AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Құрылтай
  • Барлығы
    • Ресми бөлім
    • Спорт
    • Керек кеңес
    • Медицина
    • Білім және ғылым
    • Заң мен тəртіп
    • Оқиға
    • Не? Қайда? Қашан?
    • Эксклюзив
    • Алматы көшелері
    • Жолдау
    • Келешек мектептері
    • Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес
  • Жаңа Конституция
Қазақ Qazaq قازاق Русский
Қазақ Qazaq قازاق Русский
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Құрылтай
  • Барлығы
    • • Ресми бөлім
    • • Спорт
    • • Керек кеңес
    • • Медицина
    • • Білім және ғылым
    • • Заң мен тəртіп
    • • Оқиға
    • • Не? Қайда? Қашан?
    • • Эксклюзив
    • • Алматы көшелері
    • • Жолдау
    • • Келешек мектептері
    • • Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес
  • Жаңа Конституция
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

💱 Валюта бағамы:

Басты бет / Референдум / Сенатор Бибігүл Жексенбай референдум қарсаңында "Қ...

Сенатор Бибігүл Жексенбай референдум қарсаңында "Қазатомөнеркәсіп" ұжымымен кездесті

Референдум 04.03.2026, 08:51 491
Сенатор Бибігүл Жексенбай референдум қарсаңында "Қазатомөнеркәсіп" ұжымымен кездесті
Ұйымдастырушылар ұсынған сурет

Қазақстан Республикасы Парламенті Сенатының депутаты Бибігүл Жексенбай референдум қарсаңында Қазатомөнеркәсіп ұлттық компаниясының еңбек ұжымымен кездесіп, жаңа Конституция жобасының негізгі ережелерін түсіндірді, – деп хабарлайды aqshamnews.kz тілшісі.

Кездесу барысында сенатор кәсіпорынның елдің энергетикалық қауіпсіздігін қамтамасыз етудегі және өнеркәсіптік дамудағы стратегиялық рөлін атап өтті. Ол Конституция жобасында ғылым мен инновацияға басымдық берілуі өндірісті жаңғыртуға, цифрлық технологияларды енгізуге және отандық өнімнің жаһандық бәсекеге қабілеттілігін арттыруға құқықтық негіз қалыптастыратынын айтты.

Сондай-ақ, еңбек құқығын конституциялық деңгейде қорғау, цифрлық ортадағы қауіпсіздік пен экологиялық жауапкершілік мәселелері сөз болды. Сенатордың айтуынша, жаңа Конституция тұрақты әрі болжамды құқықтық орта қалыптастырып, ұзақ мерзімді индустриялық жобаларды жүзеге асыруға мүмкіндік береді.

Кездесу соңында Бибігүл Жексенбай ұжым мүшелерін алдағы референдумға белсенді қатысуға шақырып, мемлекеттік институттардың сапасы ел экономикасының дамуына және әр азаматтың әл-ауқатына тікелей әсер ететінін атап өтті.

Телеграм арнаға жазылыңыз
#Конституция
Бөлісу:
Жүктелуде...

Соңғы жаңалықтар

Алматы қаласындағы Almaty Theatre сахнасында «Cinema Hits» концерттік жобасы өтті

Бүгін 19:04

«Әзірет Сұлтан» музейі Ясауи тағылымын анимация арқылы танытты

Бүгін 17:15

Алматыда 1,2 тоннаға жуық мерзімі өткен дәрі-дәрмек жиналып, қауіпсіз жолмен жойылды

Бүгін 16:24

Қазақстан Халық Кеңесі Батыс Қазақстан облысында  «Жаңа қоғамдық этика: мәдениет, әдеп, әдет» республикалық форумын өткізді

Бүгін 15:53

Алматыда туризмді дамытуға қосқан үлесі үшін ICONIC Tourism Award сыйлығы алғаш рет табысталады

Бүгін 14:45
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Alatau Aqparat" медиахолдингі

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Жазылу
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
Copyright 2026, "Alatau Aqparat" медиахолдингі
Яндекс.Метрика
// SMI24 виджет setTimeout(function() { if (typeof Smi24 !== 'undefined') { Smi24.init('[data-smi-widget-id="130"]'); } }, 1500);