге көлемінде қаражат көзделген. Жалпы, әлеуметтік сала бюджетінің шығыс бөлігі 6,1 млрд теңгеге ұлғайды.

Телеграм арнаға жазылыңыз
#әлеуметтік инфрақұрылым #Алматы #мектептер #Колледждер
Бөлісу:
Жүктелуде...

Соңғы жаңалықтар

Қазақстанда 2029 жылға дейінгі «Digital Qazaqstan» Жалпыұлттық стратегиясы қабылданды

Бүгін 19:12

Алматылықтар 36 литрден астам қан тапсырды

Бүгін 18:39

Алматы түркі әлемін біріктіреді: Түркияның жастар делегациясы оңтүстік астанаға келді

Бүгін 18:34

Алматы мәслихатының депутаттары 2025 жылғы бюджеттің атқарылуын қарап, 2026–2028 жылдарға арналған бюджетті нақтылауды қолдады

Бүгін 18:30

Алматыда ірі инфрақұрылымдық және әлеуметтік жобалар жүзеге асырылып келеді

Бүгін 17:57
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Alatau Aqparat" медиахолдингі

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Жазылу
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
Copyright 2026, "Alatau Aqparat" медиахолдингі
Яндекс.Метрика
// SMI24 виджет setTimeout(function() { if (typeof Smi24 !== 'undefined') { Smi24.init('[data-smi-widget-id="130"]'); } }, 1500);