AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Барлығы
    • Ресми бөлім
    • Спорт
    • Керек кеңес
    • Медицина
    • Білім және ғылым
    • Заң мен тəртіп
    • Оқиға
    • Не? Қайда? Қашан?
    • Эксклюзив
    • Алматы көшелері
    • Жолдау
    • Келешек мектептері
  • Жаңа Конституция
Қазақ Qazaq قازاق Русский
Қазақ Qazaq قازاق Русский
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Барлығы
    • • Ресми бөлім
    • • Спорт
    • • Керек кеңес
    • • Медицина
    • • Білім және ғылым
    • • Заң мен тəртіп
    • • Оқиға
    • • Не? Қайда? Қашан?
    • • Эксклюзив
    • • Алматы көшелері
    • • Жолдау
    • • Келешек мектептері
  • Жаңа Конституция
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

💱 Валюта бағамы:

Басты бет / Барлығы / Шағын және орта бизнес Алматы экономикасының негіз...

Шағын және орта бизнес Алматы экономикасының негізгі драйвері болып қала береді – Дархан Сатыбалды

Барлығы 17.12.2025, 14:55 619 Сұлу
Шағын және орта бизнес Алматы экономикасының негізгі драйвері болып қала береді – Дархан Сатыбалды
Алматы әкімдігі

Орталық коммуникациялар қызметінің алаңында өткен брифинг барысында Алматы қаласының әкімі Дархан Сатыбалды шағын және орта бизнестің мегаполис экономикасындағы зор үлесін, сондай-ақ туристік саланың дамуындағы оң серпінді атап өтті.

"Шағын және орта бизнес Алматы экономикасының негізгі драйвері болып қала береді. Бұл сектор жалпы өңірлік өнімнің шамамен 60%-ын және жергілікті бюджетке түсетін кірістердің басым бөлігін қамтамасыз етіп отыр. Қаладағы еңбекке қабілетті халықтың шамамен 90%-ы, яғни 1 миллионнан астам адам шағын және орта бизнес саласында жұмыспен қамтылған. Жұмыс істеп тұрған шағын және орта бизнес субъектілерінің саны 9,4%-ға өсіп, 387 мыңға жетті. Ал өндірілген өнім көлемі 21%-ға артып, 2025 жылдың бірінші жартыжылдығының қорытындысы бойынша 13,2 трлн теңгеге жетті», – деді Алматы қаласының әкімі.

Дархан Сатыбалдының айтуынша, кәсіпкерлікті қолдау және оны одан әрі дамыту мақсатында 2025 жылы бюджеттен 50,8 млрд теңге бөлініп, 1 мыңнан астам жобаға қолдау көрсетілді. Аталған шаралар іскерлік белсенділікті кеңейтуге, жаңа жұмыс орындарын құруға және қаланың экономикалық тұрақтылығын арттыруға бағытталған.

Брифинг барысында Дархан Сатыбалды Алматының жетекші туристік бағыттардың бірі ретіндегі позициясын нығайтып келе жатқанын атап өтті. CNN Travel нұсқасы бойынша мегаполис 2025 жылы әлемдегі ең үздік 25 туристік бағыттың қатарына енді.

"Биылғы 9 айда қаламызға 1,9 млн турист келді, оның ішінде 563 мың адам – шетелдік қонақтар. Көрсетілген туристік қызмет көлемі 17,4%-ға артып, 82,4 млрд теңгеге жетті. Бұл көрсеткіштер қаланың тартымдылығы артып, туристік инфрақұрылымның жүйелі түрде дамып келе жатқанын айқын көрсетеді», – деп сөзін түйіндеді Дархан Сатыбалды.

Телеграм арнаға жазылыңыз
#Алматы #Дархан Сатыбалды #экономика #қорытынды
Бөлісу:
Жүктелуде...

Соңғы жаңалықтар

Алматыда пәтер ұрлығы азайды

Бүгін 12:25

Алматы полициясы жүк тасымалына бақылауды күшейтті

Бүгін 11:12

Алматыға әлемге әйгілі Cirque du Soleil труппасы келді

Бүгін 11:08

Алматы мен Сиань туристік байланысты нығайтып келеді

Бүгін 11:05

Алматыдағы Мәдениет шағын ауданында суық су өшіріледі

Бүгін 10:08
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Alatau Aqparat" медиахолдингі

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Жазылу
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
Copyright 2026, "Alatau Aqparat" медиахолдингі
Яндекс.Метрика
// SMI24 виджет setTimeout(function() { if (typeof Smi24 !== 'undefined') { Smi24.init('[data-smi-widget-id="130"]'); } }, 1500);