Freedom Референдум
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Алматы
    • Ресми бөлім
    • Спорт
    • Керек кеңес
    • Медицина
    • Білім және ғылым
    • Заң мен тəртіп
    • Оқиға
    • Не? Қайда? Қашан?
    • Эксклюзив
    • Алматы көшелері
  • 📰 Газет
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Алматы
    • • Ресми бөлім
    • • Спорт
    • • Керек кеңес
    • • Медицина
    • • Білім және ғылым
    • • Заң мен тəртіп
    • • Оқиға
    • • Не? Қайда? Қашан?
    • • Эксклюзив
    • • Алматы көшелері
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

Басты бет / Әлеумет / Сарқанның самалы сапалы болып тұр

Сарқанның самалы сапалы болып тұр

Әлеумет 07.02.2023, 11:32 1,742
Сарқанның самалы сапалы болып тұр
Сурет: ашық дереккөз

Жетісудың Сарқан ауданында салынған жел электр станциясы — негізінен жеке қаражат есебінен жүзеге асқан өңірдегі ең ірі жоба. Жалпы қондырғыларды орнату, құрылыс жұмыстарын жасауға 19,4 млрд.теңге қаражат жұмсалған. 


Жетісу облысының Сарқан ауданында қуаттылығы 50 МВт болатын жел электр станциясы іске қосылды, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz ҚазАқпаратқа сілтеме жасап.


Кезең-кезеңімен жоспарланған электр станция құрылысы 2019 жылы басталып, желді аймаққа ең алдымен 6 қондырғы орнатылып, 2022 жылдың қараша айында толығымен аяқталып, өз жұмысын бастады.


Биіктігі 100 метр, айналғыш қанаттары 70 метр болатын мұнараның саны 16. Олардың біреуінің өзі 3,2 МВт өңдеуге қауқарлы.



«Мұндай электр қуатын өңдейтін станса Қапшағай қаласында болса, енді ауданымыздың Лепсі аймағында бар. Бірақ қуаттылығы жағынан басым түспек. Яғни жылына 50 МВт ток көзін өңдемек», - деді Сарқан ауданының әкімі Ғалымжан Қанатұлы.



Лепсі ауылынан 80 км қашықтықта орналасқан станция - кең жазықта орналасқан желді аймақ. Желдің өтінде орналасқан жазық мекен болғандықтан, мұндай жарық қуатын өңдейтін мұнаралар жыл бойы жарық қуатын өңдей алмақ.


Осындай ірі әрі тиімді жобалардың арқасында ауданға инвестиция тартылып, жаңа жұмыс орындары ашылып өңіріміздің одан әрі дамуына өз септігін тигізеді деген сөз.


Сонымен қатар, Сарқан ауданы электр қуатын өндіруде басқа аудандардан қарағанда басым түсіп келе жатқандығы баршаға аян. Өңірде 5 су электр станциясын салу жоспарланған болса, қазіргі таңда оның үшеуі үздіксіз жұмыс жасап тұр. Қалған екі электр станцияларының құрылыс жұмыстары жалғасып жатыр.


Айта кету керек, өткен жылдың қараша айынан бері жел электр станциялары 23,767 мың болатын КВт сағат өңдеген.

Телеграм арнаға жазылыңыз
#жел #электр #Сарқан
Бөлісу:
Жүктелуде...

Соңғы жаңалықтар

Алматы депутаттары нақтыланған бюджетті қолдады

Бүгін 17:45

Антиқоғамдық әрекеттер жасалған: Алматыда түнгі клуб жабылды

Бүгін 17:42

Өмірді жинақтаушы сақтандыру: ол қалай жұмыс істейді және не үшін қажет?

Бүгін 17:41

Алматы жаңа IT-көшбасшылар буынын қалыптастырып жатыр: BilimHack–2026

Бүгін 17:25

Ауа райы болжамы: елордада аяз, Алматыда күн жылынады

Бүгін 17:16
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
  • alatauaqparat@gmail.com
Copyright 2024, "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті.