Freedom Референдум
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Алматы
    • Ресми бөлім
    • Спорт
    • Керек кеңес
    • Медицина
    • Білім және ғылым
    • Заң мен тəртіп
    • Оқиға
    • Не? Қайда? Қашан?
    • Эксклюзив
    • Алматы көшелері
  • 📰 Газет
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Алматы
    • • Ресми бөлім
    • • Спорт
    • • Керек кеңес
    • • Медицина
    • • Білім және ғылым
    • • Заң мен тəртіп
    • • Оқиға
    • • Не? Қайда? Қашан?
    • • Эксклюзив
    • • Алматы көшелері
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

Басты бет / Әлеумет / Сенат төрағасы ел халқын Наурыз мерекесімен құттық...

Сенат төрағасы ел халқын Наурыз мерекесімен құттықтады

Әлеумет 22.03.2024, 05:01 991
Сенат төрағасы ел халқын Наурыз мерекесімен құттықтады
Сурет: Egemen.kz

ҚР Парламенті Сенатының төрағасы Мәулен Әшімбаев қазақстандықтарды Наурыз мейрамымен құттықтады, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz.





«Құрметті достар!


Баршаңызды Ұлыстың ұлы күні – Наурыз мейрамымен шын жүректен құттықтаймын!


Наурыз – ізгілік, тазалық, жанашырлық сияқты маңызды құндылықтарды дәріптейтін көктем мерекесі. Жаңару мен жаңғырудың бастауы болған бұл мейрам – біздің төл жаңа жылымыз. Сондықтан халқымыз ежелден осы күнге ерекше мән беріп, Әз-Наурызды жақсылықтың, жарасымдылықтың және жасампаздықтың жаршысы ретінде дәріптеп келеді.


Президентіміз Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаевтың бастамасымен биыл елімізде Наурыз мейрамы жаңаша аталып өтіп жатыр. Арнайы Наурызнама онкүндігі жарияланып, көрісу, қайырымдылық, мәдениет және салт-дәстүр, шаңырақ, ұлттық киім, жаңару, ұлттық спорт, ынтымақ, жыл басы және тазару сияқты қоғамды ұйыстырар құндылықтарға баса мән берілуде.


Мұндай қадам ұлттық бірегейлікті нығайту және мерекенің маңызы мен мазмұнын арттыру жолында айрықша мәнге ие. Алдағы уақытта бұл бастама игі дәстүрге айналып, халқымыздың тәрбие мен тағылымға табан тіреген озық ойлы ұлт болып қалыптасуына өз септігін тигізеді деп сенемін.


Баршаңызды мерекемен құттықтай отырып, елімізге амандық пен тыныштық, әр шаңыраққа шаттық пен бақ-береке тілеймін!


Ұлыс оң болсын!»,-деп жазды Сенат төрағасы өзінің Facebook парақшасында.



Телеграм арнаға жазылыңыз
#сенат төрағасы #Мәулен Әшімбаев #наурыз #құттықтау
Бөлісу:
Жүктелуде...

Соңғы жаңалықтар

Үлкен Алматы көліне апаратын жүргінші соқпағы 2026 жылы салынады

Бүгін 16:42

Алматыда жаңа перзентхана мен амбулатория құрылысына 3,6 млрд теңге бөлінеді

Бүгін 16:37

Алматыда тоғыз білім беру нысанының құрылысы аяқталып қалды

Бүгін 16:33

2026 жылы Алматының нақтыланған бюджеті 2,8 трлн теңге болды

Бүгін 16:28

Алматыда "Almaty Business – 2030" кәсіпкерлікті дамытудың жаңа бағдарламасы ұсынылды

Бүгін 16:26
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
  • alatauaqparat@gmail.com
Copyright 2024, "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті.