Freedom Референдум
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Алматы
    • Ресми бөлім
    • Спорт
    • Керек кеңес
    • Медицина
    • Білім және ғылым
    • Заң мен тəртіп
    • Оқиға
    • Не? Қайда? Қашан?
    • Эксклюзив
    • Алматы көшелері
  • 📰 Газет
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Алматы
    • • Ресми бөлім
    • • Спорт
    • • Керек кеңес
    • • Медицина
    • • Білім және ғылым
    • • Заң мен тəртіп
    • • Оқиға
    • • Не? Қайда? Қашан?
    • • Эксклюзив
    • • Алматы көшелері
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

Басты бет / Әлеумет / Сенімге толы сексен жыл!

Сенімге толы сексен жыл!

Әлеумет 24.09.2024, 10:41 1,706
Сенімге толы сексен жыл!
Суреттерді түсірген - Қ.Қоныспаев

Алматыдағы №1 троллейбус паркі өзінің 80 жылдық мерейтойын атап өтті. Салтанатты жиынға қала әкімінің орынбасары Асқар Әмрин қатысып, қала басшысының құттықтауын жеткізді. Алматының дамуына айрықша үлес қосып келе жатқан бұл қоғамдық көлік түрі әлі күнге дейін қалалықтардың сүйіспеншілігіне бөленіп отыр. Мерейтой аясында еңбек ардагерлері мен майталман мамандарға зор еңбектері үшін марапаттар табысталды.

Осы жылдар ішінде троллейбус қалалықтар үшін жайлы әрі қауіпсіз көлік ретінде сенімге ие болды. Бүгінгі күні Қазақстанда троллейбус желісі жұмыс істейтін жалғыз қала – Алматы. Қала тұрғындары бұл көліктің қызметіне ризашылық білдіреді. Өйткені №1 парк қаланың қақ ортасында орналасқандықтан, оның «өмірі» тұрғындардың көз алдында өтіп жатыр. Әуезов көшесі, №64 мекенжайынан таңғы 5-6-да жұмысын бастайтын темір тұлпарлар кешкі 24:00-де ғана орнына оралады. Төрт мезгілде де жұмысын тоқтатпай, сенімді түрде қызмет етеді.

 

Троллейбус паркінің аумағы 4 гектарды құрайды, онда 293 жүргізуші жұмыс істейді, оның ішінде 67-і – әйелдер. Күніне 130 мыңға жуық адамды тасымалдайтын троллейбустар қазір 273 км желіде 9 бағыт бойынша жұмыс істеп тұр. 2012 жылы паркте 90 троллейбус болса, оның екеуі оқу мақсатында пайдаланылды. Жақында 100 жаңа Yutong троллейбусы желіге қосылды. Осы күзде тағы 100 жаңа троллейбус, жыл соңына дейін 112 жаңа троллейбус сатып алынады. Осылайша, 2025 жылға қарай парктегі барлық көлік толық жаңартылатын болады.

 

Парк аумағында жөндеуді немесе техникалық тексеруді қажет ететін троллейбустарға арналған арнайы бокстар мен шеберханалар бар. «Алматыэлектротранс» басшысы Александр Бейсембиевтің айтуынша, троллейбустар мегаполистің маңызды тарихының бір бөлігі және экологиялық таза көлік түрі. Алдағы жылы паркте күрделі жөндеу жұмыстары басталады. Кабельдерді жаңарту жұмыстары да басталып кетті, олардың қызмет ету мерзімі 50 жылға дейін жетеді.

 

Алматыда троллейбустарды пайдалану туралы шешім 1941 жылдың 12 маусымында қабылданды. Алғашқы троллейбустар Ярославль зауытынан әкелінді. 1944 жылдың 1 мамырында Алматыда №1 троллейбус Гоголь көшесімен жүріп өтіп, троллейбус дәуірінің бастауы болды.

 

Троллейбустардың гүлдену кезеңі 1970-1980 жылдарға сәйкес келді. 1982 жылы маршруттардың ұзындығы 211 км-ге жетіп, қаладағы жаңа ықшам аудандар мен әуежайға дейін жүре бастады. Алайда 1990 жылдардың басында троллейбус қызметі қиындықтарға тап болды, қосалқы бөлшектер мен жүргізушілер жетіспеушілігі байқалды. Соған қарамастан, Алматыда троллейбус желісі жұмысын жалғастырып келеді.

Троллейбус жүргізушілерін даярлау процесінде өзгерістер енгізілді. Енді «Tb» санатына 23 жастан бастап бір жылдық «D1» курсын тәмамдағандар қабылдана бастады. Бұл жүргізушілерді жұмысқа тарту және кадр тапшылығын шешуге бағытталған қадам.

Бүгінгі күні троллейбустар сенімді, қыста жылы, жазда кондиционерлері бар заманауи көлік болып табылады. Жүргізушілердің жалақысы 700–710 мың теңге, демалыс пен медициналық қызметтер толық қамтамасыз етіледі. Сонымен қатар, троллейбус жүргізушілері арасында әулетімен жұмыс істейтін отбасылар да бар. Жүйедегі ескі троллейбустар 12 жылдан бері қызмет атқарып келеді.

Қаламыздағы троллейбустар заманауи жабдықтармен қамтылған: телефондарды зарядтауға арналған USB қосқыштары, кондиционер, бейнебақылау, және борттық жазғыштар бар.

Телеграм арнаға жазылыңыз
#Алматы #Тролейбус #сексен жыл
Бөлісу:
Жүктелуде...

Соңғы жаңалықтар

Алматыда жастар саясаты бойынша 2025 жылдың жұмыс қорытындысы шығарылды

Бүгін 11:18

Жаркентте төрт жасар ұлын аяусыз соққыға жыққан әйелге үкім шықты

Бүгін 11:14

Алматыда жастарға арналған "Заң және тәртіп: қоғам талаптары" кездесуі ұйымдастырылды

Бүгін 10:50

Досынан 1500 теңге қарызын сұраған қазақстандық істі болды

Бүгін 10:41

Бурабайда квадроцикл апатынан 24 жастағы қыз ауыр халде жатыр

Бүгін 10:23
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
  • alatauaqparat@gmail.com
Copyright 2024, "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті.