AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Құрылтай
  • Барлығы
    • Ресми бөлім
    • Спорт
    • Керек кеңес
    • Медицина
    • Білім және ғылым
    • Заң мен тəртіп
    • Оқиға
    • Не? Қайда? Қашан?
    • Эксклюзив
    • Алматы көшелері
    • Жолдау
    • Келешек мектептері
    • Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес
  • Жаңа Конституция
Қазақ Qazaq قازاق Русский
Қазақ Qazaq قازاق Русский
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Құрылтай
  • Барлығы
    • • Ресми бөлім
    • • Спорт
    • • Керек кеңес
    • • Медицина
    • • Білім және ғылым
    • • Заң мен тəртіп
    • • Оқиға
    • • Не? Қайда? Қашан?
    • • Эксклюзив
    • • Алматы көшелері
    • • Жолдау
    • • Келешек мектептері
    • • Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес
  • Жаңа Конституция
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

💱 Валюта бағамы:

Басты бет / Хабарлама / Сенім телефонына келіп түскен әрбір өтініш мұқият...

Сенім телефонына келіп түскен әрбір өтініш мұқият тексеріледі

Хабарлама 18.01.2022, 10:56 3,564
Сенім телефонына келіп түскен әрбір өтініш мұқият тексеріледі
Сурет: М.azh.kz

Ішкі істер министрі Ерлан Тұрғымбаев ІІМ сенім телефонына келіп түскен әрбір өтінішке мұқият тексеру жүргізуді тапсырды


«ІІМ сенім телефоны» (14-02 немесе 71-41-09) азаматтар үшін өз құқықтарын қорғауға, қауіпсіздікті қамтамасыз етуге, туыстарын іздестіруге, сондай-ақ қоғамдық тәртіпті қамтамасыз етуде полицейлерге көмек көрсетуді ұйымдастыруда жақсы құрал болды, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz Қазақпаратқа сілтеме жасап


«ІІМ сенім телефонының» нәтижелері халықтың полицияға деген сенім деңгейі артқанын, тұрғындар мен полиция қызметкерлері арасындағы байланыстың жақсара түскенін айқын көрсетеді. Мемлекет басшысының полицияны сервистік жұмыс моделіне көшіру туралы тапсырмасында дәл осындай меже көзделген болатын.


Сондықтан қазіргі уақытта ішкі істер органдарының қызметкерлері азаматтардың әрбір өтініші заңды шешімдер қабылдаумен мұқият қаралуы тиіс екенін түсінеді. ІІМ қызметтері келіп түскен барлық хабарламалардың нақты мониторингін қамтамасыз етеді және оларды толық шешкенге дейін қараусыз қалмауын қадағалайды.


Бүгін бейнеконференцбайланыс құралы бойынша Ішкі істер министрі қызметтер мен аумақтық бөлімшелердің басшыларына азаматтардың конституциялық құқықтарының мүлтіксіз сақталуын қамтамасыз етуді, барлық тергеу әрекеттерін қылмыстық іс жүргізу кодексінің нормаларын қатаң сақтай отырып жүргізуді тапсырды. Бұдан басқа, министр әрбір өтініш бойынша мұқият тексеру жүргізуді, оның нәтижелерін өтініш бастамашыларына жеткізуді немесе оларды интернет ресурстарда орналастыруды талап етті.


Осы мақсатта азаматтарды апта сайын қабылдау кестесін жасау, азаматтар үшін фронт-офистер мен қабылдау бөлмелерінің үздіксіз жұмысы қамтамасыз етілді. ІІМ-ге жүргізілген жұмыс туралы есептер жіберіліп тұрады. Мәселен, бүгін Атырау облысы ПД басшылығына полиция қызметкерлерінің денсаулығына зиян келтіру фактісіне тексеру жүргізу тапсырылды. «ІІМ сенім телефонының» жұмысы жалғасуда, оның нәтижелері туралы жұртшылыққа үнемі хабарланады.

Телеграм арнаға жазылыңыз
#сенім #телефон #өтініш #мұқият
Бөлісу:
Жүктелуде...

Соңғы жаңалықтар

Алматы қаласындағы Almaty Theatre сахнасында «Cinema Hits» концерттік жобасы өтті

Бүгін 19:04

«Әзірет Сұлтан» музейі Ясауи тағылымын анимация арқылы танытты

Бүгін 17:15

Алматыда 1,2 тоннаға жуық мерзімі өткен дәрі-дәрмек жиналып, қауіпсіз жолмен жойылды

Бүгін 16:24

Қазақстан Халық Кеңесі Батыс Қазақстан облысында  «Жаңа қоғамдық этика: мәдениет, әдеп, әдет» республикалық форумын өткізді

Бүгін 15:53

Алматыда туризмді дамытуға қосқан үлесі үшін ICONIC Tourism Award сыйлығы алғаш рет табысталады

Бүгін 14:45
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Alatau Aqparat" медиахолдингі

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Жазылу
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
Copyright 2026, "Alatau Aqparat" медиахолдингі
Яндекс.Метрика
// SMI24 виджет setTimeout(function() { if (typeof Smi24 !== 'undefined') { Smi24.init('[data-smi-widget-id="130"]'); } }, 1500);