AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Құрылтай
  • Барлығы
    • Ресми бөлім
    • Спорт
    • Керек кеңес
    • Медицина
    • Білім және ғылым
    • Заң мен тəртіп
    • Оқиға
    • Не? Қайда? Қашан?
    • Эксклюзив
    • Алматы көшелері
    • Жолдау
    • Келешек мектептері
    • Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес
  • Жаңа Конституция
Қазақ Qazaq قازاق Русский
Қазақ Qazaq قازاق Русский
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Құрылтай
  • Барлығы
    • • Ресми бөлім
    • • Спорт
    • • Керек кеңес
    • • Медицина
    • • Білім және ғылым
    • • Заң мен тəртіп
    • • Оқиға
    • • Не? Қайда? Қашан?
    • • Эксклюзив
    • • Алматы көшелері
    • • Жолдау
    • • Келешек мектептері
    • • Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес
  • Жаңа Конституция
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

💱 Валюта бағамы:

Басты бет / Әлеумет / Сәуірде шетел валютасына сұраныс азайған

Сәуірде шетел валютасына сұраныс азайған

Әлеумет 12.05.2022, 06:09 1,107
Сәуірде шетел валютасына сұраныс азайған
Сурет: Мinfin.com.ua

Сауда-саттықтың орташа күндік көлемі 179 миллион доллардан 92 миллион долларға дейін қысқарды.


Ұлттық банк төрағасы Ғалымжан Пірматовтың айтуынша, сәуір айында шетел валютасына сұраныс азайған, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz


Өткен айда теңге бағамы 4,6 процентке нығайды.


Айтуынша, өткен айда жаһандық қаржы нарығындағы құбылмалылықтың жалғасуына қарамастан, теңге бағамы 1 доллар үшін 445,62 теңгеге дейін немесе 4,6%-ке нығайды.



«Сәуірде шетел валютасына сұраныстың айтарлықтай азаюы байқалды. Қазақстан қор биржасындағы сауда-саттықтың орташа күндік көлемі 179 миллион доллардан 92 миллион долларға дейін қысқарды», - деді Пірматов.



Квазимемлекеттік сектор субъектілерінің валюталық түсімді сатуы валюта нарығына қолдау көрсетті. Оның көлемі сәуірде шамамен 253,2 миллион долларды құрады. Республикалық бюджетке берілетін трансферттерді қамтамасыз ету үшін сәуірде Ұлттық қордан 168,3 миллион доллар сатылды. Ұлттық қордан сату үлесі сауда-саттықтың жалпы көлемінің 8,7%-іне тең болды.


Пірматов ішкі валюта нарығында жағдайдың тұрақталуына байланысты Ұлттық банк сәуірде валюталық интервенция жүргізбегенін атап өтті.



«Алдағы уақытта геосаяси жағдайдың қалай өрбитіні белгісіз. Сол себепті қысқа мерзімді перспективада теңгенің құбылмалылық тәуекелі сақталады. Ұлттық банк теңгерімсіздікке жол бермейтін және алтын-валюта резервтерінің сақталуын қамтамасыз ететін еркін бағам режимін ұстана береді», - деді Пірматов.


Телеграм арнаға жазылыңыз
#банк #валюта #Сұраныс
Бөлісу:
Жүктелуде...

Соңғы жаңалықтар

«Әзірет Сұлтан» музейі Ясауи тағылымын анимация арқылы танытты

Бүгін 17:15

Алматыда 1,2 тоннаға жуық мерзімі өткен дәрі-дәрмек жиналып, қауіпсіз жолмен жойылды

Бүгін 16:24

Қазақстан Халық Кеңесі Батыс Қазақстан облысында  «Жаңа қоғамдық этика: мәдениет, әдеп, әдет» республикалық форумын өткізді

Бүгін 15:53

Алматыда туризмді дамытуға қосқан үлесі үшін ICONIC Tourism Award сыйлығы алғаш рет табысталады

Бүгін 14:45

Алматы тұрғындары: үйің жаңарса, өзің де жаңарғандай боласың

Бүгін 14:41
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Alatau Aqparat" медиахолдингі

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Жазылу
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
Copyright 2026, "Alatau Aqparat" медиахолдингі
Яндекс.Метрика
// SMI24 виджет setTimeout(function() { if (typeof Smi24 !== 'undefined') { Smi24.init('[data-smi-widget-id="130"]'); } }, 1500);