AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Құрылтай
  • Барлығы
    • Ресми бөлім
    • Спорт
    • Керек кеңес
    • Медицина
    • Білім және ғылым
    • Заң мен тəртіп
    • Оқиға
    • Не? Қайда? Қашан?
    • Эксклюзив
    • Алматы көшелері
    • Жолдау
    • Келешек мектептері
    • Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес
  • Жаңа Конституция
Қазақ Qazaq قازاق Русский
Қазақ Qazaq قازاق Русский
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Құрылтай
  • Барлығы
    • • Ресми бөлім
    • • Спорт
    • • Керек кеңес
    • • Медицина
    • • Білім және ғылым
    • • Заң мен тəртіп
    • • Оқиға
    • • Не? Қайда? Қашан?
    • • Эксклюзив
    • • Алматы көшелері
    • • Жолдау
    • • Келешек мектептері
    • • Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес
  • Жаңа Конституция
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

💱 Валюта бағамы:

Басты бет / Құрылтай / Саяси дода: Дебат мәдениеті қалыптасып келеді

Саяси дода: Дебат мәдениеті қалыптасып келеді

Құрылтай 13.08.2026, 17:33 243
Саяси дода: Дебат мәдениеті қалыптасып келеді
Сурет: ҚР ОСК

Саяси бәсекенің табиғаты әртүрлі көзқарастың болуын талап етеді, деп хабарлайды aqshamnews.kz тілшісі.

Сайлау науқанының сапасын бағалауда оның қаншалықты ашық пікірталасқа мүмкіндік беретіні маңызды. Осы тұрғыдан алғанда, «Қазақстан» телеарнасы мен «7 арнада» өткен екі дебаттың өтуі назар аударарлық құбылыс.

Саясаттануда саяси бәсеке билікке ұмтылған күштердің өзара жарысы ғана емес, қоғамға балама саяси ұсыныстарды таныстыру тетігі ретінде қарастырылады. Роберт Дальдың плюралистік демократия туралы тұжырымдамасында саяси жүйенің маңызды сипаттарының бірі ретінде әртүрлі мүдделердің саясатқа қатысу мүмкіндігі қарастырылады. Яғни бәсекенің мәні қарсыласты жеңумен ғана шектелмейді. Оның мәні қоғамдағы әртүрлі сұраныстардың саяси кеңістікте көрініс табуында.

Осы тұрғыдан алғанда, дебаттардың маңызы арта түседі. Теледебат саяси партияларға өз бағдарламасын таныстырумен қатар, оны көпшілік алдында қорғауға мүмкіндік береді. Қарсы тараптың сұрағына жауап беру, басқа ұстаныммен келіспейтін тұсты дәлелдеу, өз ұсынысының артықшылығын көрсету саяси коммуникацияның сапасына тікелей әсер етеді. Дебаттың ерекшелігі де осында. Алдын ала дайындалған үгіт мәтінінен айырмашылығы, пікірталаста саяси субъект өзінің аргументацияға қабілетін көрсетуге тиіс. Бұл сайлаушыға саясаткерлердің тек не айтатынын емес, қалай ойлайтынын және пікір қайшылығына қалай жауап беретінін бағалауға мүмкіндік береді.

Мұны Юрген Хабермас ұсынған делиберативті демократия тұжырымдамасымен байланыстыруға болады. Оның теориясында демократияның маңызды элементі қоғамдық мәселелерді ашық талқылау және пікірлерді рационалды аргумент арқылы негіздеу болып саналады. Әрине, телевизиялық дебатты толыққанды делиберативті демократияның үлгісі деуге болмайды. Бірақ оның логикасында ортақ ұқсастық бар. Партияның немесе саясаткердің саяси ұстанымы қоғам алдында айтылып, оған жауап беріледі және кез келген азамат оны бағалай алады. Сондықтан қазіргі дебаттарды саяси мәдениеттің қалыптасуындағы шағын, бірақ маңызды алаң ретінде қарастыруға болады.

Бұл жерде сын мен пікір қайшылығынан қорқудың қажеті жоқ. Керісінше, саяси бәсекенің табиғаты әртүрлі көзқарастың болуын талап етеді. Бастысы, пікірталастың жеке тұлғаға емес, идеяға, бағдарламаға және нақты шешімдерге құрылуы. Егер саяси партиялар бір-бірін сынаумен қатар өз баламасын ұсына алса, бәсеке мазмұнды сипат алады.

 

Телеграм арнаға жазылыңыз
#құрылтай
Бөлісу:
Жүктелуде...

Соңғы жаңалықтар

Алматы қаласындағы Almaty Theatre сахнасында «Cinema Hits» концерттік жобасы өтті

Бүгін 19:04

«Әзірет Сұлтан» музейі Ясауи тағылымын анимация арқылы танытты

Бүгін 17:15

Алматыда 1,2 тоннаға жуық мерзімі өткен дәрі-дәрмек жиналып, қауіпсіз жолмен жойылды

Бүгін 16:24

Қазақстан Халық Кеңесі Батыс Қазақстан облысында  «Жаңа қоғамдық этика: мәдениет, әдеп, әдет» республикалық форумын өткізді

Бүгін 15:53

Алматыда туризмді дамытуға қосқан үлесі үшін ICONIC Tourism Award сыйлығы алғаш рет табысталады

Бүгін 14:45
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Alatau Aqparat" медиахолдингі

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Жазылу
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
Copyright 2026, "Alatau Aqparat" медиахолдингі
Яндекс.Метрика
// SMI24 виджет setTimeout(function() { if (typeof Smi24 !== 'undefined') { Smi24.init('[data-smi-widget-id="130"]'); } }, 1500);