Freedom Референдум
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Алматы
    • Ресми бөлім
    • Спорт
    • Керек кеңес
    • Медицина
    • Білім және ғылым
    • Заң мен тəртіп
    • Оқиға
    • Не? Қайда? Қашан?
    • Эксклюзив
    • Алматы көшелері
  • 📰 Газет
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Алматы
    • • Ресми бөлім
    • • Спорт
    • • Керек кеңес
    • • Медицина
    • • Білім және ғылым
    • • Заң мен тəртіп
    • • Оқиға
    • • Не? Қайда? Қашан?
    • • Эксклюзив
    • • Алматы көшелері
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

Басты бет / Әлеумет / Сенатор ауыл шаруашылығы саласына арнайы банк ашуд...

Сенатор ауыл шаруашылығы саласына арнайы банк ашуды ұсынды

Әлеумет 31.03.2022, 07:08 1,303
Сенатор ауыл шаруашылығы саласына арнайы банк ашуды ұсынды
Сурет: Inform.kz

Премьер-Министрі Әлихан Смайыловтың атына депутаттық сауал түсті


Онда Сенатор Мұрат Бақтиярұлы аграрлық сала еңбеккерлерін қаржылай қолдауды күшейту үшін Қазақстанда ауыл шаруашылығы банкін құруды ұсынды, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz ҚазАқпаратқа сілтеме жасап. 


Депутаттың пікірінше, ол қазіргі таңда аса қажет салаға айтарлықтай қолдау көрсетер еді. Бұл мәселе жақында сенаторлардың Қызылорда облысына барған жұмыс сапары кезінде көтерілген болатын. Диқандар аймақтағы негізгі аграрлық дақылы күріш екенін айта келіп, осы дақыл облыста ішкі нарық сұранысының 80%-на дейін қамтамасыз ететініне тоқталды. Алайда жыл өткен сайын жұмыс істеу қиындай түсуде. Өңірдегі суармалы жерлердің жағдайы өте нашар, суармалы жерлерде су құбыры мен кәріз жүйесі тиісті қаржыландырудың жоқтығынан уақытында тазартылмайды. Бұл құбырлардың қоқысқа толып кетуі мен шамадан тыс тұздануға әкеледі.



«Дамығын елдерде 1 текше метр суға 4-6 келі ауыл шаруашылығы өнімі өндірілсе, бізде небәрі 0,4-0,8 келі, яғни 6 есе аз өндіріледі. Ал дамыған елдерде 1 келі өнім өндіруге 160-400 литр су жұмсалса, бізде 1200-2500 литр су жұмсалады. Демек, еліміздегі суармалы жерлердің гидромелиоративтік ахуалы қанағаттанарлықсыз жағдайда. Бұл Үкімет тарапынан назар аударарлық мәселе», - деді депутат.



Оның айтуынша, минералды тыңайтқыштардың қымбаттығы да бөлек бір проблема. Биыл олардың бағасы өткен жылмен салыстырғанда 2,5-3 есе өсті. Бұл салада делдалдар маңызды рөл атқарады, соның салдарынан өнімнің құны едәуір өсіп кетеді. Депутат осыған байланысты өз сауалында «Мелиорация туралы» заңды қабылдау қажеттігін атап өтті. Ол заңда мемлекеттік органдар мен жер пайдаланушылардың жерді мелиорациялау жөніндегі жауапкершілігі нақтылануы тиіс. Сонымен қатар сенатор елімізде ауыл шаруашылығы банкін ашу қажеттігіне де назар аударды.



«Біздің ауыл шаруашылығы өндірушілері Евразиялық экономикалық одаққа енген Ресей, Беларусь елдерінің ауыл шаруашылығы тауарларын өндірушілерімен бәсекеге түсе алмай отыр. Өйткені, бұл елдердің шаруаларының жері мен мүлкін кепілдікке алып, ұзақ мерзімге арзан несие беретін, бөлімшелері барлық аудандарда орналасқан агробанктері қызмет етеді. Осы кезге дейін Парламент қабырғасында бірнеше рет көтеріліп, бірақ шешімін таппай жатқан біздің елімізде де осындай арнайы мамандандырылған ауыл шаруашылығы банкін ашу мәселесін қарап, оның оң шешілуін бүкіл шаруалар күтіп отырғанына назарыңызды аударғымыз келеді», - деді М. Бақтиярұлы.




Телеграм арнаға жазылыңыз
#Ауыл шаруашылығы #арнайы банк құру #депутаттық сауал
Бөлісу:
Жүктелуде...

Соңғы жаңалықтар

ҚазҰУ ғалымдары жаңа Конституция жобасын талқылады

Кеше 20:39

Алматыда әйелдер кәсіпкерлігін қолдау жобасының 13-маусымы қорытындыланды

Кеше 19:17

Алматыда алғаш рет әлемдегі ең ірі IT-көрмелердің бірі өтеді

Кеше 17:40

Алматылық ірі компания қызметкерлері Конституциялық реформаны қолдады

Кеше 17:23

Алматының өнер ұжымы конституциялық реформаны қолдайтынын білдірді

Кеше 17:17
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
  • alatauaqparat@gmail.com
Copyright 2024, "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті.