AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Барлығы
    • Ресми бөлім
    • Спорт
    • Керек кеңес
    • Медицина
    • Білім және ғылым
    • Заң мен тəртіп
    • Оқиға
    • Не? Қайда? Қашан?
    • Эксклюзив
    • Алматы көшелері
    • Жолдау
    • Келешек мектептері
  • Жаңа Конституция
Қазақ Qazaq قازاق Русский
Қазақ Qazaq قازاق Русский
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Барлығы
    • • Ресми бөлім
    • • Спорт
    • • Керек кеңес
    • • Медицина
    • • Білім және ғылым
    • • Заң мен тəртіп
    • • Оқиға
    • • Не? Қайда? Қашан?
    • • Эксклюзив
    • • Алматы көшелері
    • • Жолдау
    • • Келешек мектептері
  • Жаңа Конституция
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

💱 Валюта бағамы:

Басты бет / Билік / Сауда және интеграция бірінші вице-министрі тағайы...

Сауда және интеграция бірінші вице-министрі тағайындалды

Билік 11.10.2022, 14:30 1,325 Almaty-akshamy
Сауда және интеграция бірінші вице-министрі тағайындалды
Сурет: t.me/KZgovernment

Үкіметтің қаулысымен Шаққалиев Арман Абайұлы Қазақстан Республикасының сауда және интеграция бірінші вице-министрі қызметіне тағайындалды. Бұл туралы Премьер-Министрдің баспасөз қызметі мәлімдеді, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz.
Арман Шаққалиев 1977 жылы Қарағанды облысының Балқаш қаласында дүниеге келген.
Л.Гумилев атындағы Еуразия университетін, Е.Бөкетов атындағы Қарағанды мемлекеттік университетін, М.Дулатов атындағы Қостанай инженерлік-экономикалық университетін бітірген.
Еңбек жолын Астана қаласы және Ақмола облысы бойынша «Кәсіпорындарды қайта ұйымдастыру және тарату агенттігі» ААҚ заң кеңесшісі болып бастаған.
2001-2002 жылдары – Мемлекеттік материалдық резервтер жөніндегі агенттіктің бас маманы, бөлім бастығы.
2002-2004 жылдары – Мемлекеттік кіріс министрлігі Дәрменсіз борышкерлермен жұмыс жөніндегі комитеттің дәрменсіз кәсіпорындарды талдау және мониторингілеу басқармасының басшысы.
2004-2006 жылдары – «Қазақстан метрология институты» РМК директоры.
2006-2007 жылдары – Дәрменсіз борышкерлермен жұмыс жөніндегі комитет төрағасының орынбасары.
2007-2008 жылдары Қаржы, Экономика және Бюджеттік жоспарлау министрліктерінің, «ҚазАгро» холдингі құрылымдарында басшылық лауазымдарда жұмыс істеді.
2008-2016 жылдары — «Қазақстан стандарттау және метрология институты» республикалық мемлекеттік кәсіпорнының директоры.
2016-2018 жылдары – Еуразиялық экономикалық комиссияның Техникалық реттеу және аккредиттеу департаментінің директоры.
2018-2019 жылдары – Инвестициялар және даму министрлігінің Техникалық реттеу және метрология комитетінің төрағасы.
2019-2020 жылдары Сауда және интеграция министрлігі Техникалық реттеу және метрология комитетінің төрағасы қызметін атқарды.
2020 жылдың қараша айынан бастап қазіргі уақытқа дейін Мәскеу қаласы Еуразиялық экономикалық комиссияның Бәсекелестік және монополияға қарсы реттеу жөніндегі алқа мүшесі (министр) болды.
Бұрын осы лауазымды атқарған Баттақов Ерлан Еркінұлы басқа жұмысқа ауысуына байланысты қызметтен босатылды.

Телеграм арнаға жазылыңыз
#Сауда және интеграция #вице-министр #тағайындау
Бөлісу:
Жүктелуде...

Соңғы жаңалықтар

Асанәлі Әшімов театрында «Мұғалім» драмасының премьерасы өтеді

Бүгін 15:55

Қазақстан өңірлер экономикасын қалай дамытып жатыр?

Бүгін 15:24

Алматыдағы «Жан-Сая» дағдарыс орталығында 3,4 мыңнан астам адам көмек алды

Бүгін 14:38

Алматыда пәтер ұрлығы азайды

Бүгін 12:25

Алматы полициясы жүк тасымалына бақылауды күшейтті

Бүгін 11:12
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Alatau Aqparat" медиахолдингі

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Жазылу
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
Copyright 2026, "Alatau Aqparat" медиахолдингі
Яндекс.Метрика
// SMI24 виджет setTimeout(function() { if (typeof Smi24 !== 'undefined') { Smi24.init('[data-smi-widget-id="130"]'); } }, 1500);