AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Барлығы
    • Ресми бөлім
    • Спорт
    • Керек кеңес
    • Медицина
    • Білім және ғылым
    • Заң мен тəртіп
    • Оқиға
    • Не? Қайда? Қашан?
    • Эксклюзив
    • Алматы көшелері
    • Жолдау
    • Келешек мектептері
  • Жаңа Конституция
Қазақ Qazaq قازاق Русский
Қазақ Qazaq قازاق Русский
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Барлығы
    • • Ресми бөлім
    • • Спорт
    • • Керек кеңес
    • • Медицина
    • • Білім және ғылым
    • • Заң мен тəртіп
    • • Оқиға
    • • Не? Қайда? Қашан?
    • • Эксклюзив
    • • Алматы көшелері
    • • Жолдау
    • • Келешек мектептері
  • Жаңа Конституция
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

💱 Валюта бағамы:

Басты бет / Әлеумет / Семейде туған қазақстандықтарға көмек беріледі

Семейде туған қазақстандықтарға көмек беріледі

Әлеумет 18.04.2022, 06:34 1,331
Семейде туған қазақстандықтарға көмек беріледі
Сурет: 365info.kz

Полигон аумағында 1949-1965, сондай-ақ 1966-1990 жылдар аралығында өмір сүрген азаматтар eGov.kz порталында жаңа қызметтің көмегімен мемлекеттен төлем ала алады.


Мемлекеттік қызметті көрсету нәтижесі 20 жұмыс күні ішінде дайын болады, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz.


Мемлекеттік қызметтің көмегімен азаматтарға жеңілдіктер мен өтемақыларға құқығын растайтын куәлік алу мүмкіндігі беріледі. Жаңа қызмет eGov.kz порталында тегін көрсетіледі және 2022 жылдан бастап қолжетімді. Қызмет іске қосылғаннан бері 311 азамат онлайн режимінде куәлік пен өтемақы алуға өтініш берді. Осындай қызмет еліміздегі ХҚКО-ның көмегімен де көрсетіледі. Тек 2021 жылдың өзінде 7 мыңға жуық адам қағаз түрінде өтініш берген.



«Бұл қызмет бұрын ХҚКО арқылы қағаз түрінде ғана көрсетілетін. Азаматтарға ыңғайлы болу үшін мемлекеттік органдармен бірлесіп, қызметті онлайн форматқа көшірдік. Бұл Семей өңірінің тұрғындары үшін өте маңызды әрі қажетті қызмет деп ойлаймыз. «ҰАТ» АҚ ұжымының атқарған жұмысының арқасында онлайн мемлекеттік қызметтердің тізімі күннен-күнге өсіп келеді», - деп «ҰАТ» АҚ басқарма төрағасы Ростислав Коняшкин атап өтті.



Қызметті пайдалану үшін egov.kz порталына кіріп, басты бетте «Әлеуметтік қамсыздандыру» бөлімін ашып, «Отбасыларға көмек» тармағын таңдап, қажет қызметті таңдау қерек. Әрі қарай, пайдаланушы:


- порталда авторизацияланады;


- онлайн қызметке тапсырыс береді;


- барлық қажетті жолдарды толтырады;


-ЭЦҚ немесе екі факторлы аутентификация көмегімен өтінімге қол қояды.


Мемлекеттік қызметті көрсету нәтижесі 20 жұмыс күні ішінде дайын болады.

Телеграм арнаға жазылыңыз
#семей #көмек #онлайн
Бөлісу:
Жүктелуде...

Соңғы жаңалықтар

Пара үстел теннисінен ел чемпионатында ШҚО спортшылары 19 медаль жеңіп алды

Бүгін 16:48

Алматыда «Қазақстанның үздік тауары» таңдалады

Бүгін 16:23

Асанәлі Әшімов театрында «Мұғалім» драмасының премьерасы өтеді

Бүгін 15:55

Қазақстан өңірлер экономикасын қалай дамытып жатыр?

Бүгін 15:24

Алматыдағы «Жан-Сая» дағдарыс орталығында 3,4 мыңнан астам адам көмек алды

Бүгін 14:38
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Alatau Aqparat" медиахолдингі

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Жазылу
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
Copyright 2026, "Alatau Aqparat" медиахолдингі
Яндекс.Метрика
// SMI24 виджет setTimeout(function() { if (typeof Smi24 !== 'undefined') { Smi24.init('[data-smi-widget-id="130"]'); } }, 1500);