AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Барлығы
    • Ресми бөлім
    • Спорт
    • Керек кеңес
    • Медицина
    • Білім және ғылым
    • Заң мен тəртіп
    • Оқиға
    • Не? Қайда? Қашан?
    • Эксклюзив
    • Алматы көшелері
    • Жолдау
    • Келешек мектептері
  • Жаңа Конституция
Қазақ Qazaq قازاق Русский
Қазақ Qazaq قازاق Русский
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Барлығы
    • • Ресми бөлім
    • • Спорт
    • • Керек кеңес
    • • Медицина
    • • Білім және ғылым
    • • Заң мен тəртіп
    • • Оқиға
    • • Не? Қайда? Қашан?
    • • Эксклюзив
    • • Алматы көшелері
    • • Жолдау
    • • Келешек мектептері
  • Жаңа Конституция
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

💱 Валюта бағамы:

Басты бет / Саясат / Сенат төрағасы Бучадағы жағдайға байланысты пікір...

Сенат төрағасы Бучадағы жағдайға байланысты пікір білдірді

Саясат 07.04.2022, 06:07 1,685
Сенат төрағасы Бучадағы жағдайға байланысты пікір білдірді
Сурет: 9111.ru

Бучадағы жағдай бойынша БҰҰ аясында тергеу жүргізу керек – Мәулен Әшімбаев


Сенаттың жалпы отырысынан кейін тілшілер палата спикерінен Украинаның Буча қаласындағы оқиғаға қатысты Қазақстанның ұстанымын сұрады.



«Бәріміз бұқаралық ақпарат құралдарынан да, әлеуметтік желілерден де Бучадағы және басқа да елді мекендерде болған жағдайды көріп жатырмыз. Бучадағы жағдай – үлкен трагедия. Украина тарапы геноцид деп айтып жатқанын естіп жатырмыз. Ал Ресей тарапы бұны істемегенін алға тартуда. Сол себепті халықаралық ұйымдардың аясында, БҰҰ ауқымында комиссия құралады деген ойдамын. Сол комиссия объективті түрде жан-жақтан ақпаратты жинап, адамдармен кездесіп, сол жерге барып, халықаралық қауымдастыққа мәлімет бергені дұрыс. Бейбіт адамдар қаза болды. Сондықтан бұл жағдай «қалай болды, неге болды» деген сұрақтар аясында халықаралық ұйымдардың қатысуымен анықталу керек», - деді Сенат төрағасы.



Осы орайда М. Әшімбаев бұл оқиғаға қатысты эмоцияға салынбай, БҰҰ аясында үлкен тергеу жұмыстарын жүргізген орынды болатынын атап өтті.



«Мұндай мәселелерге қатысты халықаралық конвенциялар да, халықаралық шарттар да бар. Бұл тұрғыда БҰҰ аясында тиісті жұмыстар ұйымдастырылғаны дұрыс болатыны сөзсіз. Қазақстанның ресми позициясын Сыртқы істер министрлігіне сұрау салып, солардан алғандарыңыз дұрыс болады. Жақында Президентіміз өз мақаласында айтып кеткендей, біз Украинаның территориялық тұтастығын сыйлаймыз. Бұл жерде позициямыз анық. Соңғы айда бұл мәселені бірнеше рет Президент те, Сыртқы істер министрі де айтты», - деді Сенат төрағасы.



Айта кетейік, дүйсенбіде Мәскеу Бучадағы жағдайға байланысты БҰҰ Қауіпсіздік кеңесінің отырысын шақыруды талап етті.


Телеграм арнаға жазылыңыз
#сенат төрағасы #пікір #Украина
Бөлісу:
Жүктелуде...

Соңғы жаңалықтар

Қазақстандық оқушылар Ташкенттегі олимпиадада үздік атанды

Бүгін 17:16

Пара үстел теннисінен ел чемпионатында ШҚО спортшылары 19 медаль жеңіп алды

Бүгін 16:48

Алматыда «Қазақстанның үздік тауары» таңдалады

Бүгін 16:23

Асанәлі Әшімов театрында «Мұғалім» драмасының премьерасы өтеді

Бүгін 15:55

Қазақстан өңірлер экономикасын қалай дамытып жатыр?

Бүгін 15:24
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Alatau Aqparat" медиахолдингі

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Жазылу
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
Copyright 2026, "Alatau Aqparat" медиахолдингі
Яндекс.Метрика
// SMI24 виджет setTimeout(function() { if (typeof Smi24 !== 'undefined') { Smi24.init('[data-smi-widget-id="130"]'); } }, 1500);