AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Құрылтай
  • Барлығы
    • Ресми бөлім
    • Спорт
    • Керек кеңес
    • Медицина
    • Білім және ғылым
    • Заң мен тəртіп
    • Оқиға
    • Не? Қайда? Қашан?
    • Эксклюзив
    • Алматы көшелері
    • Жолдау
    • Келешек мектептері
    • Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес
  • Жаңа Конституция
Қазақ Qazaq قازاق Русский
Қазақ Qazaq قازاق Русский
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Құрылтай
  • Барлығы
    • • Ресми бөлім
    • • Спорт
    • • Керек кеңес
    • • Медицина
    • • Білім және ғылым
    • • Заң мен тəртіп
    • • Оқиға
    • • Не? Қайда? Қашан?
    • • Эксклюзив
    • • Алматы көшелері
    • • Жолдау
    • • Келешек мектептері
    • • Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес
  • Жаңа Конституция
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

💱 Валюта бағамы:

Басты бет / Сайлау-2023 / Сенат депутаттығына кандидаттарды ұсыну аяқталды

Сенат депутаттығына кандидаттарды ұсыну аяқталды

Сайлау-2023 15.12.2022, 11:19 2,325
Сенат депутаттығына кандидаттарды ұсыну аяқталды
almaty-akshamy.kz

Сенат депутатының бір орнына 6 адамнан үміткер. Бұл туралы ҚР Орталық сайлау комиссиясы төрағасының орынбасары Константин Петров айтты, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.



«Осы жылдың 29 қарашасы мен 14 желтоқсаны аралығында Парламент Сенаты депутаттығына 130 кандидат ұсынылды. Осылайша, бәсекелестік 1 депутат орнына 6 адамнан астамды құрайды. Өңірлер арасында Абай, Батыс Қазақстан, Қызылорда облыстарында ұсынылған канидаттардың саны басым – 8 адамнан, Астана мен Алматыда – 10 адамнан. Ең аз үміткер Ақмола, Ақтөбе, Шығыс Қазақстан, Алматы, Жамбыл, Қостанай, Павлодар, Солтүстік Қазақстан облыстарында ұсынылды – 5 адамнан. Шымкент қаласында бір орынға 6 кандидат үміткер», - деді ол бүгін Орталық сайлау комиссиясының отырысында.



Оның дерегінше, кандидаттардың орташа жасы - 50,5 жас. Ең жас кандидат Ақтөбе облысында – 30 жас. Ал ең жасы үлкені Батыс Қазақстан облысында – 74 жаста. Кандидаттардың 25 пайызы, яғни 130 адамның 33-і - әйел.



«Қазіргі уақытта кандидаттарды тіркеу процесі жүріп жатыр. Ол 24 желтоқсанға дейін жалғасады. Бүгінге дейін сайлау комиссиялары 49 кандидатты тіркеді. Бәсекелестік барлық өңірде бар. Сенат депутаттығына кандидаттарды тіркеу қорытындысы күнтізбелік жоспарға сәйкес жеке отырысымызда қаралады. Тіркеу кезеңі 24 желтоқсан күні жергілікті уақыт бойынша сағат 18.00-де аяқталады», - деді Константин Петров.



Телеграм арнаға жазылыңыз
#Қазақстан #парламент #депутат
Бөлісу:
Жүктелуде...

Соңғы жаңалықтар

Алматы қаласындағы Almaty Theatre сахнасында «Cinema Hits» концерттік жобасы өтті

Бүгін 19:04

«Әзірет Сұлтан» музейі Ясауи тағылымын анимация арқылы танытты

Бүгін 17:15

Алматыда 1,2 тоннаға жуық мерзімі өткен дәрі-дәрмек жиналып, қауіпсіз жолмен жойылды

Бүгін 16:24

Қазақстан Халық Кеңесі Батыс Қазақстан облысында  «Жаңа қоғамдық этика: мәдениет, әдеп, әдет» республикалық форумын өткізді

Бүгін 15:53

Алматыда туризмді дамытуға қосқан үлесі үшін ICONIC Tourism Award сыйлығы алғаш рет табысталады

Бүгін 14:45
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Alatau Aqparat" медиахолдингі

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Жазылу
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
Copyright 2026, "Alatau Aqparat" медиахолдингі
Яндекс.Метрика
// SMI24 виджет setTimeout(function() { if (typeof Smi24 !== 'undefined') { Smi24.init('[data-smi-widget-id="130"]'); } }, 1500);