Freedom Референдум
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Алматы
    • Ресми бөлім
    • Спорт
    • Керек кеңес
    • Медицина
    • Білім және ғылым
    • Заң мен тəртіп
    • Оқиға
    • Не? Қайда? Қашан?
    • Эксклюзив
    • Алматы көшелері
  • 📰 Газет
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Алматы
    • • Ресми бөлім
    • • Спорт
    • • Керек кеңес
    • • Медицина
    • • Білім және ғылым
    • • Заң мен тəртіп
    • • Оқиға
    • • Не? Қайда? Қашан?
    • • Эксклюзив
    • • Алматы көшелері
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

Басты бет / Әлеумет / Сауықтыру лагерьлерінде 1 миллионнан астам оқушы д...

Сауықтыру лагерьлерінде 1 миллионнан астам оқушы демалып жатыр

Әлеумет 23.06.2022, 02:00 1,242
Сауықтыру лагерьлерінде 1 миллионнан астам оқушы демалып жатыр
Сурет: Kaztengrinews.kz

Жазғы демалыстың бірінші маусымында 1 миллионнан астам қазақстандық оқушы сауықтыру лагерьлерінде демалып жатыр. Балаларға арналған қала сыртындағы, мектеп жанындағы, киіз үй және шатыр лагерьлері жұмыс істейді, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz Inform.kz-ке сілтеме жасап.


Балаларды сауықтыру мекемелерінде ең алдымен жан басына шаққандағы орташа табысы ең төменгі күнкөріс деңгейінен төмен, яғни мемлекеттік атаулы әлеуметтік көмек алатын отбасылардың балалары тегін демалады. Сондай-ақ жетім балаларға, ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балаларға және төтенше жағдайлар салдарынан шұғыл көмекке мұқтаж отбасылардан шыққан балаларға тегін жолдамалар беріледі. Балалардың қала сыртындағы лагерьлерде демалуын және сауықтырылуын қаржыландыру жергілікті бюджет есебінен қамтамасыз етіледі.



«Әр балалар лагерінің өз бағдарламасы бар, бірақ барлығының тақырыбы бірдей болады. Балалардың жазғы демалысын ұйымдастырудың бірыңғай тәсілдерін әзірлеу мақсатында Балалардың құқықтарын қорғау комитеті жазғы демалыста балалардың демалысын, бос уақытын және жұмыспен қамтылуын ұйымдастыру тұжырымдамасын әзірлеп, өңірлерге жіберді. Тұжырымдамада әр түрлі апталық тақырыптар мен бағыттар бар. Балалар үшін сауықтыру, білім беру, экологиялық, шығармашылық, спорттық, көшбасшылық бағытындағы бағдарламалар әзірленді», - деді ҚР Оқу-ағарту министрлігі Балалардың құқықтарын қорғау комитетінің төрағасы Есенғазы Иманғалиев.



Балалар мен ата-аналарды қажетті ақпаратпен қамтамасыз ету мақсатында биыл bala-demalys.kz балалар сауықтыру лагерлерінің интерактивті картасы, сайт және мобильді қосымша іске қосылды.




Телеграм арнаға жазылыңыз
#балалар #лагерь #сауықтыру
Бөлісу:
Жүктелуде...

Соңғы жаңалықтар

Алматыда жастар саясаты бойынша 2025 жылдың жұмыс қорытындысы шығарылды

Бүгін 11:18

Жаркентте төрт жасар ұлын аяусыз соққыға жыққан әйелге үкім шықты

Бүгін 11:14

Алматыда жастарға арналған "Заң және тәртіп: қоғам талаптары" кездесуі ұйымдастырылды

Бүгін 10:50

Досынан 1500 теңге қарызын сұраған қазақстандық істі болды

Бүгін 10:41

Бурабайда квадроцикл апатынан 24 жастағы қыз ауыр халде жатыр

Бүгін 10:23
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
  • alatauaqparat@gmail.com
Copyright 2024, "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті.