AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Барлығы
    • Ресми бөлім
    • Спорт
    • Керек кеңес
    • Медицина
    • Білім және ғылым
    • Заң мен тəртіп
    • Оқиға
    • Не? Қайда? Қашан?
    • Эксклюзив
    • Алматы көшелері
    • Жолдау
    • Келешек мектептері
  • Жаңа Конституция
Қазақ Qazaq قازاق Русский
Қазақ Qazaq قازاق Русский
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Барлығы
    • • Ресми бөлім
    • • Спорт
    • • Керек кеңес
    • • Медицина
    • • Білім және ғылым
    • • Заң мен тəртіп
    • • Оқиға
    • • Не? Қайда? Қашан?
    • • Эксклюзив
    • • Алматы көшелері
    • • Жолдау
    • • Келешек мектептері
  • Жаңа Конституция
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

💱 Валюта бағамы:

Басты бет / Әлеумет / Сауда желілерінде отандық өнімдердің үлесі артады

Сауда желілерінде отандық өнімдердің үлесі артады

Әлеумет 03.02.2025, 09:34 748 Nursok82
Сауда желілерінде отандық өнімдердің үлесі артады
Сурет: Самат Құсайынов

Сауда және интеграция министрі Арман Шаққалиев Алматыдағы ірі сауда желілерін аралап, сауда субъектілерінің өкілдерімен кездесті, деп хабарлайды aqshamnews.kz

Кездесу барысында дүкен сөрелеріндегі отандық өнімдердің үлесін арттыру мәселесі талқыланды. Министр Алматыдағы сауда желілерінің жалпы ассортиментінің елеулі бөлігін отандық өнімдер құрайтынын атап өтті. Әлеуметтік маңызы бар тауарлардың ішінде, әсіресе сүт өнімдерінің үлесі жоғары екені айтылды.

Мысалы, Алматыдағы дүкендерде сүт өнімдерінің 97%-ы Қазақстанда өндірілген.

«Біз отандық фермерлермен және өндірушілермен тығыз жұмыс істейміз, олардың өнімдерін сауда желілеріне жеткізу үшін бар күшімізді салып жатырмыз. Ірі сауда желілеріндегі көкөністердің барлығы қазақстандық фермерлердің өнімі. Сонымен қатар, құс еті мен өсімдік майы сияқты басқа да әлеуметтік маңызы бар өнімдердің үлесін арттыру өте маңызды қадам болып табылады», – деді министр.

Отандық өндірушілерді қолдау мақсатында министр бірқатар бекітілген міндеттемелер туралы мәлімдеді. Атап айтқанда, барлық отандық өнімдерге арнайы «Қазақстанда жасалған» деген белгі қою міндеттелді.

Сонымен қатар, ішкі сауданы қолдау функциясының заңнамалық түрде Сауда министрлігіне берілуі отандық өндірушілер үшін үлкен мүмкіндік болып табылады. Бұл шара мемлекеттік қолдау алған сауда объектілеріне сөре кеңістігін 20%-ға арттыруды міндеттейді.

Енді дүкен сөрелерінің кемінде 50%-ы отандық азық-түлік өнімдерімен, ал кемінде 20%-ы тұрмыстық тауарлармен толтырылуы тиіс. Бұл тауарлар тұтынушылар үшін көрнекі әрі қолжетімді орындарда орналасуы қажет.

«Тұтынушыларды алдауға жол бермеу үшін біз тауарлардың сапасы мен орналасуына қойылатын талаптарды күшейттік. Мысалы, сүт өнімдері сүт сусындарымен, ал май – майдың балама түрлерімен қатар тұрмауы қажет», – деп атап өтті Арман Шаққалиев. 

Телеграм арнаға жазылыңыз
#Тұтынушы #өнім #дүкен
Бөлісу:
Жүктелуде...

Соңғы жаңалықтар

Алматыда ірі инфрақұрылымдық және әлеуметтік жобалар жүзеге асырылып келеді

Бүгін 17:57

Қазақстандық ғалым әлемдік стоматологияға жаңа көзқарас ұсынуда

Бүгін 17:51

Қоғамның тұрақты дамуы отбасының беріктігіне байланысты

Бүгін 17:34

Алматыда ауа сапасын бақылау жүйесі кеңейтіледі

Бүгін 17:27

Алматыда қатты тұрмыстық қалдықтарды шығару тарифі өзгертіліп, әлеуметтік осал санаттағы азаматтарға жеңілдіктер енгізіледі

Бүгін 17:25
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Alatau Aqparat" медиахолдингі

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Жазылу
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
Copyright 2026, "Alatau Aqparat" медиахолдингі
Яндекс.Метрика
// SMI24 виджет setTimeout(function() { if (typeof Smi24 !== 'undefined') { Smi24.init('[data-smi-widget-id="130"]'); } }, 1500);