ffin.kz
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Қала тынысы
    • Саясат
    • Әлеумет
    • Өмір-өзен
    • Экономика
    • Мәдениет
    • Әлем
  • Freedom
  • Бізді де біле жүріңіз
    • Алматы құшағында
  • dddd
  • Сайлау-2023
  • Тәуелсіздік-30
    • Тәуелсіздік-30
  • Еуро-24
  • Париж-2024
  • 📰 Газет
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Қала тынысы
    • • Саясат
    • • Әлеумет
    • • Өмір-өзен
    • • Экономика
    • • Мәдениет
    • • Әлем
  • Freedom
  • Бізді де біле жүріңіз
    • • Алматы құшағында
  • dddd
  • Сайлау-2023
  • Тәуелсіздік-30
    • • Тәуелсіздік-30
  • Еуро-24
  • Париж-2024
  • АЭС: Референдум
  • Таза Қазақстан
  • Көшпенділер ойыны
  • BRT-Райымбек
  • BRT-Желтоқсан
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

Басты бет / Алматы / Сәулетшілер Алматының тарихи келбетін қалай сақтап...

Сәулетшілер Алматының тарихи келбетін қалай сақтап қалмақ?

Алматы 19.12.2025, 16:18 321
Сәулетшілер Алматының тарихи келбетін қалай сақтап қалмақ?
Cурет: Алматы қаласы әкімдігінің баспасөз қызметі
«Алғашқы дереккөзден». Алматыда тарихи нысандар қалай жаңғыртылып жатыр?

Almaty TV телеарнасы урбанистика, жайлы орта қалыптастыру және Алматының сәулет мұрасын сақтау мәселесіне арналған жаңа ақпараттық-ағартушылық «Архитектор» бағдарламасын ұсынады, - деп хабарлайды Aqshamnews.kz.

 Бағдарламаға шақырылған сарапшылар мен сәулетшілер қаланы жаңғырту үдерістері қалай жүзеге асатынын, мамандар қандай қиындықтарға тап болатынын және қала тұрғындарының өмір сапасын арттыру үшін қандай шешімдер қабылданып жатқанын қарапайым әрі түсінікті тілмен айтып береді.


 
Алматыдағы тарихи ғимараттарды қайта жаңарту мәселесі әрдайым қоғамда түрлі пікір тудырады. Бірі қаланың келбеті бұзылады деп алаңдаса, енді бірі жаңғыртусыз бұл нысандар қауіпті бола түсетінін алға тартады. «Архитектор» жобасы сырттай сәнді көрінетін ғимараттардың өзінде күрделі инженерлік мәселелер жасырын болуы мүмкін екенін көрсетеді.


 
Бағдарламадағы алғашқы нысан – мемлекет қорғауына алынған тарих және мәдениет ескерткіштерінің тізіміне енген Қазақ мемлекеттік циркі болды. 2160 көрерменге арналған ғимарат 1962-1972 жылдары салынған. Мұнда соңғы күрделі жөндеу жұмыстары он жылдан астам уақыт бұрын жүргізілген.
 
Цирк директоры Мақсат Жайықовтың айтуынша, ғимаратқа жай жөндеу емес, кешенді жаңғырту қажет. Оның айтуынша, ескірген инженерлік жүйелер мен жылу шығынының көп болуы, әсіресе, балалар үшін қолайсыздық туғызады.
 
Алматы қаласы Құрылыс басқармасы жүргізген тексеру барысында инженерлік желілерде, шатыр мен құрылымдарда ақау анықталған. Бұл қайта жаңғыртудың қажет екеніне дәлел. Сонымен қатар цирктің тарихи келбеті толық сақталады: қасбет, сәндік элементтер және фойедегі түпнұсқа еден жабындысын қосқанда, бірегей материалдар өзгеріссіз қалады. Бұл жұмыстар тек инженерлік коммуникацияларды, терезелерді, есіктерді және шатырды жаңартумен шектеледі.
 
«Архитектор» жобасында білім беру нысандарының жағдайы да қозғалады. Атап айтқанда, салынғанына 100 жылдан асқан №90 мектеп-лицейі апатты деп танылған. Ғимарат шамадан тыс жүктелген, кейбір құрылымдары оқушыларға қауіп төндіреді.

«Балалардың қауіпсіздігі бәрінен маңызды. Ғимарат әлдеқашан күрделі жаңартуды қажет етіп отыр», – деді мектеп директоры Бұлбұл Оспанбек.
 
«Техникалық тексерістің қорытындысы бойынша көтергіш құрылымдарды сейсмонығайту, инженерлік инфрақұрылымды ауыстыру, санитарлық талаптарды ескере отырып, ғимарат ішін қайта жоспарлау, өрт қауіпсіздігін күшейтуге арналған қосымша шаралар қабылдау, сондай-ақ аумақты абаттандыру жұмыстары қарастырылған», – деді Алматы қаласы Құрылыс басқармасының жобалау және техникалық қамтамасыз ету бөлімінің басшысы Сырым Тұрлыби.

Бейнематериал сілтемесі: https://youtu.be/xg2qmPydwtc
 
Сейсмонығайту жұмыстары №56 гимназияда да жүргізіліп жатыр. Қоғамдық резонансқа қарамастан, мамандар барлық сәндік элемент қайта қалпына келтірілетінін мәлімдеді.
 
Мектептің негізгі корпусы 1928 жылы салынған, қалған корпустары 1960-жылдары бой көтерген. Алғашында ғимарат 731 оқушыға есептелсе, бүгінде мұнда 1394 бала білім алып жатыр. Бұл нысан тарихи ескерткіштер қатарына кірмейді.
 
Алматы қаласы әкімдігінде атап өткендей, қайта жаңғырту жұмыстары 2040 жылға дейінгі қаланың Бас жоспарына сәйкес жүргізіліп, қатаң бақылауда болады.

«Ғимараттар жобада көзделген күйінде қалпына келтіріледі. Жұмыстар аяқталған соң алаңдаушылық білдіргендер күмәннің орынсыз екеніне көз жеткізеді», - деді елдің құрметті сәулетшісі Жанат Айтілеу.

Оның айтуынша, мегаполисте тарих және мәдениет ескерткіштері саналатын 162 нысан бар. Оның 34-і республикалық маңызға ие, қалғандары – жергілікті маңыздағы нысандар. XIX-XX ғасырларда салынған кейбір ғимараттар уақыт өте келе тозып, қайта жаңғыртуды қажет етеді. Бұл нысандар мемлекет қорғауында, ал жөндеу жұмыстары барысында олардың тарихи келбеті толық сақталады.
 
«Архитектор» жобасы қаланың дамуы мен тарихи келбетін сақтау бір-бірімен тығыз байланысты екенін көрсетеді. Ең бастысы, кәсіби көзқарас, тұрғындармен ашық диалог және қауіпсіздікті бірінші орынға қою маңызды.

Телеграм арнаға жазылыңыз
Бөлісу:
Жүктелуде...

Көп оқылған

1

30 ЖЫЛДЫҢ 30 ЖЕТІСТІГІ

76,426 қаралым
2

Алматы SOS: коммуналдық қызметшілерге арналған ыстық шай және кондитер өнімдері

43,250 қаралым
3

Отбасы туралы мақал-мәтелдер

39,255 қаралым
4

Жас жеткіншектер - елдің ертеңі!

35,981 қаралым
5

Жастар - елдің болашағы!

34,178 қаралым
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
  • alatauaqparat@gmail.com
Copyright 2024, "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті.