AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Барлығы
    • Ресми бөлім
    • Спорт
    • Керек кеңес
    • Медицина
    • Білім және ғылым
    • Заң мен тəртіп
    • Оқиға
    • Не? Қайда? Қашан?
    • Эксклюзив
    • Алматы көшелері
    • Жолдау
    • Келешек мектептері
  • Жаңа Конституция
Қазақ Qazaq قازاق Русский
Қазақ Qazaq قازاق Русский
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Барлығы
    • • Ресми бөлім
    • • Спорт
    • • Керек кеңес
    • • Медицина
    • • Білім және ғылым
    • • Заң мен тəртіп
    • • Оқиға
    • • Не? Қайда? Қашан?
    • • Эксклюзив
    • • Алматы көшелері
    • • Жолдау
    • • Келешек мектептері
  • Жаңа Конституция
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

💱 Валюта бағамы:

Басты бет / Әлеумет / Сапасыз өнім: Қазақстандықтар бес күнде 36 млн тең...

Сапасыз өнім: Қазақстандықтар бес күнде 36 млн теңгесін қайтарып алды

Әлеумет 07.11.2022, 15:25 1,153 Almaty-akshamy
Сапасыз өнім: Қазақстандықтар бес күнде 36 млн теңгесін қайтарып алды
Сурет: Ашық дереккөз

Автосалон ер азаматқа 18 млн теңгеден астам сомаға сапасыз автокөлік сатқан


31 қазан мен 4 қараша аралығында құқығы бұзылған сатып алушыларға жалпы сомасы 36 млн теңге қайтарылды. Бұл туралы Almaty-akshamy.kz Сауда және интеграция министрлігінің Тұтынушылардың құқығын қорғау комитетіне сілтеме жасап хабарлайды.


5 күн ішінде комитет пен оның өңірлік департаменттеріне тұтынушылар тарапынан 608 өтініш түскен.



«331 тұтынушыға (өтініштердің 54%) құқықтық көмек көрсетілді, 274 шағым (45%) қанағаттандырылды, 87 өтініш құзыретіне сәйкес мемлекеттік органдарға жіберілді. Сондай-ақ бір аптаның ішінде сотқа 1 талап қойылды, 1 ескерту шығарылды. Ал 4 жағдай татуласумен шешілді», - делінген комитет таратқан хабарламада.



Құзырлы орган дерегінше, елордалық тұрғын салынған сапасыз баспанаға қатысты шағым түсірген. Кейін тұтынушы талабына сай тиісті департамент сотқа шағым жолдаған. Нәтижесінде тұрғын үйді салу барысында кемшілік жіберген мердігер олқылықтарды жойған. Ведомство дерегінше, шығын сомасы 10 млн теңгеге бағаланған.


Сонымен қатар Батыс Қазақстан облысы тұрғынның шағымынан кейін оған 18 млн теңгеден астам қаражат қайтарылған.



«Автосалон ер азаматқа 18 млн теңгеден астам сомаға сапасыз автокөлік сатқан. Сонымен қатар олар клиентке 300 мың теңгеге қосымша жабдық сатып алу талабын қойған. Ол аумақтық департаментке шағым түсіргеннен кейін автокөлігі тиісті сападағы көлікке ауыстырылды, қосымша жабдық үшін төленген барлық қаражат қайтарылды», - деп мәлім етті комитеттен.



Бұдан өзге, Ақмола, Маңғыстау және Шығыс Қазақстан облыстарының тұрғындары «Wildberries» интернет-дүкенінен сапасыз тауарлар алып, оны кері қайтара алмаған. Бұл іске Тұтынушылардың құқығын қорғау комитеті араласып, кейін тұрғындарға жалпы сомасы 330 мың теңгеден астам шығыны өтелген.

Телеграм арнаға жазылыңыз
#Сапа #өнім
Бөлісу:
Жүктелуде...

Соңғы жаңалықтар

Қазақстан өңірлер экономикасын қалай дамытып жатыр?

Бүгін 15:24

Алматыдағы «Жан-Сая» дағдарыс орталығында 3,4 мыңнан астам адам көмек алды

Бүгін 14:38

Алматыда пәтер ұрлығы азайды

Бүгін 12:25

Алматы полициясы жүк тасымалына бақылауды күшейтті

Бүгін 11:12

Алматыға әлемге әйгілі Cirque du Soleil труппасы келді

Бүгін 11:08
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Alatau Aqparat" медиахолдингі

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Жазылу
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
Copyright 2026, "Alatau Aqparat" медиахолдингі
Яндекс.Метрика
// SMI24 виджет setTimeout(function() { if (typeof Smi24 !== 'undefined') { Smi24.init('[data-smi-widget-id="130"]'); } }, 1500);