Freedom Референдум
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Алматы
    • Ресми бөлім
    • Спорт
    • Керек кеңес
    • Медицина
    • Білім және ғылым
    • Заң мен тəртіп
    • Оқиға
    • Не? Қайда? Қашан?
    • Эксклюзив
    • Алматы көшелері
  • 📰 Газет
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Алматы
    • • Ресми бөлім
    • • Спорт
    • • Керек кеңес
    • • Медицина
    • • Білім және ғылым
    • • Заң мен тəртіп
    • • Оқиға
    • • Не? Қайда? Қашан?
    • • Эксклюзив
    • • Алматы көшелері
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

Басты бет / Әлеумет / Семей орманындағы өртті сөндіруге аптап ыстық пен...

Семей орманындағы өртті сөндіруге аптап ыстық пен жел кедергі болып тұр

Әлеумет 10.06.2023, 06:10 1,250
Семей орманындағы өртті сөндіруге аптап ыстық пен жел кедергі болып тұр
Сурет: ТЖМ

Абай облысында үш учаскеде өрт сөндіру жұмыстары әлі жалғасып жатыр.


ТЖМ Өртке қарсы қызмет комитетінің төрағасы Нұрболат Дербісовтің айтуынша, қазір жағдай тұрақталып келеді, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz



"Төтенше жағдай министрі Юрий Ильиннің өкіміне сәйкес бүгін таңғы сағат 4-те өрт орнына Қарағанды мен Алматы облыстарынан ҚР ТЖМ 52859 және 28237 әскери бөлімдерінің әскери қызметкерлері жіберілді. Қазіргі уақытта Абай облысында 3 учаскеде: Поднебесное, Успенка ауылдарында, Каштак орманшылығында өртті сөндіру жұмыстары жалғасып жатыр", - деп хабарлады ТЖ министрлігі.



Аэровизуалды тексеріс жүргізілуде.


Сонымен қатар, өрт орнына қосымша арнайы байланыс құралдарымен жарақтандырылған жылжымалы басқару пункті жіберілді. Басқару органы ол жерден де төтенше жағдай аймағында өз функцияларын жүзеге асырады.


ТЖМ Өртке қарсы қызмет комитетінің төрағасы Нұрболат Дербісовтің айтуынша, қазір жағдай тұрақталып келеді. Алайда аптап ыстық пен жел өртті сөндіру жұмыстарын қиындатып тұр.



"Таңертеңнен бастап тікұшақпен өртті барлау жұмыстары жүріп жатыр. Таңғы алтыдан 8 тікұшақ өртті сөндіруге кірісіп кетті. Одан бөлек барлық техника мен жеке құрам жұмылдырылды", - деді ол.



Тілсіз жаумен күреске қорғаныс министрлігінің күштері де тартылған.


 

Телеграм арнаға жазылыңыз
#өрт #жел #Абай
Бөлісу:
Жүктелуде...

Соңғы жаңалықтар

Қысқы Олимпиада: бүгін жарыс жолында ел намысын кімдер қорғайды?

Бүгін 10:07

Жарты ғасырдан кейінгі жүздесу: Оралда ағайындылар 54 жылдан соң қауышты

Бүгін 09:42

Қазақстандағы орташа зейнетақының жаңа мөлшері белгілі болды

Бүгін 09:33

Үш жеңіс: алматылық жас инженерлер Central Asia FIRST Championship 2026 чемпионатында жоғары нәтиже көрсетті

Бүгін 09:11

Таразда белгісіз ер адамдар 13 жастағы қызды ұрлап әкетпек болған

Бүгін 09:07
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
  • alatauaqparat@gmail.com
Copyright 2024, "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті.