AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Құрылтай
  • Барлығы
    • Ресми бөлім
    • Спорт
    • Керек кеңес
    • Медицина
    • Білім және ғылым
    • Заң мен тəртіп
    • Оқиға
    • Не? Қайда? Қашан?
    • Эксклюзив
    • Алматы көшелері
    • Жолдау
    • Келешек мектептері
    • Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес
  • Жаңа Конституция
Қазақ Qazaq قازاق Русский
Қазақ Qazaq قازاق Русский
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Құрылтай
  • Барлығы
    • • Ресми бөлім
    • • Спорт
    • • Керек кеңес
    • • Медицина
    • • Білім және ғылым
    • • Заң мен тəртіп
    • • Оқиға
    • • Не? Қайда? Қашан?
    • • Эксклюзив
    • • Алматы көшелері
    • • Жолдау
    • • Келешек мектептері
    • • Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес
  • Жаңа Конституция
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

💱 Валюта бағамы:

Басты бет / Әлеумет / Сарбаздар ҰБТ-сыз оқуға түседі

Сарбаздар ҰБТ-сыз оқуға түседі

Әлеумет 04.11.2024, 11:52 1,275
Сарбаздар ҰБТ-сыз оқуға түседі
Ұлттық ұлан

Ұлттық ұланның Алматы қаласында орналасқан 3650 әскери бөлімінің сарбаздарына еліміздің жоғарғы оқу орындарына түсуге арналған тегін білім гранттарының арнайы сертификаты табысталды.

Тегін білім алуға мүмкіндік беретін гранттар жауынгерлік қызмет және жауынгерлік дайындық барысында ерекше көзге түскен сарбаздарға берілген.

– Ұлттық ұланның 3650 әскери бөлімінде әр ер азаматтың міндеті болылып табылатын Отан алдындағы парызымды атқарып жүрмін. Әскерге келіп, армандаған жоғарғы оқу орнына түсуге мүмкіндік алып отырмын. Болашағыма жол ашқан, Отан қорғаушы ретінде қалыптасуыма көмектесіп, тәжірибесімен бөліскен командирлеріме ерекше алғыс білдіремін, – дейді грант иегері Төленді Қалмұхамбет.

Ол еліміздегі беделді оқу ордасының бірі – әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетіне оқуға түсуді жоспарлап отыр. Айта кетейік, мұндай грантқа қол жеткізген сарбаздар енді еліміздегі таңдаулы оқу орындарына ұлттық бірыңғай тестілеуден өтпей-ақ түсе алады.

– Жас сарбаз әскер қатарына келгенде өзінің қай оқу орнына түскісі келетінін көрсетіп баянат жазады. Біз оны «Срочник 2.0» цифрлық платформада көрсетеміз. Бұл сертификат нақты мамандыққа берілмейді. Ертең үйіне жеткеннен кейін қандай мамандық бар, өздері таңдау жасайды. Шектеу жоқ, – дейді бөлім командирінің тәрбие және әлеуметтік-құқықтық жұмыстар жөніндегі орынбасары подполковник Фахритдин Абдрахманов. 

Сарбаздарға берілетін сертификат екі жылға дейін жарамды. Осы уақыт ішінде талапкер таңдаған жоғарғы оқу орнына барып тіркелуі тиіс. Оларға шәкіртақы төленіп, жатақханадан орын да беріледі.

Телеграм арнаға жазылыңыз
#Ұлттық ұлан #сарбаз #грант
Бөлісу:
Жүктелуде...

Соңғы жаңалықтар

Алматы қаласындағы Almaty Theatre сахнасында «Cinema Hits» концерттік жобасы өтті

Бүгін 19:04

«Әзірет Сұлтан» музейі Ясауи тағылымын анимация арқылы танытты

Бүгін 17:15

Алматыда 1,2 тоннаға жуық мерзімі өткен дәрі-дәрмек жиналып, қауіпсіз жолмен жойылды

Бүгін 16:24

Қазақстан Халық Кеңесі Батыс Қазақстан облысында  «Жаңа қоғамдық этика: мәдениет, әдеп, әдет» республикалық форумын өткізді

Бүгін 15:53

Алматыда туризмді дамытуға қосқан үлесі үшін ICONIC Tourism Award сыйлығы алғаш рет табысталады

Бүгін 14:45
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Alatau Aqparat" медиахолдингі

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Жазылу
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
Copyright 2026, "Alatau Aqparat" медиахолдингі
Яндекс.Метрика
// SMI24 виджет setTimeout(function() { if (typeof Smi24 !== 'undefined') { Smi24.init('[data-smi-widget-id="130"]'); } }, 1500);