AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Құрылтай
  • Барлығы
    • Ресми бөлім
    • Спорт
    • Керек кеңес
    • Медицина
    • Білім және ғылым
    • Заң мен тəртіп
    • Оқиға
    • Не? Қайда? Қашан?
    • Эксклюзив
    • Алматы көшелері
    • Жолдау
    • Келешек мектептері
    • Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес
  • Жаңа Конституция
Қазақ Qazaq قازاق Русский
Қазақ Qazaq قازاق Русский
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Құрылтай
  • Барлығы
    • • Ресми бөлім
    • • Спорт
    • • Керек кеңес
    • • Медицина
    • • Білім және ғылым
    • • Заң мен тəртіп
    • • Оқиға
    • • Не? Қайда? Қашан?
    • • Эксклюзив
    • • Алматы көшелері
    • • Жолдау
    • • Келешек мектептері
    • • Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес
  • Жаңа Конституция
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

💱 Валюта бағамы:

Басты бет / Әлеумет / Сенатта «лудоманияға қарсы» заң қаралды

Сенатта «лудоманияға қарсы» заң қаралды

Әлеумет 25.06.2024, 14:22 819
Сенатта «лудоманияға қарсы» заң қаралды
Сурет: А.Байжұманов

Сенаттың Әлеуметтік-мәдени даму және ғылым комитетінің депутаттары кеңейтілген отырыста «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне ойын бизнесі, лотерея қызметі, денсаулық сақтау, мемлекеттік еңбек инспекциясы, мемлекеттік бақылау және артық заңнамалық регламенттеуді болғызбау мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» және «Қазақстан Республикасының Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексіне өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» заңдарды талқылады, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz.

Бұл туралы Сенаттың баспасөз қызметі мәлімдеді.

Құжаттар азаматтарды құмар ойындар мен бәс тігуге қатысу кезінде ойынға тәуелділіктен қорғау жөніндегі заңнаманы жетілдіруге бағытталған. Заңдарда құмар ойындар мен бәс тігуге қатысатын адамдардың шектеулі тізімін айқындау, құмар ойындарға тәуелді адамдарды медициналық оңалту тәртібі белгіленеді және оларды консультациялық медициналық байқаудан өткізу енгізіледі, букмекерлік кеңселер мен тотализаторларды сыртқы жарнамада, атап айтқанда: ғимараттарда, көлік құралдарында, бұқаралық ақпарат құралдарында, киноларда, бейнежазбалар мен анықтамалық қызмет көрсету барысында жарнамалауға тыйым салынады.

Одан басқа, лотерея билеттерін таратуға қойылатын талаптар белгіленеді және Қазақстанда лицензиясыз шетелдік букмекерлік кеңселер мен тотализаторлардың интернет-ресурстарының қызметіне тыйым салынады. Құмар ойындар мен бәс тігудің қауіптілігі мен зияны туралы ескертулерді ойын мекемелерінде, букмекерлік кеңселерде, тотализаторда, казинода, ойын автоматы залдарында, сондай-ақ өздерінің интернет-ресурстарында орналастыру талаптарын сақтамағаны үшін ойын бизнесін ұйымдастырушыларға әкімшілік жауапкершілік енгізу көзделіп отыр.

Сенаторлардың айтуынша, заңдарды қабылдау ойын бизнесі, лотерея және лотерея қызметі саласын реттеудің нормативтік негізін тұжырымдамалық тұрғыда қалыптастыруға мүмкіндік береді және ұлттық заңнаманы және олардың құқық қолдану тәжірибесін одан әрі жетілдіруге ықпал етеді.

Комитет мүшелері талқылау қорытындысы бойынша заңдарды Палата отырысында қарауға жіберу туралы шешім қабылдады.

Телеграм арнаға жазылыңыз
#Сенат #лудомания туралы заң #қарау
Бөлісу:
Жүктелуде...

Соңғы жаңалықтар

Алматыда 1,2 тоннаға жуық мерзімі өткен дәрі-дәрмек жиналып, қауіпсіз жолмен жойылды

Бүгін 16:24

Қазақстан Халық Кеңесі Батыс Қазақстан облысында  «Жаңа қоғамдық этика: мәдениет, әдеп, әдет» республикалық форумын өткізді

Бүгін 15:53

Алматыда туризмді дамытуға қосқан үлесі үшін ICONIC Tourism Award сыйлығы алғаш рет табысталады

Бүгін 14:45

Алматы тұрғындары: үйің жаңарса, өзің де жаңарғандай боласың

Бүгін 14:41

Тоқаев Бельгиялықтар Королі мен Патшайымын шығарып салды

Бүгін 12:17
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Alatau Aqparat" медиахолдингі

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Жазылу
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
Copyright 2026, "Alatau Aqparat" медиахолдингі
Яндекс.Метрика
// SMI24 виджет setTimeout(function() { if (typeof Smi24 !== 'undefined') { Smi24.init('[data-smi-widget-id="130"]'); } }, 1500);