AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Құрылтай
  • Барлығы
    • Ресми бөлім
    • Спорт
    • Керек кеңес
    • Медицина
    • Білім және ғылым
    • Заң мен тəртіп
    • Оқиға
    • Не? Қайда? Қашан?
    • Эксклюзив
    • Алматы көшелері
    • Жолдау
    • Келешек мектептері
    • Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес
  • Жаңа Конституция
Қазақ Qazaq قازاق Русский
Қазақ Qazaq قازاق Русский
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Құрылтай
  • Барлығы
    • • Ресми бөлім
    • • Спорт
    • • Керек кеңес
    • • Медицина
    • • Білім және ғылым
    • • Заң мен тəртіп
    • • Оқиға
    • • Не? Қайда? Қашан?
    • • Эксклюзив
    • • Алматы көшелері
    • • Жолдау
    • • Келешек мектептері
    • • Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес
  • Жаңа Конституция
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

💱 Валюта бағамы:

Басты бет / Әлем / Сауық кешінде би билеген Финляндия премьер-министр...

Сауық кешінде би билеген Финляндия премьер-министрі есірткіге тест тапсырды

Әлем 20.08.2022, 10:30 1,296
Сауық кешінде би билеген Финляндия премьер-министрі есірткіге тест тапсырды
Сурет: Aif.ru

Финляндия премьер-министрі танымал адамдармен бірге кеште көңіл көтеріп жүрген видеосы желіде тарағаннан кейін бүкіл күдіктен арылу және өсек-аяңды тоқтату үшін есірткіге сынақ тапсыру жөнінде шешім қабылдады, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz Inform.kz-ке сілтеме жасап.


Кей саясаткерлер сауық кешінің дүбірлі өтуіне қарағанда, ондағы кейбір қонақтар есiрткi қолдануы мүмкiн деген болжам жасады.


Жұма күні Хельсинкиде өткен баспасөз конференциясында 36 жастағы Санна Марин сынақтан өткенін және қорытындысы келесі аптада шығатынын айтты.


Сонымен бірге ол ешқашан есірткі қолданбағанын тағы да нақтылады.


Марин жиналған журналистерге:



«Мен ешқандай заңсыз әрекет жасаған жоқпын. Есірткіні тіпті жас кезімде де қолданып көрген емеспін», - деді.



Сондай-ақ журналистер 2019 жылдың қаңтарынан бері қызмет етіп келе жатқан премьер-министрден «егер әлгі кеште тез әрі жауапты үкімет шешімін қабылдау қажет болса, қабылдай ала ма едіңіз?» деп сұрады.



«Тым болмаса бір рет болсын, түн ортасында Мемлекеттік кеңес сарайына шұғыл баруға мәжбүр болған кезім есімде жоқ. Мен өз жұмысымды тиісінше атқарып келемін, кештерге барған кездерімде ешқандай жиналыс болған емес», - деп жауап берді ол.



Мариннің айтуынша, ол өзін видеоға түсіріп жатқанын көрген, бірақ оның желіде жарияланғанына қапа болған.



«Мені адамдар дұрыс түсінеді деп сенгім келеді, әрқайсымызда жұмыс уақытына да, демалуға да уақыт бар», - деп қосты ол.


Телеграм арнаға жазылыңыз
#Финляндия #премьер-министр #Санна Марин
Бөлісу:
Жүктелуде...

Соңғы жаңалықтар

«Әзірет Сұлтан» музейі Ясауи тағылымын анимация арқылы танытты

Бүгін 17:15

Алматыда 1,2 тоннаға жуық мерзімі өткен дәрі-дәрмек жиналып, қауіпсіз жолмен жойылды

Бүгін 16:24

Қазақстан Халық Кеңесі Батыс Қазақстан облысында  «Жаңа қоғамдық этика: мәдениет, әдеп, әдет» республикалық форумын өткізді

Бүгін 15:53

Алматыда туризмді дамытуға қосқан үлесі үшін ICONIC Tourism Award сыйлығы алғаш рет табысталады

Бүгін 14:45

Алматы тұрғындары: үйің жаңарса, өзің де жаңарғандай боласың

Бүгін 14:41
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Alatau Aqparat" медиахолдингі

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Жазылу
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
Copyright 2026, "Alatau Aqparat" медиахолдингі
Яндекс.Метрика
// SMI24 виджет setTimeout(function() { if (typeof Smi24 !== 'undefined') { Smi24.init('[data-smi-widget-id="130"]'); } }, 1500);