ffin.kz
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Қала тынысы
    • Саясат
    • Әлеумет
    • Өмір-өзен
    • Экономика
    • Мәдениет
    • Әлем
  • Freedom
  • Бізді де біле жүріңіз
    • Алматы құшағында
  • dddd
  • Сайлау-2023
  • Тәуелсіздік-30
    • Тәуелсіздік-30
  • Еуро-24
  • Париж-2024
  • 📰 Газет
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Қала тынысы
    • • Саясат
    • • Әлеумет
    • • Өмір-өзен
    • • Экономика
    • • Мәдениет
    • • Әлем
  • Freedom
  • Бізді де біле жүріңіз
    • • Алматы құшағында
  • dddd
  • Сайлау-2023
  • Тәуелсіздік-30
    • • Тәуелсіздік-30
  • Еуро-24
  • Париж-2024
  • АЭС: Референдум
  • Таза Қазақстан
  • Көшпенділер ойыны
  • BRT-Райымбек
  • BRT-Желтоқсан
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

Басты бет / Әлеумет / Семей ядролық полигонының жабылғанына 30 жыл толды

Семей ядролық полигонының жабылғанына 30 жыл толды

Әлеумет 29.08.2021, 14:03 2,005
Семей ядролық полигонының жабылғанына 30 жыл толды
сурет: Inform.kz
Семейдегі ядролық жарылыстың қуаты Хиросимамен салыстырғанда 2 жарым мың есеге көп болға әрі мұнда дәл сондай 500-ден аса сынақ өткізілген.

Семейдегі ядролық жарылыстың қуаты Хиросимамен салыстырғанда 2 жарым мың есеге көп болға әрі мұнда дәл сондай 500-ден аса сынақ өткізілген. 


Биыл ел тарихындағы аса ауыр апат – атомдық жарылыстың тоқтағанына 30 жыл. «Невада-Семей» қозғалысының әсерімен 1991 жылы ресми қаулы қабылданып, қазақ жерінде, Семей өлкесінде ядролық сынақтың мүлдем тоқтайтыны жарияланған еді. Күні кеше Қазақстан Журналистер одағы ұйымдастырған баспасөз мәслихаты да осы айтулы күннің маңызын дәріптеуге бағытталды, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz Almaty.tv-ге сілтеме жасап.


Сол азапты жылдардың куәсі болған, әлем назарын аударған қозғалыстың басы-қасында жүрген азаматтар «Полигонның 40 жылғы қасіретін бүгінгі ұрпақ жете түсінсе»,– дейді. Семейдегі ядролық жарылыстың қуаты Хиросимамен салыстырғанда 2 жарым мың есеге көп болғаны, әрі мұнда дәл сондай 500-ден аса сынақтың өткізілгені мәлім. Ал, жарылыстың зардабы радиациялық сәулеленудің ықпалынан басталып, түрлі генетикалық мутацияға, ауытқулар мен тәндік ерекшеліктерге жалғасты.
«Полигонның қасындағы 1 жарым миллион адамнан радиация өтті. Радиация деген не? Радиация – ол өзі ауру, оның баласы, немересіне дейін ауырады. Жерге ең бірінші өтеді. Жерге, суға былай айтқанда. Ол жер болған соң шөп өседі ғой сол жерден? Мал жаяды, радиация өтеді. Сол малдың етін, сүтін ел жейді», – деді «Невада-Семей» халықаралық антиядролық қозғалысының ардагері Майдан Әбішев.
1989 жылы құрылған «Невада-Семей» қозғалысы осы азаптың соңғы нүктесін қойды. Белсенділердің жұмысы халық арасында кең қолдау тапты. Әлем назарын Қазақстанға аударған бұл үндеу тек елдегі емес, жаһан жұртына қауіп төндірген ядроның 11 ошағын жауып тынды. Күні кеше бас қосқан ардагерлер «сол азапты тарих ұмытылмауы керек», – дейді.



«Жарылыстың тоқтауы – ең әуелі халықтың ұлы ерлігі. Қозғалыстың қатысушылары сол уақытта 2 млн адамның қолын жинады, сол 2 млн жұдырықтай жұмылып, «Жарылыс тоқтатылсын!» деп ұрандадық», – деді Қазақстанның Еңбек Ері Олжас Сүлейменов», – деді Қазақстанның Еңбек Ері Олжас Сүлейменов.



Жиында «Невада-Семей» антиядролық қозғалысының жұмысын белсенді дәріптеген бұқаралық ақпарат құралдарының өкілдері арнайы төсбелгімен марапатталды. Айта кету керек, аталған қозғалыс 32 жыл бойы өз жұмысын жалғастырып келеді. Оның басты ұстанымы – ел мен әлем жұрты атом азабын тартпаса деген бейбіт бастамадан туған.

Телеграм арнаға жазылыңыз
Бөлісу:
Жүктелуде...

Көп оқылған

1

30 ЖЫЛДЫҢ 30 ЖЕТІСТІГІ

76,433 қаралым
2

Алматы SOS: коммуналдық қызметшілерге арналған ыстық шай және кондитер өнімдері

43,252 қаралым
3

Отбасы туралы мақал-мәтелдер

39,264 қаралым
4

Жас жеткіншектер - елдің ертеңі!

35,982 қаралым
5

Жастар - елдің болашағы!

34,178 қаралым
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
  • alatauaqparat@gmail.com
Copyright 2024, "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті.