Freedom Референдум
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Алматы
    • Ресми бөлім
    • Спорт
    • Керек кеңес
    • Медицина
    • Білім және ғылым
    • Заң мен тəртіп
    • Оқиға
    • Не? Қайда? Қашан?
    • Эксклюзив
    • Алматы көшелері
  • 📰 Газет
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Алматы
    • • Ресми бөлім
    • • Спорт
    • • Керек кеңес
    • • Медицина
    • • Білім және ғылым
    • • Заң мен тəртіп
    • • Оқиға
    • • Не? Қайда? Қашан?
    • • Эксклюзив
    • • Алматы көшелері
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

Басты бет / Әлеумет / Сапардағы серпіліс

Сапардағы серпіліс

Әлеумет 31.12.2024, 13:17 745
Сапардағы серпіліс
Самат Серікбайұлы

«Almaty aqshamу» жолаушылардың сенімді серігіне айналды

Пойыз бастығы Оспанов Бекзат бұл бастама жайлы өз пікірін былай жеткізді:

«Осы жылдан бастап біздің вагондарға газеттер жеткізіле бастады. Бұл бастама жолаушылар арасында ерекше қолдау тапты. Себебі, жолда газет оқуды ұнататындар өте көп. Кейбір кездері жолаушылар қосымша газеттер сұратып жатады. Газет оқу адамның рухани дамуына әсер етеді деп ойлаймын. Әсіресе, қаладағы жаңалықтардан хабардар болып отыру үшін бұл өте пайдалы. Газеттегі ақпараттардың шынайылығына сенімім мол, сондықтан оны оқитын жолаушылар санының өсуі бізді қуантады».

Әйелдер вагонының жолсерігі Ходжабай Санияның айтуынша, егде жастағы жолаушылар газеттерге ерекше қызығушылық танытады:

«Мен осы салада сегіз жылдан бері жұмыс істеп келемін. Соңғы екі жылда әйелдер вагонында қызмет етудемін. Бұл вагондарда көбінесе егде жастағы аналарымыз сапарға шығады. Олардың газет оқып, белгілі бір тақырыптарда өзара талқылау жүргізгенін жиі байқаймын. Жолда интернеттің тұрақсыздығы газет оқуға уақыт бөлуге себеп болып отыр. Бұл бастама біз үшін де, жолаушылар үшін де пайдалы».

Жастар арасында да газет оқуға деген қызығушылық жоғары. Студент Топпыш Зарина озінің осы бастамаға оң көзқарасын білдірді:

«Студент болғандықтан пойызбен жиі жүремін. Мен жаңалықтарды әлеуметтік желіден де, газеттен де бақылап отырамын. «Almaty aqshamу» газеті оқу орындарынан бастап, пойыздарға дейін жиі кездеседі. Әсіресе, мәдени және спорттық шаралар туралы жаңалықтарды оқығанды ұнатамын. Газет тұрғындарга өз қаласы жайлы маңызды ақпараттарды дер кезінде алуға мүмкіндік беретін құрал. Пойызда газеттердің болуы жолаушыларға ой түйіп, уақытты пайдалы өткізуге тамаша жағдай жасайды».

Газет окуга деген сүйіспеншілік үлкен жастағы жолаушылар арасында ерекше байқалады. Зейнеткер Азима Жамашева пікірі де мұны дәлелдей түседі:

«Мен пойызбен жиі қатынаймын, көбінесе ұзақ жолдарда газет оқығанды жақсы көремін. Бұрын да «Almaty aqshamy» газетін үнемі алатынмын, енді оны вагондарда таратып жатқанына ерекше қуанамын. Газет арқылы қаладағы маңызды оқиғалардан хабардар болып отырамын. Жолда газет оқу уақыт өткізу ғана емес, сондай-ақ пайдалы ақпарат алудың тамаша жолы деп білемін. Әсіресе, жастардың газетке қызығушылық танытып жатқаны қуантарлық жайт».

Жолаушылар арасында газеттің маңыздылығын ерекше атап өтетіндер коп. Олар үшін газет тек жаңалық көзі гана емес, сондай-ақ, білім мен рухани байлыққа апаратын жол. Бұл бастама Алматының тұрғындары мен қонақтарына қаланың тыныс-тіршілігінен хабардар болуға мүмкіндік беріп, ақпараттық қолжетімділікті арттыруда. «Жолаушылар тасымалы» АҚ-ға серіктестік үшін алғысымызды білдіреміз. Бірлесе отырып, біз жолаушыларға ыңғайлы жағдай жасап, олардың сапарларын қызықты әрі пайдалы етуге үлес қосып жатырмыз.

 

Телеграм арнаға жазылыңыз
#газет #Оқырман #пойыз
Бөлісу:
Жүктелуде...

Соңғы жаңалықтар

Алматылық психолог ҰБТ алдында сабыр сақтаудың жолын айтты

Бүгін 11:48

2026 жылғы қаңтардағы ҰБТ-ның қорытындысы шықты

Бүгін 11:44

Алматыда Халықаралық журналистика бойынша қысқы мектеп өтіп жатыр

Бүгін 11:42

Алматыда жастар саясаты бойынша 2025 жылдың жұмыс қорытындысы шығарылды

Бүгін 11:18

Жаркентте төрт жасар ұлын аяусыз соққыға жыққан әйелге үкім шықты

Бүгін 11:14
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
  • alatauaqparat@gmail.com
Copyright 2024, "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті.