AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Барлығы
    • Ресми бөлім
    • Спорт
    • Керек кеңес
    • Медицина
    • Білім және ғылым
    • Заң мен тəртіп
    • Оқиға
    • Не? Қайда? Қашан?
    • Эксклюзив
    • Алматы көшелері
    • Жолдау
    • Келешек мектептері
  • Жаңа Конституция
Қазақ Qazaq قازاق Русский
Қазақ Qazaq قازاق Русский
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Барлығы
    • • Ресми бөлім
    • • Спорт
    • • Керек кеңес
    • • Медицина
    • • Білім және ғылым
    • • Заң мен тəртіп
    • • Оқиға
    • • Не? Қайда? Қашан?
    • • Эксклюзив
    • • Алматы көшелері
    • • Жолдау
    • • Келешек мектептері
  • Жаңа Конституция
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

💱 Валюта бағамы:

Басты бет / Экономика / Серік Жұманғарин: Оңайлатылған салық режимінде жұм...

Серік Жұманғарин: Оңайлатылған салық режимінде жұмыс істеп келген кәсіпкерлер үшін жағдай өзгермейді

Экономика 24.09.2025, 15:30 586 dulatbekova
Серік Жұманғарин: Оңайлатылған салық режимінде жұмыс істеп келген кәсіпкерлер үшін жағдай өзгермейді
Сурет: Primeminister.kz

Астана қаласында 2026 жылдан бастап енгізілетін жаңа Салық кодексін түсіндіруге арналған республикалық семинарлар сериясы аяқталды.

Қорытынды іс-шараға Премьер-министрдің орынбасары – Ұлттық экономика министрі Серік Жұманғарин, Қаржы министрі Мәди Такиев, Мемлекеттік кірістер комитеті және «Атамекен» кәсіпкерлер палатасының өкілдері қатысты, - деп хабарлайды Aqshamnews.kz.

Вице-премьер бизнес үшін маңызды саналатын арнайы салық режимдерін қолдану мәселесіне ерекше тоқталды.

«Ең бастысы – бұған дейін оңайлатылған салық режимінде жұмыс істеген кәсіпкерлер сол режимде жұмысын жалғастыра береді», – деді Серік Жұманғарин.

Сонымен қатар, өңдеу өнеркәсібі саласына арналған арнайы ережелер де енгізілмек. Вице-премьердің айтуынша, түпкі тұтынушымен тікелей жұмыс істейтін кәсіпорындар оңайлатылған салық режимін қолдана алады.

«Өңдеу өнеркәсібінің кейбір кәсіпорындарына рұқсат береміз. Олар, негізінен, офсетте немесе ірі кәсіпорындардың жеткізушісі болып саналмайтын B2C секторына бағытталған болуы тиіс», – деп нақтылады Серік Жұманғарин.

Басқа секторлар үшін жалпыға бірдей белгіленген салық салу тәртібі қарастырылған. Мұның себебі – қолданыстағы салықтық ынталандыру шараларының бар болуы: өндірістік мақсаттағы импорт тауарларына ҚҚС есептелуі, жаңғырту жұмыстары кезінде салық жеңілдіктері және саланы мемлекеттік қаржылық қолдаудың ауқымды шаралары.

«Біз даму институттары бойынша үлкен бағдарлама жүзеге асырып жатырмыз. Биыл "Бәйтерек" холдингіне 1 триллион теңгеге жуық қаражат бөлінді, әрі алдағы үш жылдық бюджетте жыл сайын 1 триллион теңгеден қаржы қарастырылған. Өңдеу өнеркәсібіне жасалып отырған қолдау шаралары қомақты қаржыны талап етеді, сол себепті бұл сала қолдаудан тыс қалмайды», – деп қорытындылады Серік Жұманғарин.

Телеграм арнаға жазылыңыз
#Cалық кодексі #кәсіпкерлер #оңайлатылған режим
Бөлісу:
Жүктелуде...

Соңғы жаңалықтар

Алматыда пәтер ұрлығы азайды

Бүгін 12:25

Алматы полициясы жүк тасымалына бақылауды күшейтті

Бүгін 11:12

Алматыға әлемге әйгілі Cirque du Soleil труппасы келді

Бүгін 11:08

Алматы мен Сиань туристік байланысты нығайтып келеді

Бүгін 11:05

Алматыдағы Мәдениет шағын ауданында суық су өшіріледі

Бүгін 10:08
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Alatau Aqparat" медиахолдингі

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Жазылу
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
Copyright 2026, "Alatau Aqparat" медиахолдингі
Яндекс.Метрика
// SMI24 виджет setTimeout(function() { if (typeof Smi24 !== 'undefined') { Smi24.init('[data-smi-widget-id="130"]'); } }, 1500);