AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Құрылтай
  • Барлығы
    • Ресми бөлім
    • Спорт
    • Керек кеңес
    • Медицина
    • Білім және ғылым
    • Заң мен тəртіп
    • Оқиға
    • Не? Қайда? Қашан?
    • Эксклюзив
    • Алматы көшелері
    • Жолдау
    • Келешек мектептері
    • Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес
  • Жаңа Конституция
Қазақ Qazaq قازاق Русский
Қазақ Qazaq قازاق Русский
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Құрылтай
  • Барлығы
    • • Ресми бөлім
    • • Спорт
    • • Керек кеңес
    • • Медицина
    • • Білім және ғылым
    • • Заң мен тəртіп
    • • Оқиға
    • • Не? Қайда? Қашан?
    • • Эксклюзив
    • • Алматы көшелері
    • • Жолдау
    • • Келешек мектептері
    • • Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес
  • Жаңа Конституция
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

💱 Валюта бағамы:

Басты бет / Мәдениет / «Сені іздедім, махаббат»

«Сені іздедім, махаббат»

Мәдениет 27.05.2024, 17:50 1,936
«Сені іздедім, махаббат»
автор

Сцена театры алғаш рет қазақша қойылым қойды 

Алматыдағы Сцена театрының репертуарына тағы бір қойылым қосылды. Бұл поэзиялық туындының жөні бөлек. Театр актерлері өз көрерменіне алғаш рет қазақша спектакль ұсынып,  көпшілік қошеметіне бөленді.

«Сені іздедім, махаббат» атты  жаңа әдеби-сазды қойылымда ақынның қиын тағдыры, алғашқы жауапсыз махаббаты мен шым-шытырық оқиғасы баяндалады.  Поэзия әлемінің тұңғиығына сүңгіп, әсем сезімге бөленіп, өмірді сүюді, махаббатты, шынайы сезімді қадірлеуді жырлайтын М.Мақатаев, Ф.Оңғарсынова, О.Сүлейменов,  Т. Молдағалиев сынды танымал ақындардың шығармаларынан құралған. Спектакльдің негізі – ақынның өмірі. Ақынның жан-дүниесінің арпалысқа түскен сәтін көре аласыздар. Режиссері – Наталья Лукьянова. 

Сцена театрында небәрі 15-ке жуық актер бар. Барлығы бірдей кәсіби актер болмаса да, қойылымды сәтті алып шықты. Жоғары деңгейде өнер көрсетті. 

«Біздің театр 2020 жылы ҚР еңбек сіңірген әртісі, актер және режиссер Тахир Восиловтың бастамасымен құрылды. Ол Сцена театрын ашқанға дейін 20 жыл Н.Сац атындағы жасөспірімдер театрында қызмет еткен.  Режиссер ретінде де тәжірибесі мол актер. Осыдан 4 жыл бұрын жаңа театрда жас актерлердің басын қосып, көрерменге алғашқы қойылымын ұсынды. Барлық қойылымға Тахир Восиловтың өзі режиссер болды. Бас кезінде репертуарда 4-5 қойылым ғана болатын.  Кейбірі кішкентай көрермендерімізге арналды», – деді Сцена театрының директоры Меруерт Елубаева. 

Тақырыпқа орай 

 

Мария ҚОЙШЫБАЕВА, труппа жетекшісі, театр актрисасы: 

Театр тарихында екі тілде бірдей қойылған спектакль болды. Бірақ бұл жолы тек қазақша ұсынып көргіміз келді. Қойылымның сценарийі бойынша ақын алғашқы махаббатын іздеумен болады. Француздарда адам әрдайым алғашқы махаббатын іздейді деген түсінік бар. Менің негізгі мамандығым – психолог. Психологияда адамның алғашқы махаббаты – анасы болып саналады. Бәлкім, сол бір іздеген жанның бойында анасының бейнесі болуы мүмкін. Қойылым бойы кейіпкер алғашқы махаббатын елестетумен болады. Бірде-бір қойылымдарымызды жібермей көретін тұрақты көрермендеріміз көп. Қазақ тілінде бірінші рет қойып отырғандықтан, актерлердің бәрінде қобалжу бар. Жалпы, кез келген актерге сценарий бойынша жұмыс істеген жеңілірек болады. Бірақ бұл жолғы спектакльде ақын өлеңдері оқылып, әндері шырқалады.  

Телеграм арнаға жазылыңыз
#театр #спектакль #Қойылым #мәдениет
Бөлісу:
Жүктелуде...

Соңғы жаңалықтар

Алматы қаласындағы Almaty Theatre сахнасында «Cinema Hits» концерттік жобасы өтті

Бүгін 19:04

«Әзірет Сұлтан» музейі Ясауи тағылымын анимация арқылы танытты

Бүгін 17:15

Алматыда 1,2 тоннаға жуық мерзімі өткен дәрі-дәрмек жиналып, қауіпсіз жолмен жойылды

Бүгін 16:24

Қазақстан Халық Кеңесі Батыс Қазақстан облысында  «Жаңа қоғамдық этика: мәдениет, әдеп, әдет» республикалық форумын өткізді

Бүгін 15:53

Алматыда туризмді дамытуға қосқан үлесі үшін ICONIC Tourism Award сыйлығы алғаш рет табысталады

Бүгін 14:45
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Alatau Aqparat" медиахолдингі

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Жазылу
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
Copyright 2026, "Alatau Aqparat" медиахолдингі
Яндекс.Метрика
// SMI24 виджет setTimeout(function() { if (typeof Smi24 !== 'undefined') { Smi24.init('[data-smi-widget-id="130"]'); } }, 1500);