AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Барлығы
    • Ресми бөлім
    • Спорт
    • Керек кеңес
    • Медицина
    • Білім және ғылым
    • Заң мен тəртіп
    • Оқиға
    • Не? Қайда? Қашан?
    • Эксклюзив
    • Алматы көшелері
    • Жолдау
    • Келешек мектептері
  • Жаңа Конституция
Қазақ Qazaq قازاق Русский
Қазақ Qazaq قازاق Русский
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Барлығы
    • • Ресми бөлім
    • • Спорт
    • • Керек кеңес
    • • Медицина
    • • Білім және ғылым
    • • Заң мен тəртіп
    • • Оқиға
    • • Не? Қайда? Қашан?
    • • Эксклюзив
    • • Алматы көшелері
    • • Жолдау
    • • Келешек мектептері
  • Жаңа Конституция
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

💱 Валюта бағамы:

Басты бет / Оқиға / Сақ жауынгері жерленген қорған табылды

Сақ жауынгері жерленген қорған табылды

Оқиға 29.08.2022, 09:00 1,403
Сақ жауынгері жерленген қорған табылды
Сурет: Inform.kz

Ақмола облысында ерте темір дәуірі кезеңіндегі сақ жауынгері жерленген қорым, әшекей бұйымдар мен қару-жарақтар табылды, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz Inform.kz-ке сілтеме жасап.




«Облыстық Тарихи-мәдени мұраны қорғау және пайдалану орталығының мамандары Бурабай ауданындағы Құмдыкөл (Златополье) ауылының аумағында «РегионДорСтрой» ЖШС-ға бөлінген жер учаскелеріне зерттеу жұмыстарын жүргізу барысында ерте темір дәуірі мен ортағасырлық кезеңдерге жататын «Құмдыкөл» (Златополье ауылы) және «Жаңажол» археологиялық ескерткіштерін тапты.


Сонымен қатар барлау жұмыстары барысында ауыл тұрғындары Жаңажол ауылы маңындағы орман ішінде орналасқан қорғанның орнын көрсетті. Қорғанды зерттеу барысында суырдың інінен көне жебенің ұштары табылды», - деді ведомстводан.



Мәдениет басқармасынан атап өткендей, осындай көне археологиялық қорғандар анықталған кезде Тарихи-мәдени мұраны қорғау және пайдалану орталығының жарғысына сәйкес археологиялық қорғау-құтқару жұмыстары жүргізіледі. Себебі жер астындағы өзге де құнды жәдігерлер табиғи және антропогендік факторлардың әсерінен жойылып кетуі ықтимал. Сондықтан «Жаңажол» қорғанына археологиялық зерттеу жүргізілді.




«Зерттеу барысында қорғанның жерлеу шұңқырынан ерте темір дәуіріне қатысты – сақ жауынгері анықталды. Адаммен бірге жерленген бірнеше жәдігер табылды, олардың ішінде: жылқы малының ауыздығы мен жүгеннің әшекей бұйымдары (құстың басы мен күн құдайының белгісі бар дөңгелек жапсырмалар), қанжар-пышақ, тасқайрақ, 10 дана сақ-скифтік үлгідегі жебенің ұштары және қысқа акинак-қылыш табылды», - деп толықтырды басқармадан.




Табылған жәдігерлер зерттеліп болған соң Ақмола облыстық тарихи-өлкетану музейінің экспозицияларынан орын тауып, музей қорын толықтыратын болады.



Телеграм арнаға жазылыңыз
#Сақ жауынгері #қорым #бұйымдар
Бөлісу:
Жүктелуде...

Соңғы жаңалықтар

Қазақстанда 2029 жылға дейінгі «Digital Qazaqstan» Жалпыұлттық стратегиясы қабылданды

Бүгін 19:12

Алматылықтар 36 литрден астам қан тапсырды

Бүгін 18:39

Алматы түркі әлемін біріктіреді: Түркияның жастар делегациясы оңтүстік астанаға келді

Бүгін 18:34

Алматы мәслихатының депутаттары 2025 жылғы бюджеттің атқарылуын қарап, 2026–2028 жылдарға арналған бюджетті нақтылауды қолдады

Бүгін 18:30

Алматыда ірі инфрақұрылымдық және әлеуметтік жобалар жүзеге асырылып келеді

Бүгін 17:57
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Alatau Aqparat" медиахолдингі

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Жазылу
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
Copyright 2026, "Alatau Aqparat" медиахолдингі
Яндекс.Метрика
// SMI24 виджет setTimeout(function() { if (typeof Smi24 !== 'undefined') { Smi24.init('[data-smi-widget-id="130"]'); } }, 1500);