Freedom Референдум
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Алматы
    • Ресми бөлім
    • Спорт
    • Керек кеңес
    • Медицина
    • Білім және ғылым
    • Заң мен тəртіп
    • Оқиға
    • Не? Қайда? Қашан?
    • Эксклюзив
    • Алматы көшелері
  • 📰 Газет
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Алматы
    • • Ресми бөлім
    • • Спорт
    • • Керек кеңес
    • • Медицина
    • • Білім және ғылым
    • • Заң мен тəртіп
    • • Оқиға
    • • Не? Қайда? Қашан?
    • • Эксклюзив
    • • Алматы көшелері
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

Басты бет / Әлеумет / Сенатор Алматы қаласының алдағы жылыту кезеңіне да...

Сенатор Алматы қаласының алдағы жылыту кезеңіне дайындық барысымен танысты

Әлеумет 20.07.2023, 11:19 864
Сенатор Алматы қаласының алдағы жылыту кезеңіне дайындық барысымен танысты
Сурет: ашық дереккөз

Қаладағы қазандықтар мен гидроагрегат жабдықтардың жалпы саны 56 болып отыр


Сенатор Сұлтанбек Мәкежанов Алматы қаласына сапары аясында №2 жылу электр орталығында, «Орбита» аудандық қазандығы аумағында және «Алматы жылу желілері» нысандарын салу және жаңғырту алаңдарында болды, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz Azattyq Ruhу-на сілтеме жасап.


Депутат жылу желілері мен жабдықтардың алдағы қысқы маусымға дайындық жұмысының барысы туралы хабардар болды. Оған сондай-ақ негізгі энергия көздерінің жабдықтарын жөндеу кестесі бойынша жүргізіліп жатқан жұмыстар да таныстырылды.


Депутат Алматы қаласындағы қарамағына №1, №2 жылу электр орталықтары мен батыс жылу кешені және Каскад электр стансасы кіретін «АлЭС» АҚ-ның негізгі қуат көздері жабдықтарын 2023 жылғы жөндеу кестесімен де танысты. Мұндағы энергетикалық, су жылыту, бу қазандықтары мен турбо және гидроагрегат жабдықтардың жалпы саны 56 болып отыр.



«Мемлекет басшысы 2022 жылғы желтоқсанда ҚР Үкіметінің кеңейтілген отырысы кезінде Үкіметке энергия нысандары мен жылу желілерін жөндеу міндеттерін шешуді тапсырған болатын. Президенттің тапсырмасына сәйкес, мемлекеттік меншіктегі энергетика нысандары бюджет есебінен жөнделуі тиіс. Жекеменшік нысандар «Тарифті инвестицияға айырбастау» бағдарламасы бойынша өз есебінен жаңғыртылады. Үкімет бұл міндетті жедел түрде шешуге кірісуі керек», - деді сенатор Сұлтанбек Мәкежанов.



Депутат энергетикалық кешенді дамыту жөніндегі Үкіметпен бірге жүргізіліп жатқан жұмыстар туралы да айтып берді.

Телеграм арнаға жазылыңыз
#жылыту #дайындық #маусым
Бөлісу:
Жүктелуде...

Соңғы жаңалықтар

ҚазҰУ ғалымдары жаңа Конституция жобасын талқылады

Кеше 20:39

Алматыда әйелдер кәсіпкерлігін қолдау жобасының 13-маусымы қорытындыланды

Кеше 19:17

Алматыда алғаш рет әлемдегі ең ірі IT-көрмелердің бірі өтеді

Кеше 17:40

Алматылық ірі компания қызметкерлері Конституциялық реформаны қолдады

Кеше 17:23

Алматының өнер ұжымы конституциялық реформаны қолдайтынын білдірді

Кеше 17:17
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
  • alatauaqparat@gmail.com
Copyright 2024, "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті.