ffin.kz
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Қала тынысы
    • Саясат
    • Әлеумет
    • Өмір-өзен
    • Экономика
    • Мәдениет
    • Әлем
  • Freedom
  • Бізді де біле жүріңіз
    • Алматы құшағында
  • dddd
  • Сайлау-2023
  • Тәуелсіздік-30
    • Тәуелсіздік-30
  • Еуро-24
  • Париж-2024
  • 📰 Газет
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Қала тынысы
    • • Саясат
    • • Әлеумет
    • • Өмір-өзен
    • • Экономика
    • • Мәдениет
    • • Әлем
  • Freedom
  • Бізді де біле жүріңіз
    • • Алматы құшағында
  • dddd
  • Сайлау-2023
  • Тәуелсіздік-30
    • • Тәуелсіздік-30
  • Еуро-24
  • Париж-2024
  • АЭС: Референдум
  • Таза Қазақстан
  • Көшпенділер ойыны
  • BRT-Райымбек
  • BRT-Желтоқсан
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

Басты бет / Мұны білген жөн / "Сәукелесі - 3 миллион 780 мың теңге". Димаш Құдай...

"Сәукелесі - 3 миллион 780 мың теңге". Димаш Құдайбергеннің қарындасының ұзату тойына киген образы қанша тұрады?

Мұны білген жөн 13.08.2025, 10:24 664
"Сәукелесі - 3 миллион 780 мың теңге". Димаш Құдайбергеннің қарындасының ұзату тойына киген образы қанша тұрады?
instagram.com/raushan_kudaibergen
Әлеуметтік желіде Димаш Құдайбергеннің қарындасы Раушанның ұзату тойына киген образының толық бағасы айтылды. Оны қазақстандық блогер Жансая Махабаева есептеп көрді, - деп хабарлайды Аqshamnews.kz...

Әлеуметтік желіде Димаш Құдайбергеннің қарындасы Раушанның ұзату тойына киген образының толық бағасы айтылды. Оны қазақстандық блогер Жансая Махабаева есептеп көрді, - деп хабарлайды Аqshamnews.kz тілшісі. 

Раушан Құдайберген 1 тамызда ұзатылған еді. Той қазақи стильде өтті. Ол театр әртісі Ермахан Аймаханмен шаңырақ көтерді.

"Толық образы қазақстандық дизайнер Азамат Арғынбаевтан екен. Көйлегі - 250 мың, кәжекей - 500 мың теңге, үкілі тақия - 65 мың теңге, қамзолы - 1 миллион теңге. Ал сәукеле мен әшекей бұйымдары қазақстандық дизайнер Эльмира Ибрагимовадан. Сәукеле асылтастармен, күміспен және құндызбен безендірілген, бағасы - 3 миллион 780 мың теңге. Ал әшекейлерінен, шекелік - 810 мың теңге, шаштарақ - 864 мың теңге. Бесбілезік - 783 мың теңге, өңіржиек алқасы - 648 мың теңге, сырға - 378 мың теңге, шашбау - 850 500 теңге. Ал үзбелі белбеу - 1 миллион 890 мың теңге", - дейді ол. 

Блогердің айтуынша, Раушан Құдайбергеннің толық образы 11 миллион 818 мың 500 теңгеге шыққан. 

Еске салайық, бұған дейін Димаш Құдайберген Instagram-парақшасында қарындасына арнап арнайы ән жазғанын айтқан еді. Өнер иесі інісі Мансұрмен бірге "Қарлығашым, ұя салғанда…" атты жаңа әнін тойда орындады. 

"Раушантайыма Мансұр ініммен бірге, "Қарлығашым ұя салғанда…" атты әнімді ақжүрек тілегіміз ретінде қабыл алғайсың! Жүректегі сағыныш пен қимастықты осы әннің өн бойынан көрсеткіміз келді. Бақытты бол, қарлығашым менің!" - деді ол.

Телеграм арнаға жазылыңыз
Бөлісу:
Жүктелуде...

Көп оқылған

1

30 ЖЫЛДЫҢ 30 ЖЕТІСТІГІ

76,426 қаралым
2

Алматы SOS: коммуналдық қызметшілерге арналған ыстық шай және кондитер өнімдері

43,250 қаралым
3

Отбасы туралы мақал-мәтелдер

39,255 қаралым
4

Жас жеткіншектер - елдің ертеңі!

35,981 қаралым
5

Жастар - елдің болашағы!

34,178 қаралым
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
  • alatauaqparat@gmail.com
Copyright 2024, "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті.