AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Құрылтай
  • Барлығы
    • Ресми бөлім
    • Спорт
    • Керек кеңес
    • Медицина
    • Білім және ғылым
    • Заң мен тəртіп
    • Оқиға
    • Не? Қайда? Қашан?
    • Эксклюзив
    • Алматы көшелері
    • Жолдау
    • Келешек мектептері
    • Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес
  • Жаңа Конституция
Қазақ Qazaq قازاق Русский
Қазақ Qazaq قازاق Русский
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Құрылтай
  • Барлығы
    • • Ресми бөлім
    • • Спорт
    • • Керек кеңес
    • • Медицина
    • • Білім және ғылым
    • • Заң мен тəртіп
    • • Оқиға
    • • Не? Қайда? Қашан?
    • • Эксклюзив
    • • Алматы көшелері
    • • Жолдау
    • • Келешек мектептері
    • • Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес
  • Жаңа Конституция
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

💱 Валюта бағамы:

Басты бет / Әлеумет / Сауд Арабиясы Қазақстаннан 3 мың адамға қажылық па...

Сауд Арабиясы Қазақстаннан 3 мың адамға қажылық парызды өтеуге рұқсат берді

Әлеумет 12.05.2022, 04:29 1,122
Сауд Арабиясы Қазақстаннан 3 мың адамға қажылық парызды өтеуге рұқсат берді
Сурет: Kazislam.kz

Қазақстандық қажыларға барынша қолдау көрсетіледі.


Биыл Қазақстаннан қажылық парызды өтеуге 3 мың адамға рұқсат берілді. Осындай келісім Сауд Арабиясы Корольдігінде (САК) Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының төрағасы, бас мүфти Наурызбай қажы Тағанұлының Қажылық және ұмра министрі Тауфик ибн Фаузан ар-Рабиамен кездесуінде жасалды, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz ҚазАқпаратқа сілтеме жасап.


Кездесуде биылғы қажылықты ұйымдастыру мәселелері сөз болды.


Наурызбай қажы қазақстандық қажыларға барынша қолайлы жағдай жасау бойынша өз ұсынысын жеткізді. Оның ішінде ең маңыздысы қажыларды жеткізетін әуе тасымалының тиімді бағада болуы турасында келіссөздер жүргізілді. Өйткені чартерлік әуе рейстерінің бағасы қазақстандықтар үшін қымбатқа соғуда.


Өз кезегінде Тауфик ибн Фаузан ар-Рабиа қазақстандық қажыларға барынша қолдау көрсететінін айтты.


Екіжақты кездесу барысында биыл Қазақстаннан 3 мың адам қажылық парызын өтейтіні туралы келісілді.


Сауд Арабиясы тарапы Қазақстанға берілген ресми 3 мың орыннан тыс, қажылық маусымда елге кіруге ешкімге жол берілмейтінін ашып айтты.


Бұдан бөлек, Қазақстанның бас мүфтиі Дүниежүзілік ислам лигасының бас хатшысы шейх, доктор Мұхаммед ибн Абдулкарим әл-Иссамен кездескен.


Н.Тағанұлы Дүниежүзілік ислам лигасының бас хатшысын Қазақстанға сапармен шақырды.



«Дүниежүзілік ислам лигасы Қазақстанда өтетін Әлемдік және дәстүрлі діндер лидерлерінің съезін, біздің ортақ бастамаларымызды қолдап келеді. Өзіңізді қыркүйек айында Қазақстан астанасында өтетін Әлемдік және дәстүрлі діндер лидерлерінің VII съезіне қатысу үшін арнайы шақырамыз. Біздің мақсатымыз тәуелсіздік алған тұстан бері бейбітшілікті ұстану, әлемде болып жатқан жанжал, дінаралық қақтығыстардың алдын алу. Осы ретте лиганың атқарып отырған жұмысы орасан зор», - деді бас мүфти.



ҚМДБ баспасөз қызметінің мәліметінше, кездесу соңында бас хатшы Қазақстанға шақыруды қабыл алғанын және бұл шара жоспарында бар екенін жеткізді.

Телеграм арнаға жазылыңыз
#қажылық #Қазақстан #САК
Бөлісу:
Жүктелуде...

Соңғы жаңалықтар

«Әзірет Сұлтан» музейі Ясауи тағылымын анимация арқылы танытты

Бүгін 17:15

Алматыда 1,2 тоннаға жуық мерзімі өткен дәрі-дәрмек жиналып, қауіпсіз жолмен жойылды

Бүгін 16:24

Қазақстан Халық Кеңесі Батыс Қазақстан облысында  «Жаңа қоғамдық этика: мәдениет, әдеп, әдет» республикалық форумын өткізді

Бүгін 15:53

Алматыда туризмді дамытуға қосқан үлесі үшін ICONIC Tourism Award сыйлығы алғаш рет табысталады

Бүгін 14:45

Алматы тұрғындары: үйің жаңарса, өзің де жаңарғандай боласың

Бүгін 14:41
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Alatau Aqparat" медиахолдингі

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Жазылу
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
Copyright 2026, "Alatau Aqparat" медиахолдингі
Яндекс.Метрика
// SMI24 виджет setTimeout(function() { if (typeof Smi24 !== 'undefined') { Smi24.init('[data-smi-widget-id="130"]'); } }, 1500);