AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Құрылтай
  • Барлығы
    • Ресми бөлім
    • Спорт
    • Керек кеңес
    • Медицина
    • Білім және ғылым
    • Заң мен тəртіп
    • Оқиға
    • Не? Қайда? Қашан?
    • Эксклюзив
    • Алматы көшелері
    • Жолдау
    • Келешек мектептері
    • Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес
  • Жаңа Конституция
Қазақ Qazaq قازاق Русский
Қазақ Qazaq قازاق Русский
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Құрылтай
  • Барлығы
    • • Ресми бөлім
    • • Спорт
    • • Керек кеңес
    • • Медицина
    • • Білім және ғылым
    • • Заң мен тəртіп
    • • Оқиға
    • • Не? Қайда? Қашан?
    • • Эксклюзив
    • • Алматы көшелері
    • • Жолдау
    • • Келешек мектептері
    • • Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес
  • Жаңа Конституция
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

💱 Валюта бағамы:

Басты бет / Әлеумет / Сейфуллин-Жансүгіров жолайрығын іске қосу көлік жү...

Сейфуллин-Жансүгіров жолайрығын іске қосу көлік жүктемесін азайтады

Әлеумет 28.08.2024, 12:59 1,377
Сейфуллин-Жансүгіров жолайрығын іске қосу көлік жүктемесін азайтады
Сурет Алматы қаласы әкімдігі

Сейфуллин-Жансүгіров жолайрығын іске қосу  бірқатар көшелердің өткізу қабілетін орта есеппен 15-20-ға арттыруға мүмкіндік береді

Алматы мәслихатының кезекті сессиясы барысында қалалық  мобилділік басқармасының басшысы Сағындық Телібаев депутаттардың осы жолайрығын іске қосудың әсері және көлік саласындағы басқа да ірі жобалар құрылыстарының барысы туралы сұрақтарына жауап берді, деп хабарлайды aqshamnews.kz

«Сейфуллин даңғылы мен Жансүгіров көшесінің қиылысында жолайрығын салу Сейфуллин даңғылында өткізу қабілетін 15-20% – ға, Жансүгіров көшесі бойынша 15% - ға арттыруға мүмкіндік береді деп күтілуде», - деп атап өтті Сағындық Телібаев.

Оның айтуынша, бүгінде Саин, Төле би және Жұбанов көшелерін ұзарту жалғасуда. ҚМБ-ның басшысы бұл жұмыстың  тиімділігі қаланың батыс және солтүстік-батыс бөліктеріндегі кептелістерді 15% - ға азайту екенін атап өтті. 

«Сонымен қатар, Саин көшесі БАКАДҚА дейінгі радиалды жол болып табылады, бұл қаланың солтүстік-батыс бөлігін Үлкен Алматы айналма автомобиль жолына шығумен қамтамасыз етеді. Ал бұл өз кезегінде қала құрылысы аумағынан тыс транзиттік автокөліктің өтуі есебінен қаланың көше-жол желісінде көлік жүктемесін азайтады», - деді ол.

Естеріңізге сала кетейік, Сейфуллин-Жансүгіров  жолайрығындағы қозғалыс ағымдағы жылдың соңына дейін ашылады деп жоспарлануда. Бүгінгі таңда «Батыс» және «Шығыс» өткелдерінде рампалық учаскені, тротуарларды орнату,  инженерлік желілерді қайта құру, сондай-ақ жер үсті жаяу жүргіншілер өткелін салу бойынша жұмыстар жүргізілуде.

Телеграм арнаға жазылыңыз
#Сейфуллин-Жансүгіров #Көше #мәслихат
Бөлісу:
Жүктелуде...

Соңғы жаңалықтар

Алматы қаласындағы Almaty Theatre сахнасында «Cinema Hits» концерттік жобасы өтті

Бүгін 19:04

«Әзірет Сұлтан» музейі Ясауи тағылымын анимация арқылы танытты

Бүгін 17:15

Алматыда 1,2 тоннаға жуық мерзімі өткен дәрі-дәрмек жиналып, қауіпсіз жолмен жойылды

Бүгін 16:24

Қазақстан Халық Кеңесі Батыс Қазақстан облысында  «Жаңа қоғамдық этика: мәдениет, әдеп, әдет» республикалық форумын өткізді

Бүгін 15:53

Алматыда туризмді дамытуға қосқан үлесі үшін ICONIC Tourism Award сыйлығы алғаш рет табысталады

Бүгін 14:45
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Alatau Aqparat" медиахолдингі

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Жазылу
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
Copyright 2026, "Alatau Aqparat" медиахолдингі
Яндекс.Метрика
// SMI24 виджет setTimeout(function() { if (typeof Smi24 !== 'undefined') { Smi24.init('[data-smi-widget-id="130"]'); } }, 1500);