Freedom Референдум
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Алматы
    • Ресми бөлім
    • Спорт
    • Керек кеңес
    • Медицина
    • Білім және ғылым
    • Заң мен тəртіп
    • Оқиға
    • Не? Қайда? Қашан?
    • Эксклюзив
    • Алматы көшелері
  • 📰 Газет
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Алматы
    • • Ресми бөлім
    • • Спорт
    • • Керек кеңес
    • • Медицина
    • • Білім және ғылым
    • • Заң мен тəртіп
    • • Оқиға
    • • Не? Қайда? Қашан?
    • • Эксклюзив
    • • Алматы көшелері
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

Басты бет / Әлеумет / Сарбаздарға саумал мен жылқы еті берілу керек

Сарбаздарға саумал мен жылқы еті берілу керек

Әлеумет 24.06.2024, 13:40 691
Сарбаздарға саумал мен жылқы еті берілу керек
Сурет: Almaty-akshamy.kz

Бие сүтін өңдейтін зауыттарды жылқы көп шоғырланған өңірлерде ашу керек. Бұл туралы Парламент Мәжілісінде мал шаруашылығы өнімдерін терең өңдеу тақырыбына арналған Үкімет сағатында депутат Аманжол Әлтай айтты, деп хабарлайды аlmaty-akshamy.kz.

«Жылқы сүтін тереңдетіп өңдеу арқылы қазақ халқының ұлттық брендіне айналдыру мүмкіндігіміз бар. Жылқы сүтін өңдейтін зауыттар салу жоспарда бар ма? Сүт өңдейтін зауытты жылқы көп шоғырланған Ұлытау, Абай облысы секілді өңірлерде ашқан жөн болады. Бие сүтінің Германияда, Францияда, Қытай елдерінде сұранысы жоғары. Қорғаныс министрлігі сарбаздарымызды бие сүтімен және жылқы еті өнімдерімен тамақтандыру мәселесіне басқа министрлікпен бірлесе мән бергені абзал», - деді А. Әлтай.

Өз кезегінде Ауыл шаруашылығы министрі Айдарбек Сапаров еліміздің өңірлеріннен бие сүтін өңдейтін кәсіпорын ашуды қарастырып отырғандарға қолдау жасауға дайын екенін айтты.

«Әр облыста бие байлаған адамдар баршылық. Бірақ саумалды өткізу проблемасы бар. Өндірушілер Еуропаға шығара алмай жатқанын айтты. Сонымен қатар, Қытайға өткізуге сұрап жатыр. Атап айтқанда, БАӘ-ге жіберіп жатырмыз. Қытай бағытында шектеуді алып тастадық, қазір реестрге енгізу жұмыстарын атқарып отырмыз. Егер сұраныс болса, зауыт салуды жоспарлаған адамдар бар», - деді министр.

Телеграм арнаға жазылыңыз
#саумалы #жылқы еті #азық #сарбаз #әскер
Бөлісу:
Жүктелуде...

Соңғы жаңалықтар

Жарты ғасырдан кейінгі жүздесу: Оралда ағайындылар 54 жылдан соң қауышты

Бүгін 09:42

Қазақстандағы орташа зейнетақының жаңа мөлшері белгілі болды

Бүгін 09:33

Үш жеңіс: алматылық жас инженерлер Central Asia FIRST Championship 2026 чемпионатында жоғары нәтиже көрсетті

Бүгін 09:11

Таразда белгісіз ер адамдар 13 жастағы қызды ұрлап әкетпек болған

Бүгін 09:07

Атырауда көлік салығы бойынша 321 млн теңге берешек жиналды

Бүгін 08:53
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
  • alatauaqparat@gmail.com
Copyright 2024, "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті.