Freedom Референдум
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Алматы
    • Ресми бөлім
    • Спорт
    • Керек кеңес
    • Медицина
    • Білім және ғылым
    • Заң мен тəртіп
    • Оқиға
    • Не? Қайда? Қашан?
    • Эксклюзив
    • Алматы көшелері
  • 📰 Газет
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Алматы
    • • Ресми бөлім
    • • Спорт
    • • Керек кеңес
    • • Медицина
    • • Білім және ғылым
    • • Заң мен тəртіп
    • • Оқиға
    • • Не? Қайда? Қашан?
    • • Эксклюзив
    • • Алматы көшелері
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

Басты бет / Әлеумет / Сенат Тұңғыш Президент күнін мемлекеттік мереке қа...

Сенат Тұңғыш Президент күнін мемлекеттік мереке қатарынан шығаратын құжатты қабылдады

Әлеумет 22.09.2022, 05:15 949
Сенат Тұңғыш Президент күнін мемлекеттік мереке қатарынан шығаратын құжатты қабылдады

Түзетулер Президентке қол қоюға жіберілді.


Парламент депутаттары Сенатының жалпы отырысында Тұңғыш Президент күнін мемлекеттік мерекелер қатарынан алып тастауға бағытталған заңды қабылдады, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz ҚазАқпаратқа сілтеме жасап.


Бұл норма «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне кинематография, мәдениет және мерекелер мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» заң жобасында қамтылған.


Осы орайда «Қазақстан Республикасындағы мерекелер туралы» Заңға 25 қазан – Республика күні ұлттық мереке және 16 желтоқсан – Тәуелсіздік күні мемлекеттік мереке болып белгіленетін өзгерістер енгізу қарастырылған. Сондай-ақ 1 желтоқсан – Тұңғыш Президент күнін мемлекеттік мерекелер тізімінен алып тастау ұсынысына қолдау жасалды.


Бұл құжатта «Кинематография туралы» және «Мәдениет туралы» Қазақстан Республикасының заңдарына мынадай тұжырымдамалық түзетулер мен жаңашылдықты көздейтін өзгерістер мен толықтырулар енгізу ұсынылған:


- кинематография саласын мемлекеттік қаржылық қолдау;


- кинематография саласының материалдық-техникалық базасын сақтау мен дамытуды жүйелендіру және заңнамалық регламенттеу;


- балалар анимациялық фильмдері мен отбасымен көруге арналған фильмдерді қазақ тілінде дубляждауды мемлекеттік қолдау;


- кинематография саласында мемлекеттік қаржылық қолдауды алу үшін кинематографиялық қызмет субъектілерінің шеңберін кеңейту;


- Ұлттық киноны қолдау мемлекеттік орталығының жанынан Ұлттық кинокомиссия құру механизмін және оның қызмет етуін заңнамалық реттеу;


- халықаралық ареналарда ұлттық фильмдерді ілгерілетуді мемлекеттік қолдау;


- ұлттық фильмдерді шығаруға бөлінетін қаржыны: тарихи, патриоттық және имидждік фильмдерге – 70 пайыз, ал жеке киножобаларды, оның ішінде дебюттік фильмдерді қоса қаржыландыруға – 30 пайыз бөлудің жаңа тәсілдерін айқындау;


- «Кинематография туралы» Қазақстан Республикасы заңының нормаларын іске асыру кезінде бірыңғай құқық қолдану тәжірибесін қамтамасыз ету үшін жаңа түсініктер енгізу.

Телеграм арнаға жазылыңыз
#Қазақстан #парламент #Сенат #мейрам
Бөлісу:
Жүктелуде...

Соңғы жаңалықтар

Досынан 1500 теңге қарызын сұраған қазақстандық істі болды

Бүгін 10:41

Бурабайда квадроцикл апатынан 24 жастағы қыз ауыр халде жатыр

Бүгін 10:23

Қысқы Олимпиада: бүгін жарыс жолында ел намысын кімдер қорғайды?

Бүгін 10:07

Жарты ғасырдан кейінгі жүздесу: Оралда ағайындылар 54 жылдан соң қауышты

Бүгін 09:42

Қазақстандағы орташа зейнетақының жаңа мөлшері белгілі болды

Бүгін 09:33
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
  • alatauaqparat@gmail.com
Copyright 2024, "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті.