Freedom Референдум
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Алматы
    • Ресми бөлім
    • Спорт
    • Керек кеңес
    • Медицина
    • Білім және ғылым
    • Заң мен тəртіп
    • Оқиға
    • Не? Қайда? Қашан?
    • Эксклюзив
    • Алматы көшелері
  • 📰 Газет
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Алматы
    • • Ресми бөлім
    • • Спорт
    • • Керек кеңес
    • • Медицина
    • • Білім және ғылым
    • • Заң мен тəртіп
    • • Оқиға
    • • Не? Қайда? Қашан?
    • • Эксклюзив
    • • Алматы көшелері
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

Басты бет / Әлеумет / Сейфуллин даңғылындағы көпірде тозған плита­лар қа...

Сейфуллин даңғылындағы көпірде тозған плита­лар қалпына келтірілді

Әлеумет 11.07.2023, 04:27 976
Сейфуллин даңғылындағы көпірде тозған плита­лар қалпына келтірілді
almaty-akshamy.kz

Сейфуллин даңғылының Үлкен Алматы каналымен (ҮАК) қиылысындағы көпірді жөндеуге байланысты Алматы қалалық Мобильділік басқармасы БАҚ өкілдеріне арнайы баспасөз турын ұйымдастырды.


Түрксіб ауданының әкімі Бақытжан Ақжаров БАҚ өкіл­деріне «Алматы-1» темір жол бекетін қала орталығымен жал­ғап, үздіксіз қозғалысты қамтамасыз ететін даңғылдың бойын­дағы көпірде жүргізіліп жатқан жұмыстардың мәнісін түсіндірді.



«Аудан тұрғындары 80-жылдары салынған осы көпірдің жүргіншілерге қауіп туғызып отырғанын айтып, әкім болғалы үш жыл ішінде әлденеше рет шағымданды. Кей тұстағы қаптамалардың құлап, басқыштардың үгітіліп қалғанын көзіміз көріп отыр. ПИК төрағалары да аталған көпірдің қатерін еске салған. Айтайын дегеніміз, бұл көпірдің реттелуі қажеттігі. Бізге осы көпірден күнделікті өтетін жүргіншілердің амандығы маңызды. Сол үшін де қалалық Мобильділік басқармасына өтінішімізді жолдап, көпір құрылысын реттеуді сұрадық. Оның үстіне, биыл Сейфуллин даңғылына орташа жөндеу жұмыстары жүр­мекші. Осыны пайдаланып, төңірегіміздегі көпірді реттеу кезегі келіп тұр», – деді аудан әкімі.



Әлеуметтік желілерде тараған тұтас гранит-тастардың жойылғаны жөніндегі ақпараттың шындыққа жанаспайтынын айтқан профильдік басқарманың мәлімдеуінше, көпірдің тек апаттық қаптау фрагменті өзгереді. 1980 жылдан бері сақтал­ған сапалы гранит жабыны орнында қалады. Сейфуллин көпіріндегі гранит плиталар тазарту үшін алынып, бүтін тас­тар орнына қойылады. Көпір салынғаннан бері жөнделмеген. Әр жылдары ағымдағы жөндеу кезінде сынған, тозған плита­лар қалпына келтірілмек. Көпірдің қаптамасында екі түрлі материал: оң жақта – гранитті тастар, сол жақта, яки Сейфул­лин даңғылының жүру бөлігінде – қалыңдығы 20 мм кесілген гранит плиталар қолданылмақ.



Беті жылтыр, жақсы сақталған бүтін гранитті тастар ауыстырылмайды. Тек оларды тазалап, тегістеу үшін алып тастайды. Осыдан соң оларды осы учаскеде қайта пайдаланып, орнатады. Расында, баспалдақ жиектеріндегі плиталар ара­сында ыдырағаны бар. Тірек қабырғалары мен құрылымның өзіндегі гранит плиталардың қабыршақтанғаны байқалады. Әлбетте, бұл жағдайдың жаяу жүргіншілерге қаупі жоқ деп айта алмайсың. Басқарма басшысы жөндеу жұмысы барысын­да бұл плиталардың тазартылып, бастапқы қалпына келтірі­летінін атап айтты.



Сейфуллин даңғылының қозғалыс бөлігін қаптауға қол­данылған қалыңдығы 20 мм кесілген жалпақ гранит плитала­рында ақау жоқ емес, үгітілгені көрініп тұр. Демек, бұл плита­лар осыған ұқсас плиталарға ауыстырылады. Бөлшектелген және ауыстырылған плиталардың көлемі 25 пайыздан аспай­ды.


Әлеуметтік желіде тараған жаңа материалдардың сапасыз­дығы жөніндегі әңгіме де шындыққа жанаса қоймайды. Ор­натылатын гранит плиталарында мемлекеттік техникалық реттеу жүйесінің деректер тізілімінде тіркелген сәйкестік сертификаты бар. Осы сертификат тиісті түрде сәйкестендіріл­ген әрлеу плиталары – граниттен («Желтау», «Майкөл» және «Жалғыз-5» кен орындары) жасалғанын растайды. Бұл жұ­мыстарды шілденің соңына дейін аяқтау жоспарлануда. Көпірді жөндеу жаяу жүргіншілердің қауіпсіздігін қамтамасыз ету мақсатында Түрксіб ауданы тұрғындарының өтініштері бойынша жүргізіліп жатқанын айта кеткен жөн.



«Біздің басқарма ағымдағы жылы Сейфуллин даңғылы­ның 5,7 шақырымына орташа жөндеу жұмыстарын қолға алды. Осыған дейін мұндай жұмыс 2010 жылы атқарылған. Типтік талапқа сай, әр 5 жыл сайын осындай жұмыс жүргізі­луі тиіс. Асфальт-бетон жабынының жоғары бетіне поли­мер-шма салынады. Мұны Алматыда бірінші рет қолданып отырмыз. Осыған дейін шевен-мастикалық бетон салынып келген. Мұның өзі қаламыздың магистральды жолдарында автокөліктердің көбеюіне байланысты болып отыр», – деді Алматы қалалық Мобильділік басқармасының басшысы Сағындық Телбаев.





Телеграм арнаға жазылыңыз
#Сейфуллин #даңғыл #Көпір
Бөлісу:
Жүктелуде...

Соңғы жаңалықтар

ҚазҰУ ғалымдары жаңа Конституция жобасын талқылады

Кеше 20:39

Алматыда әйелдер кәсіпкерлігін қолдау жобасының 13-маусымы қорытындыланды

Кеше 19:17

Алматыда алғаш рет әлемдегі ең ірі IT-көрмелердің бірі өтеді

Кеше 17:40

Алматылық ірі компания қызметкерлері Конституциялық реформаны қолдады

Кеше 17:23

Алматының өнер ұжымы конституциялық реформаны қолдайтынын білдірді

Кеше 17:17
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
  • alatauaqparat@gmail.com
Copyright 2024, "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті.