Freedom Референдум
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Алматы
    • Ресми бөлім
    • Спорт
    • Керек кеңес
    • Медицина
    • Білім және ғылым
    • Заң мен тəртіп
    • Оқиға
    • Не? Қайда? Қашан?
    • Эксклюзив
    • Алматы көшелері
  • 📰 Газет
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Алматы
    • • Ресми бөлім
    • • Спорт
    • • Керек кеңес
    • • Медицина
    • • Білім және ғылым
    • • Заң мен тəртіп
    • • Оқиға
    • • Не? Қайда? Қашан?
    • • Эксклюзив
    • • Алматы көшелері
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

Басты бет / Әлеумет / Саты - үздік туристік ауыл

Саты - үздік туристік ауыл

Әлеумет 20.10.2023, 06:59 1,387
Саты - үздік туристік ауыл
almaty-akshamy.kz

UNWTO Дүниежүзілік туристік ұйымы қазақстандық Саты ауылын үздік туристік ауыл деп таныды. Бас  ассамблеяның Best tourism Villages by UNWTO 2023 салтанатты іс-шарасы көршілес Самарқандта өтті, деп хабарлайды almaty-akshamy.kz


Айта кетейік, UNWTO - ның «Үздік туристік ауылдар» бағдарламасы 2021 жылы іске қосылған. Ол туризмді ауылдық аумақтардың дамуы мен әл-ауқатының қозғаушы күшіне айналдыруға бағытталған.


Саты - «Көлсай көлдері» ұлттық саябағында (Алматы облысы) орналасқан, онда туристік нысандар-аттас көлдер тобы және Қайыңды көлі бар. Қазіргі уақытта Саты - қонақ үйлер саны бойынша көшбасшы, бұл жергілікті тұрғындардың келелі іске белсенді қатысуының нәтижесі.


Сонымен қатар, соңғы 5 жылда мұнда ыңғайлы маршруттар мен серуен жолдары құрылған, төменгі Көлсайға жол салынған. Аудан көлемінде адамдар тоқтап дем алатын көптеген орындықтар, арбалар мен айлақтар бар. Бақылау нүктесінен көл айдынының панорамалық көрінісін тамашалауға болады.




«Қазақстанда Сатының табысты тәжірибесін тарату мақсатында қазақстандық туроператорлар мен басқа өңірлерден келген қонақ үй иелері үшін ақпараттық турлар, оқыту тренингтері мен семинарлар өткізіледі. 2023 жылғы есеп бойынша Сатыда 90 қонақ үй мен 30 орналасу орны жұмыс істейді. Бұл сан  2019 жылмен салыстырғанда екі есе өскен. Жергілікті тұрғындардың көпшілігі туристік бизнеспен айналысады», - деді туризм және спорт вице-министрі Ержан Еркінбаев.



Айта кетейік, 2020 жылы Саты ауылы Lonely Planet халықаралық агенттігінің нұсқасы бойынша жергілікті қауымдастықтарға негізделген туризмнің ең жақсы бағыты ретінде танылып марапатқа ие болған.

Телеграм арнаға жазылыңыз
#саты #көлсай #туризм
Бөлісу:
Жүктелуде...

Соңғы жаңалықтар

Жарты ғасырдан кейінгі жүздесу: Оралда ағайындылар 54 жылдан соң қауышты

Бүгін 09:42

Қазақстандағы орташа зейнетақының жаңа мөлшері белгілі болды

Бүгін 09:33

Үш жеңіс: алматылық жас инженерлер Central Asia FIRST Championship 2026 чемпионатында жоғары нәтиже көрсетті

Бүгін 09:11

Таразда белгісіз ер адамдар 13 жастағы қызды ұрлап әкетпек болған

Бүгін 09:07

Атырауда көлік салығы бойынша 321 млн теңге берешек жиналды

Бүгін 08:53
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
  • alatauaqparat@gmail.com
Copyright 2024, "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті.