ffin.kz
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Қала тынысы
    • Саясат
    • Әлеумет
    • Өмір-өзен
    • Экономика
    • Мәдениет
    • Әлем
  • Freedom
  • Бізді де біле жүріңіз
    • Алматы құшағында
  • dddd
  • Сайлау-2023
  • Тәуелсіздік-30
    • Тәуелсіздік-30
  • Еуро-24
  • Париж-2024
  • 📰 Газет
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Қала тынысы
    • • Саясат
    • • Әлеумет
    • • Өмір-өзен
    • • Экономика
    • • Мәдениет
    • • Әлем
  • Freedom
  • Бізді де біле жүріңіз
    • • Алматы құшағында
  • dddd
  • Сайлау-2023
  • Тәуелсіздік-30
    • • Тәуелсіздік-30
  • Еуро-24
  • Париж-2024
  • АЭС: Референдум
  • Таза Қазақстан
  • Көшпенділер ойыны
  • BRT-Райымбек
  • BRT-Желтоқсан
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

Басты бет / Алматы / Сертификат табысталды

Сертификат табысталды

Алматы 10.07.2025, 17:03 571
Сертификат табысталды
Сурет: автор
Алматыда  парсы тілін оқыту курсын сәтті аяқтаған қатысушылар  сертификатқа ие болды.  Аталмыш курс «Ғылым ордасы»  мен  Иран Ислам Республикасының Бас консулдығы жанындағы «Мәдени орталықтың» ...

Алматыда  парсы тілін оқыту курсын сәтті аяқтаған қатысушылар  сертификатқа ие болды.  Аталмыш курс «Ғылым ордасы»  мен  Иран Ислам Республикасының Бас консулдығы жанындағы «Мәдени орталықтың»  өзара ынтымақтастық туралы меморандум аясында ұйымдастырылған еді. Сертификатты табыс ету салтанатына   «Ғылым ордасы»  Бас директоры Ұлар Мұқажанов, директордың орынбасары Азамат Нұршанов, Иран Ислам Республикасының Алматы қаласындағы Бас консулы Суна Ахмади, Бас консулдық жанындағы Мәдени өкілдіктің басшысы Хұсейн Ағазаде қатысты.

Салтанатты жиында сөз алған Ұлар Мұқажанов  Қазақстан мен Иран арасындағы ынтымақтастықтың маңыздылығына тоқталды.

Екі ел арасында әріптестік орнатылып, сирек кітаптар мен қолжазба деректерді реставрациялау және консервациялау салаларында кәсіби тәжірибе алмасу, ғылыми зерттеулер жүргізу, кадр даярлау бағытында меморандумдарға қол қойылды.  Бұл бастамалар халықаралық мәдени ынтымақтастықты тереңдетіп, Ғылым ордасының қызметін жаңа деңгейге көтеруге бағытталған.  Сонымен қатар, мекеме қызметкерлеріне тегін тілдік курстар ұйымдастырылып, олардың кәсіби әлеуетін арттыру, тәжірибе алмасуға жағдай жасау көзделіп отыр. Бұл қадам Қазақстан мен Иран арасындағы рухани байланысты нығайтуға тың серпін беретіні сөзсіз», – деді.

Иран Ислам Республикасы консулдығының өкілдері Суна Ахмади мен Хұсейн Ағазаде Қазақстан мен Иран арасындағы мәдени және білім беру салаларындағы ынтымақтастықтың тұрақты түрде дамып келе жатқанын тілге тиек етті.

Курс тыңдаушылары көрсетілген қолдау мен мүмкіндіктер үшін Иран Мәдени орталығы мен Ғылым ордасына алғыстарын білдіріп, парсы тілінде өлеңдер оқып, «Эй Иран» және «Буйе джуие мулион ойәд һами» атты әнді орындады.  

Телеграм арнаға жазылыңыз
Бөлісу:
Жүктелуде...

Көп оқылған

1

30 ЖЫЛДЫҢ 30 ЖЕТІСТІГІ

76,433 қаралым
2

Алматы SOS: коммуналдық қызметшілерге арналған ыстық шай және кондитер өнімдері

43,251 қаралым
3

Отбасы туралы мақал-мәтелдер

39,258 қаралым
4

Жас жеткіншектер - елдің ертеңі!

35,982 қаралым
5

Жастар - елдің болашағы!

34,178 қаралым
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
  • alatauaqparat@gmail.com
Copyright 2024, "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті.