AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Барлығы
    • Ресми бөлім
    • Спорт
    • Керек кеңес
    • Медицина
    • Білім және ғылым
    • Заң мен тəртіп
    • Оқиға
    • Не? Қайда? Қашан?
    • Эксклюзив
    • Алматы көшелері
    • Жолдау
    • Келешек мектептері
  • Жаңа Конституция
Қазақ Qazaq قازاق Русский
Қазақ Qazaq قازاق Русский
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Барлығы
    • • Ресми бөлім
    • • Спорт
    • • Керек кеңес
    • • Медицина
    • • Білім және ғылым
    • • Заң мен тəртіп
    • • Оқиға
    • • Не? Қайда? Қашан?
    • • Эксклюзив
    • • Алматы көшелері
    • • Жолдау
    • • Келешек мектептері
  • Жаңа Конституция
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

💱 Валюта бағамы:

Басты бет / Экономика / Сауда тәртібі түзелсе, салық есебі түгел - вице-ми...

Сауда тәртібі түзелсе, салық есебі түгел - вице-министр

Экономика 13.02.2025, 17:15 712 dulatbekova
Сауда тәртібі түзелсе, салық есебі түгел - вице-министр
Cурет: ЖИ

Ұлттық экономика вице-министрі Азамат Әмрин салық реформасына қатысты маңызды мәселелерге тоқталды.

Оның айтуынша, қосылған құн салығы (ҚҚС) бойынша тіркеу шегінің жоғары болуына байланысты кәсіпкерлер бизнесін бөлшектеп, салық төлеуден жалтарады. Соның салдарынан мемлекет жыл сайын шамамен 800 млрд теңге көлемінде табыстан айырылады, деп хабарлайды aqshamnews.kz.

  1. Орта бизнес де-факто бар, бірақ де-юре жоқ. Яғни кей кәсіпкерлер қосылған құн салығынан (ҚҚС) жалтару үшін бизнесті бірнеше ұсақ құрылымға бөледі. Мысалы, ірі кәсіпорын иесі оны бірнеше ЖШС ретінде бөліп тастайды.
  2. Бюджетке түсетін қаражат азаяды. Мұндай схемалар ел экономикасына үлкен шығын келтіреді.
  3. Әділ бәсекелестік заңдылығы бұзылады. Салық төлейтін адал кәсіпкерлер көлеңкелі экономикада жүргендермен тең дәрежеде бәсекелесе алмайды.
  4. Мәселені шешу жолдары. ҚҚС бойынша тіркеу шегін төмендету және жеңілдетілген арнайы режимді тек B2C бизнеске қолдану ұсынылып отыр.
  5. Мемлекет пен кәсіпкерлердің бірлескен әрекеті маңызды. Егер бизнес салық әділеттілігін қолдамаса, мемлекеттік органдар көлеңкелі экономиканы жоюда толық нәтижеге жете алмайды.

Қаржы және экономика саласының басшылары 11 ақпаннан бастап өңірлерде бизнес өкілдерімен кездесіп, Үкіметтің салық реформасын талқылап жатыр.

Біз мынадай тетікті қарастыруды ұсынамыз: жалпы белгіленген ҚҚС мөлшерлемесі 16%, азық-түлік және дәрі-дәрмек өндірушілерді ҚҚС-тан толық босату, ал бірқатар салалар үшін – 10% аралық мөлшерлеме болады. Осылайша, Үкімет ұсынып отырған мөлшерлемелерді саралау: 16%, 10%, 0% және босату, - дейді Азамат Әмрин.

ҚҚС – бюджетті толықтырудың негізгі көздерінің бірі. ҚҚС мөлшерлемесін арттыру және саралау бюджеттің мұнайдан түсетін өзгермелі кірістеріне тәуелділігін азайтуға және әлеуметтік жобаларды қаржыландыруға мүмкіндік береді.

Салық реформасын іске асыру кезінде ел бюджетіне түсетін салық түсімдері жыл сайын 4-5 трлн теңгеге артады деп болжанып отыр. Бұл қаражат Ұлттық қорға тәуелділікті азайтуға, мемлекеттік қарыз деңгейін төмендетуге, инвестициялық жобаларды қолдауға, даму институттарын нығайтуға, тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығын және жылу-энергетика жүйесін жаңғыртуға қосымша ресурстар бөлуге мүмкіндік береді

Телеграм арнаға жазылыңыз
#салық #ҚҚС #Реформа
Бөлісу:
Жүктелуде...

Соңғы жаңалықтар

Алматыда пәтер ұрлығы азайды

Бүгін 12:25

Алматы полициясы жүк тасымалына бақылауды күшейтті

Бүгін 11:12

Алматыға әлемге әйгілі Cirque du Soleil труппасы келді

Бүгін 11:08

Алматы мен Сиань туристік байланысты нығайтып келеді

Бүгін 11:05

Алматыдағы Мәдениет шағын ауданында суық су өшіріледі

Бүгін 10:08
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Alatau Aqparat" медиахолдингі

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Жазылу
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
Copyright 2026, "Alatau Aqparat" медиахолдингі
Яндекс.Метрика
// SMI24 виджет setTimeout(function() { if (typeof Smi24 !== 'undefined') { Smi24.init('[data-smi-widget-id="130"]'); } }, 1500);