конституция 2 шілде
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Құрылтай
  • Барлығы
    • Ресми бөлім
    • Спорт
    • Керек кеңес
    • Медицина
    • Білім және ғылым
    • Заң мен тəртіп
    • Оқиға
    • Не? Қайда? Қашан?
    • Эксклюзив
    • Алматы көшелері
    • Жолдау
    • Келешек мектептері
  • Жаңа Конституция
Қазақ Qazaq قازاق Русский
Қазақ Qazaq قازاق Русский
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Құрылтай
  • Барлығы
    • • Ресми бөлім
    • • Спорт
    • • Керек кеңес
    • • Медицина
    • • Білім және ғылым
    • • Заң мен тəртіп
    • • Оқиға
    • • Не? Қайда? Қашан?
    • • Эксклюзив
    • • Алматы көшелері
    • • Жолдау
    • • Келешек мектептері
  • Жаңа Конституция
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

💱 Валюта бағамы:

Басты бет / Әлеумет / Серік Жұманғарин вице-премьер - ҚР Сауда және инте...

Серік Жұманғарин вице-премьер - ҚР Сауда және интеграция министрі болды

Әлеумет 02.09.2022, 07:03 3,084
Серік Жұманғарин вице-премьер - ҚР Сауда және интеграция министрі болды
Сурет: Gov.kz

Президент Жарлыққа қол қойды.


Серік Жұманғарин Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің орынбасары – Сауда және интеграция министрі қызметіне тағайындалды, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz Ақорда cайтына сілтеме жасап. 


Серік Мақашұлы Жұманғарин Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің орынбасары – Сауда және интеграция министрі болып тағайындалсын.


Қазақстан Республикасының Президенті Қ.Тоқаев


Нұр-Сұлтан, Ақорда, 2022 жылғы 2 қыркүйек № 996


Серік Мақашұлы Жұманғарин 1969 жылы туған. 1993 жылы Мәскеу Ленин орденді және Октябрь революциясы орденді энергетикалық институтын «Жылу физикасы» мамандығы бойынша, 1997 жылы Е.А. Бөкетов атындағы Қарағанды мемлекеттік университетін «Қаржы және несие» мамандығы бойынша бітірді. 2013 жылы Халықаралық бизнес академиясында «Менеджмент» мамандығы бойынша іскерлік әкімшілік магистрі дәрежесін алды.


1993 – 2004 жылдары кәсіпкерлік қызметпен айналысты.


2005 – 2006 жылдары – Ақтөбе қаласының экономика және бюджеттік жоспарлау бөлімі бастығының орынбасары; Ақтөбе қаласы кәсіпкерлік бөлімінің бастығы.


2006 – 2007 жылдары – ҚР Табиғи монополияларды реттеу агенттігінің Ақтөбе облысы бойынша басқармасы бастығының орынбасары.


2007 – 2008 жылдары – ҚР Табиғи монополияларды реттеу агенттігі Ақтөбе облысы бойынша басқармасының бастығы; Аталған агенттіктің Ақтөбе облысы бойынша департаментінің директоры.


2008 – 2010 жылдары – ҚР Индустрия және сауда министрлігі Сауда комитеті төрағасының орынбасары, Сауданы дамыту департаментінің директоры; «Қазақстандық келісім-шарт агенттігі» АҚ Басқарма төрағасының орынбасары.


2010 – 2011 жылдары - «NadLoc» жергілікті қамтуды дамыту ұлттық агенттігі» АҚ Басқарма төрағасының орынбасары, бірінші орынбасары.


2012 – 2013 жылдары – ҚР Экономикалық даму және сауда министрлігі Өңірлік саясат және бюджетаралық қатынастар департаментінің директоры; ҚР Экономикалық даму және сауда министрлігі Өңірлік даму комитетінің төрағасы.


2013 – 2014 жылдары – ҚР Өңірлік даму вице-министрі.


2014 – 2017 жылдары – ҚР Ұлттық экономика министрлігі Табиғи монополияларды реттеу және бәсекелестікті қорғау комитетінің төрағасы.


2019-2020 жылдары – Бәсекелестік және монополияға қарсы реттеу жөніндегі Еуразиялық экономикалық комиссия алқасының мүшесі (Министр).


2020 жылғы 14 қыркүйекте Қазақстан Республикасы Бәсекелестікті қорғау және дамыту агенттігінің төрағасы лауазымына тағайындалды.

Телеграм арнаға жазылыңыз
#Қазақстан #президент #жарлық
Бөлісу:
Жүктелуде...

Соңғы жаңалықтар

Алматыда Төле би көшесінің бір бөлігінде түнгі уақытта көлік қозғалысына уақытша шектеу енгізіледі

Бүгін 16:54

Алматыда Gran Fondo World Championship әлем чемпионаты өтеді

Бүгін 16:48

Алматының Орталық стадионында Канье Уэсттің концертіне қызу дайындық жүріп жатыр

Бүгін 16:42

Дархан Сатыбалды Алматының білім беру саласы қызметкерлерінің тамыз конференциясына қатысты

Бүгін 14:35

Алматы облысында жаңа мәдениет үйі ашылды

Бүгін 14:11
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Alatau Aqparat" медиахолдингі

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Жазылу
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
Copyright 2026, "Alatau Aqparat" медиахолдингі
Яндекс.Метрика
// SMI24 виджет setTimeout(function() { if (typeof Smi24 !== 'undefined') { Smi24.init('[data-smi-widget-id="130"]'); } }, 1500);