ffin.kz
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Қала тынысы
    • Саясат
    • Әлеумет
    • Өмір-өзен
    • Экономика
    • Мәдениет
    • Әлем
  • Freedom
  • Бізді де біле жүріңіз
    • Алматы құшағында
  • dddd
  • Сайлау-2023
  • Тәуелсіздік-30
    • Тәуелсіздік-30
  • Еуро-24
  • Париж-2024
  • 📰 Газет
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Қала тынысы
    • • Саясат
    • • Әлеумет
    • • Өмір-өзен
    • • Экономика
    • • Мәдениет
    • • Әлем
  • Freedom
  • Бізді де біле жүріңіз
    • • Алматы құшағында
  • dddd
  • Сайлау-2023
  • Тәуелсіздік-30
    • • Тәуелсіздік-30
  • Еуро-24
  • Париж-2024
  • АЭС: Референдум
  • Таза Қазақстан
  • Көшпенділер ойыны
  • BRT-Райымбек
  • BRT-Желтоқсан
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

Басты бет / Әлеумет / Сейфуллин саябағының сәні кірді

Сейфуллин саябағының сәні кірді

Әлеумет 15.03.2025, 14:04 532
Сейфуллин саябағының сәні кірді
Қайрат Қонысбаев
Бүгін “Алматы – біздің ортақ үйіміз” экологиялық шарасы аясында Түрксіб ауданында кең көлемді сенбілік өтті. Сейфуллин атындағы саябақ пен оның маңайындағы гүлзарлар тазартылып, абаттандыру...

Бүгін “Алматы – біздің ортақ үйіміз” экологиялық шарасы аясында Түрксіб ауданында кең көлемді сенбілік өтті. Сейфуллин атындағы саябақ пен оның маңайындағы гүлзарлар тазартылып, абаттандыру жұмыстары жүргізілді. Сенбілікке 200-ден астам адам қатысып, қаланың тазалығына өз үлестерін қосты.

Саябақта бұл күні апатты ағаштар анықталып, көп жылдық қылқан жапырақты көшеттер, шыршалар отырғызылды. Саябаққа тиесілі 9 гектар жер тазартылып, қоқыстар жиналды. Мұндағы орындықтар қалпына келтіріліп,  қоқыс жәшіктері жаңартылды. Тазалық жұмыстарына 5 арнайы техника жұмылдырылды.

Түрксіб ауданы әкімі Бақытжан  Ақжаров шараның маңыздылығын атап өтті:

- “Алматы – біздің ортақ үйіміз. Оны таза, көрікті әрі жайлы қалаға айналдыру – әрбіріміздің міндетіміз. Бүгін біз тек саябақты тазалап қана қоймай, оның жаңаруына да атсалысып жатырмыз. Баршаңызды туған қаламыздың тазалығына үлес қосуға шақырамын!”

Бұл игі бастамаға Қазақ мемлекеттік циркінің әртістері де қолдау көрсете келіпті.

- “Сенбілік – тек тазалық шарасы ғана емес, туған жерге деген сүйіспеншіліктің көрінісі. Табиғатты аялау, айналамызды таза ұстау – бәріміздің ортақ міндетіміз. Әр азамат қаламыздың көркеюіне өз үлесін қосуы керек!” – дейді цирк әртісі Еркебұлан Сүлейменов. 

Ал “Nomad” каскадерлік тобының мүшесі Бақыт Кенжехан өз ойын бұлайша жеткізді:

- “Біз “Nomad” каскадерлік тобының мүшелері осы бастамаға қолдау көрсетуге келдік. Бәріміз бірге еңбек етіп, қоршаған ортаны тазартып, табиғаттың жаңаруына үлес қосып жатырмыз. Мұндай шаралар адамдарды жақындастырып, ортақ мақсатқа біріктіреді. Қаламызды таза, көрікті етіп сақтайық! Өйткені Алматының тазалығы бәрімізге ортақ.”

Әп- сәтте сенбілікке қатысушылар өздері жинаған жердің тазарғанын көріп, қуанып жатыр. Ал шараны ұйымдастырушылар мұндай тазалық жұмыстарының әлі де жалғаса беретінін айтады.

“Қаланың тазалығы – оның тұрғындарының мәдениетіне де тікелей қатысты” деген сөз бар. Бұл бәрімізге қатысты айтылса керек.

Алматыны аялайық! Ол сіз бен біздің қолымыздан келеді!

Телеграм арнаға жазылыңыз
Бөлісу:
Жүктелуде...

Көп оқылған

1

30 ЖЫЛДЫҢ 30 ЖЕТІСТІГІ

76,441 қаралым
2

Алматы SOS: коммуналдық қызметшілерге арналған ыстық шай және кондитер өнімдері

43,255 қаралым
3

Отбасы туралы мақал-мәтелдер

39,322 қаралым
4

Жас жеткіншектер - елдің ертеңі!

35,986 қаралым
5

Жастар - елдің болашағы!

34,183 қаралым
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
  • alatauaqparat@gmail.com
Copyright 2024, "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті.