ffin.kz
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Қала тынысы
    • Саясат
    • Әлеумет
    • Өмір-өзен
    • Экономика
    • Мәдениет
    • Әлем
  • Freedom
  • Бізді де біле жүріңіз
    • Алматы құшағында
  • dddd
  • Сайлау-2023
  • Тәуелсіздік-30
    • Тәуелсіздік-30
  • Еуро-24
  • Париж-2024
  • 📰 Газет
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Қала тынысы
    • • Саясат
    • • Әлеумет
    • • Өмір-өзен
    • • Экономика
    • • Мәдениет
    • • Әлем
  • Freedom
  • Бізді де біле жүріңіз
    • • Алматы құшағында
  • dddd
  • Сайлау-2023
  • Тәуелсіздік-30
    • • Тәуелсіздік-30
  • Еуро-24
  • Париж-2024
  • АЭС: Референдум
  • Таза Қазақстан
  • Көшпенділер ойыны
  • BRT-Райымбек
  • BRT-Желтоқсан
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

Басты бет / Медицина / Satbayev University қызметкерлерінің 65%-дан астам...

Satbayev University қызметкерлерінің 65%-дан астамы КВИ-ге қарсы вакцина алды

Медицина 07.07.2021, 08:12 1,842
Satbayev University қызметкерлерінің 65%-дан астамы КВИ-ге қарсы вакцина алды
Сурет: Almaty-akshamy.kz
Ал 31 шілдеге дейін вакцина алған Satbayev University-нің  студенттеріне берілетін жүлденің ең жоғарғысы 5 млн. теңгелік грант болып тұр.

Ал 31 шілдеге дейін вакцина алған Satbayev University-нің  студенттеріне берілетін жүлденің ең жоғарғысы 5 млн. теңгелік грант болып тұр.


Сәтбаев университетінің медициналық орталығында №4 және 12 емханалардың дәрігерлері шақырылып, вакцина пункті ұйымдастырылды, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz



Университет соңғы екі ай ішінде қызметкерлер мен студенттерді вакциналау бойынша белсенді жұмыс жүргізіп келеді. Мұнда коронавирус инфекциясына қарсы QAZVAC, CoronaVac, Hayat-Vax пен Спутник V вакциналары бар.


Бүгінде университет қызметкерлерінің 65%-дан астамы және студенттердің 20%-ы коронавирусқа қарсы екпе алды.


ҚР бас санитарлық дәрігерінің еңбек ұжымдарының Сovid-19-ға қарсы міндетті вакцинасы туралы қаулысы шыққаннан кейін университет вакцина алған студенттер мен қызметкерлердің санын арттыру бойынша жұмысты күшейтті.



1 тамызға дейін қызметкерлердің 100% вакцина алуы жоспарлануда. 1 тамыздан бастап университет аумағына кіру медициналық қарсы көрсетілімдері бар вакцинадан өткен қызметкерлер мен білім алушыларға ғана рұқсат етіледі.


Сондай-ақ ҚР бас мемлекеттік санитарлық дәрігерінің қаулысына сәйкес, 2021 жылдың 10 маусымынан бастап Сәтбаев университетінің аумағына Ashyq қосымшасы арқылы кіруге болады. Вакцина алғандар үшін қосымша ынталандыру ретінде ЖОО-да бірқатар жеңілдіктер мен преференциялар қарастырылған.



2021 жылдың 1 мен 31 шілде аралығында  Satbayev University-нің  вакцина алған студенттері арасында мынадай жүлделер беріледі:


- жеке стартап ашуға 5 млн. теңге грант;


- ЖОО жатақханаларында тұру үшін 20 орын;


- елдегі немесе шетелдегі жетекші компанияларда өндірістік практикадан өтуге жұмсалған шығынды толық өтеу құқығы;


- Qoldau бизнеске арналған цифрлық платформасымен бірлесіп, кәсіпкерлік дағдыларды дамыту бойынша 100 курс.


2021-2022 жылдары вакцина алған студенттер:


- қайта курстардан тегін өту және 3 кредитті қайта тапсыру;


- шығармашылық, ғылыми, спорттық іс-шараларға (мейкатондар, хакатондар, турнирлер, концерттер және т. б.) қатысуға мүмкіндік алу;


- академиялық ұтқырлық шеңберінде қосымша білім алу үшін шет елдерге және еліміздің басқа да жоғары оқу орындарына баруға.



Вакцинаға қатысқан қызметкерлер мен ПОҚ үшін 2021 жылғы 1 шілдеден 31 шілдеге дейін мынадай жеңілдіктер беріледі:


- ПОҚ мен қызметкерлер орташа жалақысын сақтай отырып, 2 күнге жұмыстан босатылу құқығына ие болады;


- 10 қызметкер 2021 жылдың соңына дейін ЖОО жатақханаларында тұруға 50% жеңілдік алады;


- 100 қызметкер 5000 теңге көлемінде сыйақы алады.


Еске салсақ, 2021 жылғы 3 шілдедегі мәлімет бойынша, Алматыда 480 мыңнан астам адам вакцина алды.


Қалада медициналық ұйымдарда, мектептерде, мәдениет, спорт нысандарында, базар мен қаланың СОСО-да 211 вакцина пункті жұмыс істейді. 300-ден астам екпе бригадасы қызмет атқарады.

Телеграм арнаға жазылыңыз
Бөлісу:
Жүктелуде...

Көп оқылған

1

30 ЖЫЛДЫҢ 30 ЖЕТІСТІГІ

76,429 қаралым
2

Алматы SOS: коммуналдық қызметшілерге арналған ыстық шай және кондитер өнімдері

43,251 қаралым
3

Отбасы туралы мақал-мәтелдер

39,255 қаралым
4

Жас жеткіншектер - елдің ертеңі!

35,981 қаралым
5

Жастар - елдің болашағы!

34,178 қаралым
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
  • alatauaqparat@gmail.com
Copyright 2024, "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті.