Freedom Референдум
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Алматы
    • Ресми бөлім
    • Спорт
    • Керек кеңес
    • Медицина
    • Білім және ғылым
    • Заң мен тəртіп
    • Оқиға
    • Не? Қайда? Қашан?
    • Эксклюзив
    • Алматы көшелері
  • 📰 Газет
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Алматы
    • • Ресми бөлім
    • • Спорт
    • • Керек кеңес
    • • Медицина
    • • Білім және ғылым
    • • Заң мен тəртіп
    • • Оқиға
    • • Не? Қайда? Қашан?
    • • Эксклюзив
    • • Алматы көшелері
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

Басты бет / Әлеумет / Сапалы сумен  ету басты міндет болып қала береді

Сапалы сумен  ету басты міндет болып қала береді

Әлеумет 09.02.2024, 02:47 960
Сапалы сумен  ету басты міндет болып қала береді
almaty-akshamy.kz

Ең маңызды мәселелердің бірі сапалы сумен қамту және канализация жүйесімен қамтамасыз ету басты міндет болып қала береді. Бұл туралы Алматы қаласы Е.Досаев Медеу ауданында халықпен кездесуде айтты, деп хабарлайды almaty-akshamy.kz


Мемлекет басшысының тапсырмасына сәйкес Каменское плато, Көлсай, Мұзтау және Юбилейный шағын аудандарының тұрғындарын сумен тұрақты қамтамасыз ету үшін төтенше жағдайлар желісі бойынша 7,3 мың м3 суға арналған 7 резервуар салынды. Сондай-ақ күніне 15,7 м3 су өткізетін 6 скважина салынды және реконструкцияланды.


Бүгінгі күні, іске қосу-реттеу жұмыстары жүргізілуде, осы жылдың наурыз айында нысандар толыққанды іске қосылады.


Децентрализация асында Медеу ауданының әкімдігі 2023 жылдан бастап 276,5 км сумен қамту және канализация тарату желілерін салу жұмыстарын бастады, 2025 жылы аяқталады.


Өткен жылы Халиуллин көшесі мен «Каменское плато» шағын ауданында 13,4 км магистралды желілер салынды.


2024 жылы Кеңсай, Көлсай, Компот, және Думан шағын аудандарында 65,7 км желінің құрылысы аяқталады.


Бұдан басқа, 2024 жылы Мұзтау, Каменское плато, Асқартау, Шағын станица, Атырау және Сұлусай шағын аудандарында 145,7 км тарату желілерінің құрылысы басталып, 2025 жылы аяқталады.


Сондай-ақ, 2024 жылдың 3-тоқсанында Таулы қырат, Алатау және Юбилейный шағын аудандарында 51,7 км тарату желілері салынады


Осылайша, 2025 жылдың соңына қарай ауданның оңтүстік және шығыс бөліктеріндегі 64,3 мың тұрғынды сумен және канализациямен  қамтамасыз етуге қатысты проблемаларды шешеміз.



  • Өткен жазда, аптап ыстыққа байланысты Медеу ауданның жоғары бөлігін сумен қамтамасыз етуде қиындықтар туындады. 2023 жылдың шілде айында судың лайлануы нормадан 50 есе асып, су тапшылығы тәулігіне 20 мың м3 құрады.

  • Тапшылықты жою үшін, төтенше жағдайлар шеңберінде қуаты тәулігіне 32 мың м3 резервтік сумен қамту схемасының құрылысы басталды, ол 2024 жылдың маусым айында аяқталады.

  • Судың негізгі көздері - Талғар жер асты сулары  мен сорғы станцияларының қуатын 60%-ке арттыра отырып, 6 жаңа скважина бұрғылау болып табылады.

  • Нәтижесінде Самал, Көктөбе шағын аудандарының  50 мың тұрғыны және Таулы қырат шағын ауданының бір бөлігі үздіксіз сумен қамтамасыз етілетін болады.

  • Думан шағын ауданында халық санының  көбеюіне байланысты, жұмыс істеп тұрған резервуарлардың өткізу қабілеті ауыз су қажеттілігін өтемейді. Жазғы уақытта тәулігіне 2,2 мың текше метр тұтыну тапшылығы байқалады.


Осы мәселені шешу үшін биыл 2 су резервуарын, магистральды су құбырын және 2 сорғы станциясын реконструкциялауды бастаймыз.

Телеграм арнаға жазылыңыз
#Алматы #Медеу #Ауызсу
Бөлісу:
Жүктелуде...

Соңғы жаңалықтар

Атырауда көлік салығы бойынша 321 млн теңге берешек жиналды

Бүгін 08:53

Боран, көктайғақ: сәрсенбіде еліміздің басым бөлігінде ауа райы қандай?

Бүгін 08:39

ҚазҰУ ғалымдары жаңа Конституция жобасын талқылады

Кеше 20:39

Алматыда әйелдер кәсіпкерлігін қолдау жобасының 13-маусымы қорытындыланды

Кеше 19:17

Алматыда алғаш рет әлемдегі ең ірі IT-көрмелердің бірі өтеді

Кеше 17:40
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
  • alatauaqparat@gmail.com
Copyright 2024, "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті.