ffin.kz
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Қала тынысы
    • Саясат
    • Әлеумет
    • Өмір-өзен
    • Экономика
    • Мәдениет
    • Әлем
  • Freedom
  • Бізді де біле жүріңіз
    • Алматы құшағында
  • dddd
  • Сайлау-2023
  • Тәуелсіздік-30
    • Тәуелсіздік-30
  • Еуро-24
  • Париж-2024
  • 📰 Газет
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Қала тынысы
    • • Саясат
    • • Әлеумет
    • • Өмір-өзен
    • • Экономика
    • • Мәдениет
    • • Әлем
  • Freedom
  • Бізді де біле жүріңіз
    • • Алматы құшағында
  • dddd
  • Сайлау-2023
  • Тәуелсіздік-30
    • • Тәуелсіздік-30
  • Еуро-24
  • Париж-2024
  • АЭС: Референдум
  • Таза Қазақстан
  • Көшпенділер ойыны
  • BRT-Райымбек
  • BRT-Желтоқсан
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

Басты бет / Медицина / Сенаторлар ұлттық нейрохирургия орталығының қызмет...

Сенаторлар ұлттық нейрохирургия орталығының қызметімен танысты

Медицина 27.12.2022, 13:30 1,372
Сенаторлар ұлттық нейрохирургия орталығының қызметімен танысты
Сурет: Ашық дереккөз
Денсаулық сақтауға бөлінетін қаржы көлемі де ұлғая береді.

Денсаулық сақтауға бөлінетін қаржы көлемі де ұлғая береді.



 Сенат Спикері Мәулен Әшімбаев бастаған Палата депутаттары елордадағы Ұлттық нейрохирургия орталығына барып, медициналық нысанның негізгі құрылымдарының жұмысымен танысты, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz.


Мәулен Әшімбаев қазақстандықтардың денсаулығын жақсартуда, денсаулық сақтаудың сапасы мен қолжетімділігін арттыруда Ұлттық нейрохирургия орталығының рөлі зор екенін айтты. Бұл сала мемлекетіміздің әлеуметтік саясатының маңызды бөлігі екені белгілі.


Сенат Төрағасы алдағы уақытта елімізде осы саланы дамыту жұмыстары одан әрі жалғаса беретінін және медициналық қызметкерлерді қолдау үшін барлық тиісті шаралар қолға алынатынын атап өтті.


«Мемлекет басшысы денсаулық сақтау саласына үнемі баса мән беріп келеді. Денсаулық сақтауға бөлінетін қаржы көлемі де ұлғая береді. Міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру жүйесі жетілдіріледі. Қазіргі таңда халық тарапынан аталған сақтандыру жүйесіне қатысты түрлі сыни пікірлер жиі айтылып жүр және олар негізсіз емес. Бүгінде 3 млн-ға жуық азаматымыз медициналық сақтандырудан тыс қалып отыр. Сондай-ақ алдағы уақытта дәрігер мәртебесі заңмен бекітіледі. Медициналық қызметкерлерді қорғау және қолдау шаралары күшейіп, мамандықтың мәртебесі арта түседі. Мемлекет басшысының тапсырмасымен жыл сайын медициналық қызметкерлердің жалақысын ұлғайтуға қатысты шаралар қабылданып жатыр», – деді Мәулен Әшімбаев.


Аталған іс-шара барысында сенаторларға радиология және радиохирургия бөлімшесінің жұмысы туралы мәліметтер берілді. Мұнда заманауи «Гамма-пышақ» кешені орнатылған. Ол күрделі нейрохирургиялық ота жасауға мүмкіндік береді.


Орталық төрағасы Серік Ақшолақовтың айтуынша, «Гамма-пышақ» ісіктерді, қан тамырлары мен функционалдық ми ауруларын емдеу үшін қолданылады. Бұл жағдайда мидың сау тіндері және науқастың бүкіл денесі сәулеленбейді. Сонымен қатар депутаттарға госпитальдық фармация бөлімшесінің қызметі таныстырылды. Онда емдеудің тиімділігін және дәрілік заттарды пайдаланудың ұтымдылығын арттыруға мүмкіндік беретін технологиялар бар.


Кездесуге Әлеуметтік-мәдени даму және ғылым комитетінің мүшелері Ақмарал Әлназарова және Бақытжан Жұмағұлов, еліміздің Денсаулық сақтау министрі Ажар Ғиният, сондай-ақ орталықтың қызметкерлері қатысты.

Телеграм арнаға жазылыңыз
Бөлісу:
Жүктелуде...

Көп оқылған

1

30 ЖЫЛДЫҢ 30 ЖЕТІСТІГІ

76,433 қаралым
2

Алматы SOS: коммуналдық қызметшілерге арналған ыстық шай және кондитер өнімдері

43,251 қаралым
3

Отбасы туралы мақал-мәтелдер

39,258 қаралым
4

Жас жеткіншектер - елдің ертеңі!

35,982 қаралым
5

Жастар - елдің болашағы!

34,178 қаралым
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
  • alatauaqparat@gmail.com
Copyright 2024, "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті.