AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Құрылтай
  • Барлығы
    • Ресми бөлім
    • Спорт
    • Керек кеңес
    • Медицина
    • Білім және ғылым
    • Заң мен тəртіп
    • Оқиға
    • Не? Қайда? Қашан?
    • Эксклюзив
    • Алматы көшелері
    • Жолдау
    • Келешек мектептері
    • Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес
  • Жаңа Конституция
Қазақ Qazaq قازاق Русский
Қазақ Qazaq قازاق Русский
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Құрылтай
  • Барлығы
    • • Ресми бөлім
    • • Спорт
    • • Керек кеңес
    • • Медицина
    • • Білім және ғылым
    • • Заң мен тəртіп
    • • Оқиға
    • • Не? Қайда? Қашан?
    • • Эксклюзив
    • • Алматы көшелері
    • • Жолдау
    • • Келешек мектептері
    • • Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес
  • Жаңа Конституция
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

💱 Валюта бағамы:

Басты бет / Әлеумет / Сенат депутаты БАҚ қызметкерлерінің жалақысын көте...

Сенат депутаты БАҚ қызметкерлерінің жалақысын көтеруге үндеді

Әлеумет 26.05.2022, 10:32 1,461
Сенат депутаты БАҚ қызметкерлерінің жалақысын көтеруге үндеді
Сурет: Kznews.kz

Бүгін Сенаттың жалпы отырысында халықтың табысын арттыру бағдарламасы талқыланды.


Бірақ бұқаралық ақпарат құралдары қызметкерлерінің жалақысына қатысты жоспар жоқ. Сенатор Нұртөре Жүсіп осы мәселеге баса назар аударуды сұрады, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz


Себебі қазіргі реформалардың сәтті іске асуы оны халыққа дұрыс түсіндіру жұмыстарына тікелей байланысты.


Сенат депутаты Нұртөре Жүсіп Үкіметті бұқаралық ақпарат құралдары қызметкерлерінің жалақысын көтеруге үндеді.



«Сапалы хабар, пайдалы ақпарат бәрімізге керек. Бірақ БАҚ саласындағы қызметкерлердің еңбекақысы республика бойынша орташа көрсеткіштен де төмен, 202 мың ғана. Журналистер не бюджет саласының қызметкерлеріне жатпайды, не коммерцияға жатпайды. Бірақ қолымен де, миымен де жұмыс істейтін адамдарды, бәлкім, өндіріс қызметкерлері деп, өндірістік талаптарға сай қаржыландыру керек шығар деген ұсынысым бар», - деді Жүсіп.



Сенатор бұқаралық ақпарат құралдарында журналистер ғана емес, оператор, бейнеинженер, монтажерлер мен жарықпен жұмыс істейтін мамандар да жұмыс істеп жатқанын еске салды. Барлығы бір жұдырық болып, барлық реформаны халыққа жеткізуге тырысып отырады.



«Барлығының жалақысы өте төмен. Сондықтан біз реформалар жақсы жүрсін десек, бірінші кезекте бұқаралық ақпарат саласы қызметкерлерінің жалақысын дұрыстауымыз керек. Анау Нартайдың айлығы мен Познердің айлығын салыстырсаңыз, жер мен көктей», - деп атап өтті Жүсіп.


Телеграм арнаға жазылыңыз
#БАҚ #Сенат #жалақы
Бөлісу:
Жүктелуде...

Соңғы жаңалықтар

Алматы қаласындағы Almaty Theatre сахнасында «Cinema Hits» концерттік жобасы өтті

Бүгін 19:04

«Әзірет Сұлтан» музейі Ясауи тағылымын анимация арқылы танытты

Бүгін 17:15

Алматыда 1,2 тоннаға жуық мерзімі өткен дәрі-дәрмек жиналып, қауіпсіз жолмен жойылды

Бүгін 16:24

Қазақстан Халық Кеңесі Батыс Қазақстан облысында  «Жаңа қоғамдық этика: мәдениет, әдеп, әдет» республикалық форумын өткізді

Бүгін 15:53

Алматыда туризмді дамытуға қосқан үлесі үшін ICONIC Tourism Award сыйлығы алғаш рет табысталады

Бүгін 14:45
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Alatau Aqparat" медиахолдингі

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Жазылу
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
Copyright 2026, "Alatau Aqparat" медиахолдингі
Яндекс.Метрика
// SMI24 виджет setTimeout(function() { if (typeof Smi24 !== 'undefined') { Smi24.init('[data-smi-widget-id="130"]'); } }, 1500);